Мен – тұйғын,
Жүр жайыңа одан да.
Ақын қолданған көркемдік суреттеу тәсілі:
А) кейіптеу;
В) теңеу;
С) метафора;
D) синекдоха;
Е) символ.
29. Өлеңдегі дыбыстар үйлесімін қарастыратын өлеңтану саласы қалай аталады?
А) версификация;
В) фоника;
С) строфика;
D) метрика;
Е) силлабика.
30. Құланнан атты қодықты,
Көлден тартты борықты,
Арада неше қоныпты,
Жетемін деп зорықты..., - деген тармақтардың ұйқасуы:
А) кезекті ұйқас;
В) шалыс ұйқас;
С) аралас ұйқас;
D) шұбыртпалы ұйқас;
Е) егіз ұйқас.
&&&
$$$007-001-007$3.7.7 Емтихан сұрақтары немесе тестілер үлгілері
1. Автордың түпкі ойына сәйкес шығарманың құрылымын айқындап, көркемдік детальдан бастап шығарма атауына дейін қамтитын тақырыптық мазмұнды белгілейтін ұғым қайсы?
А) мазмұн;
В) образ;
С) проблематика;
D) символ;
Е) композиция.
2. Тақырып таңдау мәселесі:
А) қиял-ой жүйріктілігіне байланысты;
В) шеберлікке байланысты;
С) шығармашылық тәжірибе мен дүниетанымға байланысты;
D) мамандық-кәсіпке байланысты;
Е) қоғамдық ортаға байланысты.
3. Субъективті идея деген не?
А) авторлық идея;
В) объективті идея;
С) жалған идея;
D) басты, өзекті идея;
Е) оқырман идеясы.
4. Жазушының шындық өмірден таңдап-талғап алған, өзінің көркем шығармасына арқау ететін өмір құбылысының тобы
А) сюжет;
В) экспозиция;
С) тақырып;
D) идея;
Е) деталь.
5. Жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағыты:
А) тақырып;
В) идея;
С) мазмұн;
D) пішін;
Е) композиция.
6. Шығарма көркемдігінің басты шарты:
А) мазмұн мен пішін бірлігі;
В) типтік бейнелер молдығы;
С) композициялық бүтіндік;
D) стиль айқындығы;
Е) тақырып пен идея бірлігі.
7. Көркем сөз өнерінде ақиқат өмірді танып білу мен сараптаудан, бейнелеуден тұратын тұтастық деп нені танимыз?
А) идея;
В) пішін;
С) композиция;
D) тақырып;
Е) мазмұн.
8. «Әдебиеттің екінші элементі – тақырып» деген сөздің авторы:
А) М.Горький;
В) З.Қабдолов;
С) Ф.Достоевский;
D) А.Байтұрсынов;
Е) Н.Чернышевский.
9. Шығарманың негізгі идеясын ашуда, кейіпкерлерді айшықтауда идеялық көркемдік мән иеленетін тұрмыс тіршілікке қатысты түрлі заттар мен құрал жабдықтардың бейнеленуі қалай аталады?
А) көркемдік ишаралау;
В) интерьер;
С) оқшау эпизодтар;
D) пейзаж;
Е) риторикалық реттеу.
10. Жазушы қаламынан туған өнер туындысы:
А) әдеби шығарма;
В) көркем образ;
С) тақырып;
D) қаламгер;
Е) көркем идея.
11. Көркем туындыдағы бірнеше тақырыптардың тұтас жүйесі қалай аталады?
А) Интерьер;
В) Сюжет;
С) Тематика;
D) Мазмұн;
Е) Проблематика.
12. Шығарма көркемдігінің басты шарты:
А) стиль айқындығы;
В) композиция бүтіндігі;
С)тақырып пен идея бірлігі;
D) типтік бейнелер молдығы;
Е) мазмұн мен пішін бірлігі.
13. Стиль, жанр, композиция, көркем тіл, ырғақ сияқты ұғымдар арқылы әдебиетте қандай бөлшек анықталады
А) мазмұн;
В) фабула;
С) характер;
D) әдеби тіл;
Е) пішін.
14. Пішін дегеніміз:
А) шығарманың идеясы;
В) шығарманың көлемі;
С) шығарманың ішкі формасы;
D) шығарманың сыртқы формасы;
Е) шығарманың бастауы.
15. Жазушының әуелгі ой өзегі:
А) субъективті идея;
В) объективті идея;
С) авторлық идея;
D) сыртқы композиция;
Е) ішкі композиция.
16. Шығарманың заттық болмысы болып табылатын бөлшек:
А) фабула;
В) сюжет;
С) мазмұн;
D) тақырып;
Е) идея.
17. Көркем шығарма пішінінің элементтері:
А) шиеленісуі мен шарықтау шегі;
В) көркем образ, композиция, суреттеу жүйесі;
С) тартыс пен оның шешімі;
D) проблематикасы;
Е) тақырып пен идея
18. Мазмұнның пішінге, пішіннің мазмұнға айналу заңдылығы жайлы пікір иесі:
А) Плеханов;
В) Гегель;
С) М.Горький;
D) А.Байтұрсынов;
Е) Гете.
19. Авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы қандай ұғымды білдіреді?
А) композиция;
В) образ;
С) сюжет;
D) тақырып;
Е) идея.
20. Суреткердің о бастағы ой өзегі қалай аталады?
А) объективтік идея;
В) ішкі композиция;
С) авторлық идея;
D) субъективтік идея;
Е) сыртқы композиция.
21. Көркем шығарма мазмұны мен пішінінің бір біріне сай келуін өнердің әмбебап заңдылығы санаған әдебиетші ғалым?
А) А.Байтұрсынов;
В) М.Бахтин;
С) В.Хализев;
D) Л.Тимофеев;
Е) Г.Пленханов.
22. Көркем ой көрігінен түрленіп шыққан өмір шындығы дегеніміз не?
А) кульминация;
В) пішін;
С) композиция;
D) мазмұн;
Е) градация.
23. Шығармашылық ойлау жүйесінде тақырып бірінші ме, идея бірінші ме?
А) идея бірінші;
В) пафос бірінші;
С) бұл мәселенің шешімі автордың шығармашылық ерекшелігіне байланысты;
D) тақырып бірінші;
Е) көркем бейне бірінші.
24. Шығарманың тұтастық сипатын айқындайтын белгі:
А) тақырып өзектілігі;
В) идея бірлігі;
С) композицияның тұтастығы;
D) сюжет көркемдігі;
Е) мазмұн тұтастығы.
25. Бір туындыда бірнеше жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені идеяның қай түріне жатқызамыз?
А) объективті идея;
В) қосалқы идея;
С) авторлық идея;
D) субъективті идея;
Е) негізгі идея.
26. Ұйқыдан соң – Жапырақпын жаңбыр шайып жаңарған.
Ұйқадан соң – Құспын ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған.
Ұйқыдан соң – Көк айдынмын мөлдіреген шайқалып.
Ұйқыдан соң – Ну орманмын желбіреген жайқалып, - деген өлең қайталаудың қай түріне жатады?
А) еспе қайталау;
В) әдепкі қайталау;
С) жай қайталау;
D) қайталау емес;
Е) кезекті қайталау.
27. Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
Поэтикалық фигураның қай түрі қолданылған?
А) риторикалық сауал;
В) сұрай арнау;
С) жарлай арнау;
D) қайталау;
Е) еспе қайталау.
28. Ханнан қырық туғанша
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы.
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға!
Шумақта дыбыстық қайталаудың қай түрі қолданылған?
А) еспе қайталау;
В) ассонанс;
С) ұйқас қайталау;
D) анафора;
Е) аллитерация.
29. «Ой, дүние-ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты қимады ғой! Дүниеде баладан қызық, баладан тәтті не бар дейсің! Қуарған қу бас өмір – бейне жапырақсыз ағаш. Одан не көрік, не сән бар? Баласы болса, Ұрқия да осындай камзол тігіп, кигізбес пе еді? О да тана-моншаққа омырауын саусылдатпас па еді! Ой, бала шіркін-ай! Неден ыстық болды екен...». Мәтінде кейіпкердің көңіл-күйі берілген суреттеу тәсілі:
А) психологиялық параллелизм;
В) диалог;
С) арнау;
D) ішкі монолог;
Е) жарлай арнау.
30. Өлеңдегі тармақтар үйлесімін қарастыратын өлеңтану саласы қайсы?
А) тоника;
В) фоника;
С) силлабика;
D) метрика;
Е) строфика.
&&&
Достарыңызбен бөлісу: |