Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет20/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-4 том.
2. Бес ғасыр жырлайды. 1-2 том. Алматы,1989.
3. Ай, заман-ай. Ӛлеңдер жинағы. Алматы,1990.
4. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989. 
5. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 
6. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. А., 2000. 3 том. 
7. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. А., 2001 
8. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 2003 
9. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998 
№10 дәріс
Тақырыбы
:
Тәтіқара ақынның ӛмірі, шығармашылығы.
 
Мақсаты
:
Ақынның ӛмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру. 
1.Тәтіқара ӛміріне байланысты деректер, ел аузындағы әңгімелер. 
2. Шығармаларының тақырыбы, ерекшелігі, 
3. Толғауларының кӛркемдігі. 


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Сай, Жәнібек Шашақұлы, құнысты, жылысты 
т.б. 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
ХҮІІІ ғасырда жасаған қазақ ақын-жырауларының ішіндегі ең мәшһүрлерінің бірі – 
Тәтіқара. Халық әдебиеті қазыналарын жазбай танитын Шоқан кезінде Тәтіқара 
жырларына да назар аударып, оның бір ӛлеңінің жолма-жол тәржімасын да жасаған 
болатын. 
ХҮІІІ ғасыр әдебиеті жайында сӛз болса Тәтіқараның аты аталмай қалмайды. Жұртшылық 
санасындағы Тәтіқара – қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі сырт 
жауларға қарсы күрестің ұраншысы, ӛз отандастарын басқыншылармен қайтпай ұрысуға 
шақырушы жауынгер ақын, жортуыл кернейшісі. 
Алайда ақынның саналы ӛмірі түгелдей дерлік Абылай ханның тӛңірегінде ӛткен 
сияқты. Ел аузындағы сӛздерге қарағанда, Абылай хан жаугершілікке аттанғанда 
Тәтіқараны қасынан тастамайды екен. Оның суырып салма ақындығын, турашылдығын, 
сонымен қатар жаудан қайтпайтын батырлығын қатты бағалайды екен.
Әрине, кез келген ақын жортуыл жыршысы бола алмайды. Аумалы-тӛкпелі 
заманда жорықтағы жауынгерлер арасында жүрген ақынның басы жау найзасына 
шаншылып кетуі де мүмкін. Сол себепті бұл ретте ақындық қана емес, жүрек те керек. 
Ақын қаруы кӛбіне ӛзге жұртпен бірдей – шашақты найза; домбыра – жаугершілік 
арасындағы тыныштық сәттерде, сарбаздар қонаға не дамылдауға тоқтай қалған кездерде 
ғана қолға алынады; ал кейде қарбалас сәттің ӛзінде-ақ, жауынгерлер қатары бұзылып, 
еңсесі түскенде олардың рухын кӛтеру үшін, жігерлендіру үшін ақынның дауыс кӛтеруі 
қажет болып қалады. Тәтіқараның бізге жеткен шығармалары кӛбіне осындай реттерде 
айтылған.
Тәтіқара «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген кӛне мақалдың жӛнімен реті 
келгенде тартынбайтын, әділдікті кӛзіне айтқан турашыл, бетті ақын болған. Бұған мысал 
ретінде ел аузында қалған мына бір әңгімені келтірейік.
Қалмаққа жорыққа аттанған батырларға еріп Абылайдың тұңғыш ұлы бала жігіт 
Жанбай да кеткен екен, сол сапарда қаза тауыпты. Баласының ӛлімі жанына батқан хан 
бас кӛтермей жатып алады.
Жаугершілік заманда ӛлім, қаза - әдепкі құбылыс. Ол таңдап, талғап алмайды, 
жалпыға бірдей. Сол жорықта жалғыз Абылайдың ұлы ғана ӛлген жоқ, талай жас 
қыршынынан қиылды, сол себепті ел билеп отырған әмірші тек ӛз қара басының ғана 
қайғы-зарын шегуі – кейбір шонжарлардың да, жұрттың да қытығына тиеді. Сол кӛптің 
атынан Тәтіқара сӛйлейді. Абылайдың кеше ғана «Түркістаннан келген ұл» екендігін, оны 
осы жұрттың ӛзі хан кӛтергендігін айта келіп ақын: 
Үш жүздің баласы 
Ақылдасып, жолдасып, 
Хан кӛтеріп еді – 
Үш жүздің баласын 
Бір баласындай кӛрмеді, 
Ат құйрығын сүзіңдер, 
Аллалап атқа мініңдер, 
Хан талау қылып алыңдар, - 
дейді. 
Мұндағы бір назар аударарлық жай – үнемі хан қасында болған Тәтіқараның бұл 
жолы оған қарсы жақты жақтауы. Әрине, жоғарыдағы сӛздерді айтқызған ақынның 
батылдығы ғана емес, - артында «тәңірісі» тұр. Алайда осының ӛзі-ақ Тәтіқараның үнемі 
тура басуға тырысып отырған адам екендігінің айғағы іспеттес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет