Жұмыс бағдарламасы Қолдану саласы Нормативті сілтемелер Жалпы ережелер Глоссарий 5Әдебиет және қорлар



бет1/8
Дата19.05.2017
өлшемі1,41 Mb.
#16459
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

СИЛЛАБУС




Силлабус

«Әдебиеттану негіздері» пәнінің оқу бағдарламасы



№ __басылым______

Силлабус 042-__-1.22/01-2016

5 В 011700- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



Әдебиеттану негіздері

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Жұмыс бағдарламасы

Қолдану саласы

2. Нормативті сілтемелер

3. Жалпы ережелер

4. Глоссарий

5Әдебиет және қорлар

5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі

6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

8. Курс форматы

9. Курс саясаты

10. Баға қою саясаты

11. Студенттер білімін бақылау

12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі




1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет:

Аитова Жанар Жұмабекқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.м.а

Кафедра: «Қазақ әдебиеті»

Байланыс ақпараты: телефон:87052637206, Аіtova_1@mail.ru

Сабақ өтетін орын: №1 оқу ғимараты, 809-аудитория, Кредит саны: 3


Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

1

1

4

9

Кесте бойынша

90

180

емтихан

2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.

2.3.2 Курстың мақсаты студенттердің әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін белгілі бір монистикалық қасаңдықпен қарастырмай, барынша тиімді, ашық және жан-жақты қарастыра отырып, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге баулу, пән бойынша білім (дағды) алуы

2.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері – «Әдебиеттану негіздері » пәнінде ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркем өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.

2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:


  • Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы білуі;

  • Әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білімге ие болуы;

  • Өнер табиғатын игеруі;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренуі, істей білуі;

  • Әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мәні мен сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктері жайлы жан-жақты түсінуі;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы болуы;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын үйренуі тиіс.

2.3.5 Курс пререквизиттері:

- Халық ауыз әдебиеті;
2.3.6 Курс постреквизиттері:


  • Ежелгі дәуір әдебиеті;

  • ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы;

  • Әлем әдебиетінің тарихы;

  • ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихы;

  • Қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1940 жж.)

  • Әдебиет теориясы;

  • Қазақ әдебиетінің сынының тарихы

1. ГЛОССАРИЙ



    1. Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті.

    2. Эстетика – болмысты суреттеудегі әдебиеттің адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың үш шарты бар: 1) тұтастық, 2)үйлесім, 3) айқындық.

    3. Әдеби шығармашылық – қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек процесі.

    4. Методологиялық мектептер – көркем шығармаларды жазу мен танудағы ғылыми ілімдер.

    5. Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.

    6. Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.

    7. Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.

    8. Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.

    9. Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.

    10. Архетип – о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер.

    11. Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.

    12. Поэтика – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың көне ғылым саласы.

    13. Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.

    14. Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.

    15. Герменевтика – текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.

    16. Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.

    17. Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

    18. Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

    19. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.

Әдебиеттер және қорлар

2.4.1 Негізгі әдебиет және қорлар

2.4.1.1 Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. –А., 2005. – 209 б.

2.4.1.2 Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. -А., 2001. – 145 б.

2.4.1.3 Ахметов З. Казахское стихосложение. -А., 2003. – 159 б.

2.4.1.4 Ахметов З., Шаңбай Т. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –А., 2002. – 259 б.

2.4.1.5 Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. –А., 2005. – 259 б.

2.4.1.6 Атымов М. Идея және композиция. -А., 2005. – 259 б.

2.4.1.7 Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. –А., 2005. – 228 б.

2.4.1.8 Әлібеков Ш. Өлең сөздің теориясы. – А., 2006. – 259 б.

2.4.1.9 Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Қазақтың әдеби тілі туралы. Шығармалар. 12 томдық. –А., 2005. – 259 б.

2.4.1.10 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –А.,2006. – 259 б.

2.4.1.11 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006.

2.4.1.12 Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы. –А., 2001. – 259 б.

2.4.1.13 Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. –А. 2002. – 259 б.

2.4.1.14.Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. –А., 2008. – 259 б.

2.4.1.15 Бердібаев Р. Роман және заман. –А., 2008. – 259 б.

2.4.1.16 Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов – драматург. –А., 2008. – 259 б.

2.4.1.17 Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. –А.,2009. – 259 б.

2.4.1.18 Дербісәлин Ә. Әл-Фарабидің эстетикасы. –А., 2009. – 259 б.

2.4.1.19 Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. –А., 2006. – 259 б.

2.4.1.20 Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. –А., 2009. – 259 б.

2.4.1.21 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. -А.,2010. – 259 б.

2.4.1.22 Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. -А.,2010. – 259 б.

2.4.1.23 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. –А., 2002. – 259 б.

2.4.1.24 Ордалиев С. Сөз зергері. –А., 2008. – 250 б.

2.4.2 Қосымша әдебиет және қорлар

2.4.2.1 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.,2010. – 229 б.

2.4.2.2 Әбіл Ж. Қазақ комедиясы. –А., 2005. – 159 б.

2.4.2.3 Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

2.4.2.4 Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. –А., 2009. – 259 б.

2.4.2.5 Әуезов М. Тіл және әдебиет мәселесі. Шығармалар Т-12, -А., 2005. – 259 б.

2.4.2.6 Горький М. Әдебиет туралы. –А., 2006. – 259 б.

2.4.2.7 Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. Әдеби сын. Алматы. 2008. – 249 б.

2.4.2.8 Қаратаев М. Қазақ әдебиетіндегі реализмнің даму жолдары. –А., 2006. – 259 б.

2.4.2.9 Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. –А., 2008. – 219 б.

2.4.2.10 Майтанов М. Әуезов – суреткер. –А., 2002. – 359 б.

2.4.2.11 Сейітов С. Қазақ поэзиясындағы Маяковский дәстүрі. –А., 2009. – 169 б.

Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі

Модульдар бойынша пән мазмұны

2 кесте


Модуль атауы

Тақырып атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

8

1 модуль

Сөз өнері туралы ғылым



Сөз өнері туралы ғылым, оның салалары.

Өнер туралы ұғым. Әдебиеттану-сөз өнері туралы ғылым. Әдебиеттанудың салалары. Әдебиеттану ғылымының жанама салалары.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы.

Әдебиеттанудың ғылымдар жйесіндегі орны. Көне дәуірдегі сөз өнері туралы ой-пікірлер. Түрік халықтары даналарының ой тұжырымдары. ХХ ғасырдағы қазақ ойшылдарының сөз өнері туралы ой толғамдары. А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы. әдебиеттану ғылымының Кеңес дәуіріндегі және қазіргі жай-күйі.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



Көркем әдебиеттегі образ және образдылық.

Көркем бейне туралы түсінік. Сөздегі суреттілік, оның жасалу тәсілдері. Деталь, жинақтау, даралау, және типтендіру. Прототип, мінездеу, портрет.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері.

Образдың тектері. Образдың әдістік түрлері. Образдың жасалу тәсілдері.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



Көркем шығарманың құрылысы.

Мазмұн мен пішін. Көркем шығарманың тақырыбы. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара байланысы. Көркем шығарманың идеясы. Негізгі және объективті идея. Шығарманың жүйелік сипаты.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



2 модуль

Көркем әдебиет, тіл мәселелері



Сюжет және композиция

Композиция туралы түсінік. Сюжет-көркем шығарма арқауы. Композиция мен сюжеттің бірлігі мен айырмашылығы. Тартыс туралы түсінік. Композиция-шығарма бірлігінің негізі.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



Көркем әдебиет, тіл мәселелері

Көркем тіл-шығарма өзегі. Синоним, омоним, антоним. Архаизм, неологизм, историзм т.б. Сөздік қор, лексикалық тіл байлығы.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



Тілдің ажарлау құралдары

Көркем шығармалардағы эпитет және теңеудің қолданылуы. Олардың жасалу түрлері. Аллитерация, ассонанс.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



Әдебиеттегі құбылту құбылыстары

Метафора, кейіптеу, аллегория, символ, метонимия, мысқыл, ұлғайту, кішірейту.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



Айшықтау және оның түрлері

Инверсия, арнаулар, қайталаулар, параллелизм.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.



3 модуль

Өлең мен оның құрылысы



Өлең мен оның құрылысы

Ырғақ. Қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ, бунақ. Шумақ пен ұйқас түрлері.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.






Өлең ұйқасы мен оның түрлері

Дәстүрлі ұйқас түрлері: шұбыртпалы ұйқас, қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқас, кезекті ұйқас, ерікті ұйқас т.б. Олардың өзіндік ерекшеліктері.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.






Өлең жүйесі

Өлең жүйелері, оның халықтың тілдік жүйесімен байланыстылығы. Метрикалық, силлабикалық, силлабо-тоникалық, тоникалық өлең жүйелерінің ерекшеліктері. Олардың түрлері. Өлең құрылысын талдау жолдары.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.






Әдебиеттің тектері мен түрлері

Әдебиеттің тегі, оның түрлері. Әуезе, толғау, айтыс-тартыс. Әдеби тектерге шығарма түрлерінің бөлінуі. Шығарманың тегі мен түрі. Лирика. Драма мен эпос

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.






Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар

Көркемдік әдіс туралы түсінік. Романтизм мен реализм.Әдеби ағымның түрлері және оның тууы, дамуы, жаңадан пайда болу жолдары. Классицизм, сентиментализм, натурализм.

1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. //Шығ. –А.,2006. – 225 б.

2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002. – 328 б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет