Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Заттардың табиғаттағы айналымы дегеніміз не?
Тірі организмдер қалай жіктеледі?
Тірі организмнің белгілері дегеніміз не?
Ботаниканың фармация үшін маңызы неде?
Қазақстан Республикасына ботаник ғалымдардың қосқан үлесі?
Тақырыбы №2: Өсімдіктер жасушасының қасиеттері.
Мақсаты: Өсімдік жасушасының қасиеттерін және оның негізгі бөліктерін оқып-білу.
Дәріс тезисі:
Жасуша қасиеттері туралы қазіргі замандағы көзқарастар. Жасушаның құрамдық бөліктері, олардың пішіндері. Протопласт және олардың туындылары туралы түсінік. Протоплазма органеллаларының сипаттамасы. Жасушалық теория.
Вакуольдер, жасуша сөлі. Жасуша сөлінің құрамы және қасиеттері. Вакуольдердің қоректенудегі және зат алмасудағы ролі. Жасуша сөліндегі құрамдық заттарды дәрілік құралдар ретінде қолдану: алкалоидтар, гликозидтер, иілік заттар, витаминдер және басқалар.
Ядро. Физикалық күйі, формасы, жасушада орналасуы. «Ядро» кешенінің органеллаларының сипаттамасы. Ядро мен жасушаның бөліну типтері: амитоз, митоз, мейоз.
Жасуша – осмостық жүйе. Заттардың жасушаға түсуі. Осмостық қысым, тургор, плазмолиз, деплазмолиз. Заттардың жасушаға белсенді және пассивті түсуі.
Жасуша қабыршағы. Алғашқы және екіншілік қабыршақ. Жасуша қабыршағының түрлену өзгерістері және олардың мәні.
Экскреторлық заттар және олардың өсімдік органдарына тасталуы. Оларды дәрілік шикізаттың диагностикасында қолдану.
Қор заттары. Көмірсулардың, ақзаттардың, майлардың өсімдік жасушаларына орналасуы. Оларды дәрілік шикізаттың диагностикасында қолдану.
Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы ортақ белгілер мен айырмашылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |