Жұмыс бағдарламасы Қолдану саласы Нормативті сілтемелер Жалпы ережелер Глоссарий 5Әдебиет және қорлар



бет7/8
Дата19.05.2017
өлшемі1,41 Mb.
#16459
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Тапсырма.


  1. С.Торайғыров шығармаларындағы романтизм және реализм элементтерін табу.

  2. Мағауияның «Медіғат-Қасым» поэмасындағы романтизм элементін табу.

&&&

$$$003-015-002$3.3.15.2 №15 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Шындықты суреттеудегі қаламгерге тән құштарлық, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, ой өзегіндегі мығым принцип:

А) деталь

В) мотив


С) идея

D) тақырып

Е) тенденция

2. Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасындағы Қоңқай образы қандай образ:

А) юморлық образ

В) лирикалық образ

С) драмалық образ

D) сатиралық образ

Е) эпикалық образ

3. «Беу жаным, жігіт екен! Бағлан торы!

Безектеп не қылмақшы мына қолды

Есір ер хан боп неге тумады екен,

Қарадан неге туған, алда сорлы?

Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен?

Күйші боп өміріне жүрсін бе екен?

Сүйкімді жігіттің бұл бұлбұлы ғой,

Қарашаш осыған-ақ тисін бе екен? ...»

Үзіндіде кейіпкер күйі қандай суреттелетін тәсіл:

А) Ішкі монолог

В) Зарлай арнау

С) Диалог

D) Психологиялық параллелизм

Е) Сұрай арнау

4. Өнердегі юморлық тәсіл неге жатады?

А) эстетикалық категорияға

В) тарихи категорияға

С) лингвистикалық категорияға

D) әлеуметтік категорияға

Е) философиялық категорияға

5. Типтік бейне жасауда қолданылатын типтендіру түрлері қаншама?

А) төртеу

В) бесеу


С) біреу

D) үшеу


Е) екеу

6. Көркем бейненің жан сырын танытуда қолданылатын әдеби амал-тәсілдің бірі

А) Авторлық мінездеу

В) Диалог

С) Лирикалық шегініс

D) Ішкі монолог

Е) Психологиялық егіздеу

7. Типтік тұлғаны мүсіндеуде прототипті пайдалану негізінен қандай өнерге тән ерекшелік:

А) Сентиментализмге

В) Романтизмге

С) Антика әдебиетіне

D) Реализмге

Е) Классицизм өнеріне

8. «...Есіл ер хан болып неге тумады екен

Қарадан неге туған, алда сорлы!

Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен?

Күйшім боп өмір бойы жүрсін бе екен?

Сүйкімді жігіттің бұл бұлбұлы ғой

Қарашаш осыған-ақ тисін бе екен?!...»

Үзіндіде кейіпкер күйі қандай суреттеу тәсілімен берілген?

А) психологиялық егіздеу

В) сұрай арнау

С) ішкі монолог

D) зарлай арнау

Е) риторикалық сауал

9. Судыр Ахмет («Қан мен тер») қандай бейне?

А) романтикалық бейне

В) батырлық бейне

С) трагедиялық бейне

D) сатиралық бейне

Е) комедиялық бейне

10. «Менің шығармамда бір-ақ жағымды герой бар. Ол – күлкі» деп ағынан жарылған қаламгер?

А) Салтыков-Шедрин

В) Л.Толстой

С) Достоевский

D) Гоголь

Е) Крылов

&&&


$$$007-000-000$3.7 Білімді бақылау бөлімі

&&&

$$$007-001-000$3.7.1 1-модуль бойынша тапсырма

Студент тапсырманы сынақ кітапшасының соңғы нөміріне сәйкес таңдап, 1 ғана тапсырманы орындайды

1 тапсырма.

Төменде келтірілген мысалдардан троп түрлерін тауып, анықтаңыз. 1.«- Үйлерінде қонақ жоқ, оңаша шығар деп ем. Жаңағы арбаның үстіне тиеп қойған сақалдарың немене? Бұ қап-қап сақал жиып, базарға сатқалы отырсыңдар ма? – дегенде, ең алдымен ұзын тістерін ақситып ашып, Дәмежан сақылдап күлді....» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 9-б.).

2 – тапсырма.

Төмендегі мысалдар жазушы тілін байытудың көздері болып табылатын сөздердің қай тобына жатады? 1. «Дәмежан мүлде басқа. Ол, керісінше, шапшаң, ашық сөйлейді. Адамға тез қабысатын, жол мен жөнді өзі біліп басқаратын көшелі кісідей. Бұл үйдің еркегі ері емес, өзі тәрізді...» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 9-б.). 2. «- Құдайым, тегі, жақсыны да, жаманды да біздің Ырғызбайға берген ғой...» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 11-б.).3. «Абай жүрегі қабынып соңғы кезде бір шақта талықсып та кетіп еді. Өзінің көз алдында қападан, қасіреттен осындай өрт шалғандай күйге түскен Абайды Павлов әкесіндей аяды». (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 63-б.). 4. «Жазықсыз қылжаққа сәл күлумен қабат Абай көңілі аз ғана селт еткендей көтеріліп те қалды. Болмаса өз ойындағы үздіксіз мұңға, бүгін тағы талай тынышсыз ауыр шерлер, сырларды қайықшы Сейіл қосты. Әбіш пәтеріндегі жастар ажары мен аз әңгіме жүрек түкпірінде жатқан зіл қара тастай, салмақты дертті сейілткен жоқ-ты. Абай кеудесінде ол тек аз ғана шаққа ғана іркіліп тұрғандай болатын... Сол тұнған удай уайымды, тек жаңағы Өтегелді күлкісі біраз ғана бүркелей, ұмыттыра тұрғандай боп еді.» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 50-б.). 5. «Елді жиып: «Уақты шабамын»» деп қол құрап жатыр. Ағама: «Барымтаға аттанатын ат, сойылы сайлы азаматын әкелсін. Мен барымды салдым. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді», келсін, жиылсын!» - деп жар салыпты. Міне, сол Оразбайдың жасағына барамыз!» - деп Әзімбай Әйгерім ұсынған қымызға жаңа бас қойды.

3 – тапсырма.

М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін мақал-мәтелдерді теріп жазып алып, олардың мәтіндегі қызметін түсіндіріңіз (кемінде 20 мақал-мәтел).


4-тапсырма

Төмендегі мысалдардан фигура түрлерін тауып, анықтаңыз. Оның мәтіндегі қызметін түсіндіріңіз.

1. «Осыған қоса, тағы бір үзік арман ойласа, әке арманы емес, халық арманына, қараңғыда қамалған ел арманына мегзейді» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 154-б.).

2. Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай...

(Махамбет Өтемісұлы).

5 тапсырма.

Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріндегі Исатай бейнесін сомдауда автор қолданған метафораларды теріп жазыңыз, олардың қызметін түсіндіріңіз. Мысалы: Исатай – қазанат.

6 тапсырма



  1. Жыраулар поэзиясына поэтикалық талдау жасау.

  2. Қара өлеңге поэтикалық талдау жасау.

  3. А. Құнанбаевтың лирикаларына поэтикалық талдау жасау.

  4. Д.Бабайтайұлы шығармаларына поэтикалық талдау жасау.

  5. Махамбет шығармаларына поэтикалық талдау жасау.

  6. М.Мақатаевтың шығармаларына поэтикалық талдау жасау.

  7. Ж.Жақыпбаевтың шығармаларына поэтикалық талдау жасау.

  8. Қасым Аманжолов шығармаларына поэтикалық талдау жасау.

  9. Е.Раушанов шығармаларына поэтикалық талдау жасау.

  10. Иранғайып шығармаларына поэтикалық талдау жасау.

  11. Ұ.Есдәулетов шығармаларына поэтикалық талдау жасау.

  12. Ж.Әскербекқызы шығармаларына поэтикалық талдау жасау.


&&&

$$$007-001-001$3.7.2 2-модуль бойынша тапсырма

Студент тапсырманы сынақ кітапшасының соңғы нөміріне сәйкес таңдап, 1 ғана тапсырманы орындайды

1 тапсырма.

Композициялық құрылымның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жазбаша схема түрінде сызып бер.

2 – тапсырма.

М.Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» деректі романындағы образдар жүйесіне талдау жасау, тегі мен түрін анықтаңыз..

3 – тапсырма.

Шағын көлемді эпикалық жанрдың бір түріне шығармашылық жұмыс орында (эссе, новелла, әңгіме, очерк т.б.)

4-тапсырма

Қ.Жұмаділовтің «Қылкөпір» романындағы Айжарықтың портреті мен мінездемесін жазыңыз. Автор Айжарық образын жасауда қандай әдіс-тәсілдер қолданған? Мысалдар келтіріңіз.

5 тапсырма.

Төмендегі өлең жолдарынан құбылтудың қандай түрі кездеседі?

...Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынысты,

Құмары екеуінің сондай күшті,

6 тапсырма

Төмендегі өлең жолдарынан айшықтаудың қандай түрі кездеседі?

Әйнегі – күн, шатыры – аспан,

Кең дала күй толқыған едік.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан – Республикам менің!

…Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын.

Жапырағы сарғайып өімсіреп,

Байғұстың кім тыңдайды жылағанын.

…Адамның жалған дүниесі,

Дүние жолдас қимасы.

Дүниені жолдас демеңдер,

Көп болар деп күнәсі.


&&&

$$$007-001-002$3.7.3 3-модуль бойынша тапсырма

Студент тапсырманы сынақ кітапшасының соңғы нөміріне сәйкес таңдап, 1 ғана тапсырманы орындайды

1 тапсырма.

Төмендегі өлең жолдарынан құбылтудың қандай түрі кездеседі?

…Балалық өтті, білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті көрдің бе?

Кәрілікке көндің бе?

…Көк ала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей шақта.

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта.

…Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр.

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де бетім көр.

2 – тапсырма.

Төмендегі өлең жолдарынан құбылтудың қандай түрі кездеседі?

…Не деп саған жазайын, қой қоздаған

Тау мөңіреп, аспанда ай боздаған

Жұлдыздар да түрткілеп түйсігімді

Түсініксіз діріл бар бойда аздаған:

…Қыз-көктем көл басына асығады,

Бұрымы бұлт ішінде ақтарылып.

…Ұзын Орал күн мен түн шекарасы

Бір жағы-күн, бір жағы түн баласы:

…Поэзия - әсемдікті мүсіндеу

Ал, әсемдеу – ізгіліктің қанаты:

3 – тапсырма.

Төмендегі өлең жолдарынан құбылтудың қандай түрі кездеседі?

…Көктемнің балғын кезі еді,

Әнші құс көкте ағылған.

Желінің де жасыл өзегі,

Көгілдір мұнар жамылған.

…Ұйқыдан соң – Жапырақпын

Жаңбыр шайып жаңарған.

Ұйқыдан соң – құспын

Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған.

4-тапсырма

Төмендегі өлең жолдарынан құбылтудың қандай түрі кездеседі?

...Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

…Сайра да, зарла қызыл тіл,

Қара көңілім оянсын.

…Ой деген у – ауызға алсаң қандырар,

Ой деген у – жанды есінен тандырар.

…Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жылқы жаптырмас.
5 тапсырма.

Баллада жанрының табиғатын аш. Оның аралық жанрындағы ақауларға

қалай қарайсың? (Ол лирикалық па әлде эпикалық жанр ма?)

6 тапсырма

Романс жанрына сипаттама бер, қазақ әдебиеттану ғылымында романс жанры бар ма? Бар болса кімнің қандай шығармасын білесің?
&&&

$$$007-001-004$3.7.5 1-межелік бақылау тестілері

1. Автордың түпкі ойына сәйкес шығарманың құрылымын айқындап, көркемдік детальдан бастап шығарма атауына дейін қамтитын тақырыптық мазмұнды белгілейтін ұғым қайсы?

А) мазмұн;

В) образ;

С) проблематика;

D) символ;

Е) композиция.

2. Тақырып таңдау мәселесі:

А) қиял-ой жүйріктілігіне байланысты;

В) шеберлікке байланысты;

С) шығармашылық тәжірибе мен дүниетанымға байланысты;

D) мамандық-кәсіпке байланысты;

Е) қоғамдық ортаға байланысты.

3. Субъективті идея деген не?

А) авторлық идея;

В) объективті идея;

С) жалған идея;

D) басты, өзекті идея;

Е) оқырман идеясы.

4. Жазушының шындық өмірден таңдап-талғап алған, өзінің көркем шығармасына арқау ететін өмір құбылысының тобы

А) сюжет;

В) экспозиция;

С) тақырып;

D) идея;


Е) деталь.

5. Жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағыты:

А) тақырып;

В) идея;


С) мазмұн;

D) пішін;

Е) композиция.

6. Шығарма көркемдігінің басты шарты:

А) мазмұн мен пішін бірлігі;

В) типтік бейнелер молдығы;

С) композициялық бүтіндік;

D) стиль айқындығы;

Е) тақырып пен идея бірлігі.

7. Көркем сөз өнерінде ақиқат өмірді танып білу мен сараптаудан, бейнелеуден тұратын тұтастық деп нені танимыз?

А) идея;

В) пішін;

С) композиция;

D) тақырып;

Е) мазмұн.

8. «Әдебиеттің екінші элементі – тақырып» деген сөздің авторы:

А) М.Горький;

В) З.Қабдолов;

С) Ф.Достоевский;

D) А.Байтұрсынов;

Е) Н.Чернышевский.

9. Шығарманың негізгі идеясын ашуда, кейіпкерлерді айшықтауда идеялық көркемдік мән иеленетін тұрмыс тіршілікке қатысты түрлі заттар мен құрал жабдықтардың бейнеленуі қалай аталады?

А) көркемдік ишаралау;

В) интерьер;

С) оқшау эпизодтар;

D) пейзаж;

Е) риторикалық реттеу.

10. Жазушы қаламынан туған өнер туындысы:

А) әдеби шығарма;

В) көркем образ;

С) тақырып;

D) қаламгер;

Е) көркем идея.

11. Көркем туындыдағы бірнеше тақырыптардың тұтас жүйесі қалай аталады?

А) Интерьер;

В) Сюжет;

С) Тематика;

D) Мазмұн;

Е) Проблематика.

12. Шығарма көркемдігінің басты шарты:

А) стиль айқындығы;

В) композиция бүтіндігі;

С)тақырып пен идея бірлігі;

D) типтік бейнелер молдығы;

Е) мазмұн мен пішін бірлігі.

13. Стиль, жанр, композиция, көркем тіл, ырғақ сияқты ұғымдар арқылы әдебиетте қандай бөлшек анықталады

А) мазмұн;

В) фабула;

С) характер;

D) әдеби тіл;

Е) пішін.

14. Пішін дегеніміз:

А) шығарманың идеясы;

В) шығарманың көлемі;

С) шығарманың ішкі формасы;

D) шығарманың сыртқы формасы;

Е) шығарманың бастауы.

15. Жазушының әуелгі ой өзегі:

А) субъективті идея;

В) объективті идея;

С) авторлық идея;

D) сыртқы композиция;

Е) ішкі композиция.

16. Шығарманың заттық болмысы болып табылатын бөлшек:

А) фабула;

В) сюжет;

С) мазмұн;

D) тақырып;

Е) идея.

17. Көркем шығарма пішінінің элементтері:

А) шиеленісуі мен шарықтау шегі;

В) көркем образ, композиция, суреттеу жүйесі;

С) тартыс пен оның шешімі;

D) проблематикасы;

Е) тақырып пен идея

18. Мазмұнның пішінге, пішіннің мазмұнға айналу заңдылығы жайлы пікір иесі:

А) Плеханов;

В) Гегель;

С) М.Горький;

D) А.Байтұрсынов;

Е) Гете.

19. Авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы қандай ұғымды білдіреді?

А) композиция;

В) образ;

С) сюжет;

D) тақырып;

Е) идея.

20. Суреткердің о бастағы ой өзегі қалай аталады?

А) объективтік идея;

В) ішкі композиция;

С) авторлық идея;

D) субъективтік идея;

Е) сыртқы композиция.

21. Көркем шығарма мазмұны мен пішінінің бір біріне сай келуін өнердің әмбебап заңдылығы санаған әдебиетші ғалым?

А) А.Байтұрсынов;

В) М.Бахтин;

С) В.Хализев;

D) Л.Тимофеев;

Е) Г.Пленханов.

22. Көркем ой көрігінен түрленіп шыққан өмір шындығы дегеніміз не?

А) кульминация;

В) пішін;

С) композиция;

D) мазмұн;

Е) градация.

23. Шығармашылық ойлау жүйесінде тақырып бірінші ме, идея бірінші ме?

А) идея бірінші;

В) пафос бірінші;

С) бұл мәселенің шешімі автордың шығармашылық ерекшелігіне байланысты;

D) тақырып бірінші;

Е) көркем бейне бірінші.

24. Шығарманың тұтастық сипатын айқындайтын белгі:

А) тақырып өзектілігі;

В) идея бірлігі;

С) композицияның тұтастығы;

D) сюжет көркемдігі;

Е) мазмұн тұтастығы.

25. Бір туындыда бірнеше жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені идеяның қай түріне жатқызамыз?

А) объективті идея;

В) қосалқы идея;

С) авторлық идея;

D) субъективті идея;

Е) негізгі идея.

26. Екі ұқсас нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу:

А) психологиялық параллелизм;

В) эллипсис;

С) градация;

D) инверсия;

Е) параллелизм.

27. Қазақ өлеңі қандай өлең жүйесіне жатады?

А) силлабикалық;

В) силлабо-тоникалық;

С) ақ өлең үлгісі;

D) метрикалық;

Е) тоникалық.

28. З.Қабдолов: «Өлеңдегі тұтас ойдың бөлшектерге бөлініп, синтаксистік ой бөлінісінің ара жігінің бөлек-бөлек берілуін», қалай атаған?

А) буын;

В) шумақ;

С) бунақ;

D) тармақ;

Е) екпін.

29. Қызғалдақтай қызық өмір

Күні келсе, солмай ма?

Еркін жүрген ерке көңіл

Қайғы-зарға толмай ма? (Б.Күлеев) деген шумақ арнаудың қай түріне жатады?

А) әдейі арнау;

В) сұрай арнау;

С) арнау;

D) жарлай арнау;

Е) зарлай арнау.

30. Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсене, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру:

А) метонимия;

В) кейіптеу;

С) метафора;

D) эпитет;

Е) символ.



&&&

$$$007-001-005$3.7.6 2-межелік бақылау тестілері

1. Классицизм ағымы неліктен осылай аталған?

А) өмір шындығын шынайы, үздік бейнелегендіктен;

В) өздерін жаңа өнер деп санағандықтан;

С) көне грек әдебиетін үлгі тұтқандықтан;

D) дүние жүзі өнерінің дамуына үлгі-өнеге боламыз дегендіктен;

Е) билеуші қауымның мұратына қызмет еткендіктен.

2. Еуропалық қоғамда ағартушылық рационализмнің құлдырауына байланысты ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында әдебиет пен өнерде пайда болған ағым:

А) реализм;

В) антикалық реализм;

С) сентиментализм;

D) футуризм;

Е) классицизм.

3.В. Үш бірлік заңдылығы қандай ағымға тән?

А) натурализм;

В) классицизм;

С) романтизм;

D) социалистік реализм;

Е) сентиментализм.

4. Қарапайым адамдар тіршілігін суреттейтін, солардың бастарындағы күйініш-сүйінішті, қуаныш-ренішті, отбасылық тұрмыстың шырғалаңдарын сөз ететін, сезімге табыну көріністері айқын аңғарылатын әдеби ағым:

А) фрейдизм;

В) натурализм;

С) классицизм;

D) сентиментализм;

Е) футуризм.

5. Қаламгер стилінің қалыптасуының Гете айтқан қанша кезеңі бар?

А) үш;

В) бес;


С) екі;

D) алты;

Е) төрт.

6. Ағымдардың қайсысы адамның ішкі сезімін суреттеуді мақсат етіп алға қойды?

А) футуризм;

В) формализм;

С) классицизм;

D) сентиментализм;

Е) натурализм.

7. «Бейшара адамдар», «артық адамдар», «кішкентай адамдар» қандай әдебиетке тән бейнелер еді?

А) классизм;

В) романтизм;

С) сыншыл реализм;

D) социалистік реализм;

Е) модернистік өнер.

8. Романтизм әдісінің Еуропа әдебиетінде кеңінен тараған дәуірі:

А) ХҮІІ ғасыр;

В) ХХІ ғасыр;

С) ХХ ғасыр;

D) ХҮІІІ екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы;

Е) ХІХ ғасыр;

9. Сентиментализм ағымының тууына негіз болған туынды:

А) «Сентименталдық саяхат»;

В) «Жаңа Атлантика»;

С) «Орыс саяхатшысының хаттары»;

D) «Дафнис және хлоя»;

Е) «Дон Жуан».

10. Әдеби мектеп дегеніміз:

А) бір бағыттағы (бір ұстазды құрмет тұтқан немесе ортақ идея ұстанған) жазушылар тобы;

В) Эстетикалық шығармашылық бағдарламасы, ортақ принципі бар жазушылар тобы;

С) әдеби үрдіс;

D) әдеби тіл;

Е) әдеби ағым.

11. ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетіндегі натуралдық мектеп ерекшелігі неде?

А) өткен заман шындығын қайта жырлауға әуестік танытты;

В) қоғамдық шындықты суреттеуде өзіндік ұстанымы болмады;

С) дворяндар өмірін бейнелеуге құштар болды;

D) өмір шындығын боямасыз, шынайы бейнеледі;

Е) өмір көрінісін тым жадағай, өрескел бейнеледі.

12. Еуропа өнері мен әдебиеті тарихында ХҮІІ ғасырда басталған, өз туындыларына антикалық өнердегі пішіндер мен образдарды үлгі тұтқан әдеби көркемдік бағытты атаңыз.

А) антикалық реализм;

В) классицизм;

С) реализм;

D) романтизм;

Е) символизм.

13. Стильдік ерекшелік деген не?

А) қаламгердің дүниетанымына қатысты ерекшелік;

В) жеке қаламгердің жазу мәнеріне байланысты ерекшелік;

С) жазушылар тобындағы ортақ ерекшелік;

D) қаламгерге тура біткен ерекшелік;

Е) тақырыпқа байланысты ерекшелік.

14. Еуропа әдебиетіне күшті ықпал еткен классицизм ағымының теоретигі, сыншы:

А) Платон;

В) Буало;

С) Дидро;

D) Мольер;

Е) Гегель.

15. Әдебиеттанудағы рационалистік методология қай философтың идеяларынан негіз алады?

А) Кант;

В) Лессинг;

С) Платон;

D) Декарт;

Е) Дидро.

16 Ақиқат болмысты өмірлік шындық тұрғысынан жүйелі сипаттап көрсетуге және адам мен қоршаған дүниені саналы түрде көркемдік тұрғыдан танып-білуге ұмтылатын ұстанымдарға негізделген әдеби әдісті атаңыз.

А) акмеизм;

В) футуризм;

С) реализм;

D) романтизм;

Е) классицизм.

17. Кеңестік қоғам әдебиеті мен өнерінің көркемдік әдісі қалай аталды?

А) сентиментализм;

В) натуралистік әдебиет;

С) революциялық романтизм;

D) социалистік реализм;

Е) сыншыл реализм.

18. Сыншы Белинский натуралдық деген терминді қандай мағынада қолданған?

А) сентиментализмге еліктеген өнер;

В) өмір шындығынан қашық өнер;

С) өмірді арнайы бейнелейтін өнер;

D) жоғарғы қауымның ғана шындығын бейнелейтін өнер;

Е) шынайы өнердің жаңа типі.

19. Типтендіру қандай көркемдік әдіске тән заңдылық?

А) романтизм;

В) классицизм;



C)модернизм;
D) реализм;

Е) сентиментализм.

20. Өзі үлкен өкілі бола тұра классицизмді қатты сынаған қаламгер:

А) Эсхил;

В) Софокл;

С) Мольер;

D) Гете;

Е) Шекспир.

21. Классицистер ұстанған қоғамның жоғарғы топтарын «жоғарғы жанрларда» бейнелеу қағидасына күнделікті өмірдегі қарапайым жандарды бейнелеуді қарсы қойған әдеби ағымды көрсетіңіз.

А) романтизм;

В) сентиментализм;

С) реализм;

D) символизм;

Е) экзистенциализм.

22. Кеңес әдебиеті мен өнерінің көркемдік әдісінің атауы ретінде «Социалистік реализм» термині ресми түрде қашан қабылданды?

А) 1954 жылы;

В) 1953 жылы;

С) 1934 жылы;

D) 1920 жылы;

Е) 1956 жылы.

23 Ағым дегеніміз:

А) өмірді қаз-қалпында суреттеу;

В) ақсүйектер өмірін бейнелеу;

С) жазушының таңдаған тақырыбы;

D) бірнеше қаламгерге ортақ шығармашылық ерекшелік;

Е) жеке жазушының шығармашылық ерекшелігі.

24. Өнердегі тек пен түр, жанрлардың бір-бірінен бөлінбей, бірлікте көрінуі қалай аталады?


  1. көркемдік шындық;

  2. поэтизм;

  3. силлогизм;

  4. романтизм;

Е) синкретизм.

25. «Поэтикалық өнер» трактаты әдебиет тарихындағы қандай ағымның

теориялық-эстетикалық бағдарламасы болды?

А) сентиментализм;

В) сыншыл реализм;

С) классицизм;

D) модернизм;

E) романтизм.

26. Қазақтың қара өлеңі қандай буын өлшеміне негізделеді?

А) он буынды;

В) он бір буынды;

С) тоғыз буынды;

D) сегіз буынды;

Е) алты буынды.

27. Жекешенің орныны көпшені, жалқының орнына жалпыны қолдану:

А) кейіптеу;

В) синекдоха;

С) ситуация;

D) символ;

Е) эллипсис.

28. Сен – күйкентай,


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет