Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет19/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
 


Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы,1991. 
2. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті. Зерттеулер. Алматы,1980.
3. ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ қазақ поэзиясы. Алматы,1982.
4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-4 том.
5. Ай, заман-ай. Ӛлеңдер жинағы. Алматы,1990.
6. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989. 
7. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 
№9 дәріс
Тақырыбы
:
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау, ӛмірі, 
шығармашылығы. 
Мақсаты
:
Ақтамберді жырларының азаттық, бостандық толғаулары екендігін 
жеткізу. 
1. Жырау ұрпақтарының айтқан деректері, әрі “Тауарих хамса” бойынша 
Ақтамбердінің атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір кӛсемі, әскербасы 
батыры, әрі тӛгілмелі жырау болғандығы туралы мәлімет.
2. Ақтамберді елін, халқын жаудан қорғаушы, тарихи оқиғалардың бел ортасында 
жүріп азаттықты, еркіндікті, халық үшін “күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінгені”, 
ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер екендігіне ерекше назар аудару.
3. Ақтамберді толғауларының қайнар кӛзі-Шалкиіз, Доспанбет сияқтыӛзінен 
бұрынғы аталар мұрасының заңды жалғасы, кӛне қазақ поэзиясыекендігіне түсінік беру.
4. Ӛмірін түсіндіру барысында ӛлеңдерін дәлел ретінде пайдалану.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Күлдір-күлдір кісінетіп, балпаң-балпаң, 
Жүрек жота т.б. 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
ХҮІІІ ғасыр қазақ тарихында бетбұрыс кезең болды. Ескіден итжығыспен келе 
жатқан қалмақтар 1723 жылы тұтқиылдан шауып, қазақтарды қырғынға ұшыратады; қазақ 
халқы ӛзінің ескі мәдениет ошақтары – оңтүстіктегі қалалардан айырылады, ата 
қонысынан босып,ақтабан шұбырындыға ұшырайды. Бірақ осы үлкен жеңілістен соң кӛп 
ұзамай-ақ ес жиған қазақтар біріккен күшпен 1728, 1730 жылдары Жоңғар 
басқыншыларына ауыр соққылар беріп, жау қолында қалған жерлердің біразын босатады. 
Алайда, ойраттарды біржола талқандауға қазақ хандары мен сұлтандарының арасындағы 
алауыздық бӛгет жасайды.
Осы кезде қазақ халқа орыс халқана қосылады. 1731-жылы Кіші жүз, 1740-жылы Орта 
жүз, 1742-жылы Ұлы жүздің бір бӛлігі ӛз еркімен Ресейге қосылады. Осы дәуірдегі 
оқиғалар, жағдайлар жыраулар шығармашылығынан да кӛрініс тапты. 
«Тауарих хамсаның» айтуынша, Ақтамберді ойраттармен күрес дәуірінде қазақ 
қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ол – атақты Қара Керей Қабанбаймен 
бірге Найманның рубасы кӛсемі, әскербасы батыры. Сонымен қатар Ақтамберді жортуыл 
жыршысы, әулетті жырау да болған.
Ақтамберді жаугершілік заманның әрқилы кезеңдерін басынан кӛп ӛткерген. Егер 
«Алдаспанға» сүйенсек, 93 жыл ӛмір сүріпті, яғни 1675-1768 жылдарда дәуір кешкен. 
«Ақындық даңқы жас кезінде шыққанына» қарағанда, бізге мұрасы молырақ жетсе керек 
еді, әзірше қолда бары шағындау. Немесе Ақтамберді ӛлеңдерінің біршамасы басқа 
жырауларда ауысып жүруі мүмкін, XV-XVIII ғасырлар поэзиясында ондай жағдайлар 
кездеседі. Ақтамберді қазақтың кӛне жыраулық эпосының белді ӛкілдерінің бірі, аты әр 
жерде айтылғанымен, арнайы зерттелмеген авторлар санатында. Қолдағы қазынасына 
қарағанда, жырау жорық-жортуылдарға мүлдем ілесіпті. Егер ол «он екіде аттанып, 
қылыш ілдім білекке» десе, ӛмірінің тең жарымынан кӛбісі басқыншылармен күресте 
еткен кісі. Ақтамберді жарлылық пен жалғыздықтың тауқыметін кӛп кӛргенге ұқсайды, 
адамдыққа, адалдыққа, әділетке жүгінеді. Ауыз толтырып айтар байлығы болмағанын ӛзі 


жасырмайды. Тұрмыстың қыр-сырын, от басы, елдік, жерлік мәселелерін жырларында 
жақсы кӛрсетеді. Жырау ақиқатты айтудан тайсалмайды, шындық туралы шымыр 
шешендік сӛздерді түйдек-түйдегімен тастайды. Бәрі де сол тұстың ауыр тұрмысынан, 
күрес шындығынан алынған тартымды тирадалар. Жырау баққа да, таққа да таласпайды, 
кӛкірек кӛзі халық даналығымен суарылған. Ақтамберді, асылы, қысқа нақлият сӛздерінің 
шебері болса керек. Кӛңіліне түйгенін, піскен ойын шашыратпай, шиыршық атқан күйінде 
айтып кете берген. Эпикалық кең тынысты туындылары да болуы мүмкін. Бірақ, 
қолымызға әлі қомақты дүниелері түсе қойған жоқ. «Ақтамберді жырау (1675-1768) 
эпикалық жанрдың ақыны болған. Ӛзінің жырларында ол батырлардың ересен ерліктерін 
асқақ береді. «Күмбір-күмбір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз. Күрек тісін ақситып, 
Сұлуды сүйер ме екенбіз. Күдеріден бау тағып, Кіреуке тон киер ме екенбіз. Жағасы 
алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғай кӛз Сауыт киер ме екенбіз. Сырттан сауыт киген 
соң, Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын тӛске алып, Қол қашырар ма екенбіз». 
Ақын ӛзінің замандас жас ұрпағын табандылыққа, ерлікке шақырады. Ақтамбердінің 
бүкіл шығармасынан жауынгерлікке, ерлікке үндеу, жауға батыл аттану және оның 
алдында тізе бүкпеуге үндеу сарыны ерекше естіледі. Жырау жырлары қарапайым 
қауымның ой, арманын, мінезін, ӛрісін айқындайды. Әзілмен, айтыспен, сынау-мінеумен, 
келелі кеңеспен жыраулар ел, жер, күн дауын шешуде зор рӛль атқарған. Мәселен, ірілеу 
боп келсе толғауға түсіп кетіп, дала заңын ӛздерінше жасауға тырысқан. Кезінде 
Ақтам6ерді толғауы да осал қызмет істемеген. Ақтамберді творчествосында басқа 
тұстастарына қарағанда «меннің»кӛріне бастауы анықтау секілді. Ол ӛзінің ғұмырнамасын 
жырларына толық түрінде болмаса да ептеп түсіре берген. Жалған айтып, жағымпазданып 
тәуір кӛрінемін деу онда жоқ, күйінгенін, кӛңілі қалғанын, алыс арманын айтады. Ал тап 
берген жауға қарсы жігерлендіруге, алға ұмтылдыруға келгенде одан ӛткір үгітші, трибун 
кездеспейді. Бала-шағасын ұмытуға, ат үстінде түн қатуға әзір. Исі қазақтың тұтастығын, 
іргесінің ыдырамауын ойлаған кӛсем шешендердің бірі.Ақтамберді сияқты кӛреген жырау 
атамекенді тар мағынада түсінбесе керек, отырықшылдықты ойлауына қарағанда, біраз 
алысты қиялмен болжаған адам. Тақпақ-термелерінде ішіне сыймаған ойлары жатыр, 
соны сыртқа шығарған. Қынжыла толғанып шығарғандары ошақ басы емес, ерлікті, 
елдікті аңсаған зиялы зергердің келбетін танытады. Кӛшпенді тіршіліктің де ӛзінше бір 
қуаты, романтикасы барын Ақтамбердінің афоризмдерінен байқау қиынға түспейді. 
Кӛшпенді ақындардың ӛлеңдерінде ӛзара ұқсас бастау, кіріспе, риторикалық сауалдар, 
лепті кӛтермелер, дәстүрлі теңеу, салыстырулар қиялының кӛріне бастауы бойкӛрсетеді. 
Ӛзге жырауларға қарағанда Ақтамбердіде қаратпа тіркеспен басталатын ӛлеңдер жоқтың 
қасы. Жаугершілік заманда ӛмір сүріп, ел батырлары мен үзеңгілес бола жүріп, оларға 
арнау, толғау айтпауы қалай деген сауал туады. Соған қарағанда Ақтамбердінің әлі 
қолымызға түсе қоймаған, ел арасында жүрген шығармалары бар шығар. Жырау – ӛз 
уақытының кӛрегені. Тарихи деректердің ар жағында не нәрселер жатқанын біз кейде 
бажайлап біле бермейміз. Хандардың ішіндегі қаныпезер, ел тонағыш, ӛз пайдасы үшін 
қарапайым халық ӛкілдерін құрбандыққа шалатын әділетсіздерін жыраулар аяусыз мінеп-
шенеген. Олар тақта отырған хандардан тайсалмаған. «Меніменен, ханым, ойнаспа, Менің 
ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай, Ӛрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай, 
Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Беріктігімді сұрасаң, Қарағай мен 
қайыңдай», – деп, Еңсегей бойлы Ер Есімге тап берген Жиембет жырау Бортоғашұлының 
жүрегінің түгі бар шығар деп ойлап қаласыз. Жиембет пен Марғасқада болған батылдық 
Ақтамбердіде болмады деп айта алмаймыз. Ерлігімен де, сӛзімен де Орта жүзді аузына 
қаратқан жыраудың ер үстінде ӛткізген жорық күндерін тізіп айта бермеуі де мүмкін. 
Қабанбай, Бӛгембай, т.б. батырларды Ақтамберді білмеді деп және айта алмаймыз. 1728-
1730 жылдары жорықтарға батырлар да, жыраулар да белсене қатысқан. Ақтамберді сол 
кезде елудің о жақ бұ жағындағы жігіт екен. Сыртқы жауға шапқанда бірігіп кететін де, 
ішкі жағдайдағы жесір дауында, ер құнының тұсында ӛзара шыж-быждасып тақалған. 
Ғалымжан Мұқатовтың айтуынша: «Найманнан Қабанбай батыр мен Ақтамберді жырау 


жүз кісімен келіп, ерінің құнын, жесірін даулайды. Даугерден сӛзді әуелі Ақтамберді 
жырау бастап: «Уа, қарт Бӛгембай, Құяр жауын аспаннан, Қара бұлт торласа, Бәлекет елде 
кӛбейер, Жігітті жігіт қорласа. Ақбӛкен келіп жығылар, Алдын қазып орласа. Пенденің 
бағы ашылмас, Маңдайы қалың сорласа .Дұшпан қорлап не қылмақ, Бақыт басқа орнаса. 
Қынаптан қылыш суырмай, Қарысқан жау бүлк етпес. Жуылмай қастың қанымен, 
Намысқа тиген кір кетпес .Шабыссаң, кәне, шыдап кӛр, Жау емессің күш жетпес. 
Дарабоздай қолбасы, Абыройын кірлетпес. Ұрын келген ер қайда? Жесірім қайда тіл 
ӛтпес? Жендетті кӛрсет кӛзіме, Желіккен басты кім кеспес! Еліңді жүндей түткізіп ,Қанды 
кӛбік жұтқызып, Жайратамыз осы кеш!» – дейді сұстанып. Сонда Қанжығалы атынан 
Үмбетей жырау буырқанып, тебірене тоқтау айтады. Екі жақ пәтуаласады. Бұл да 
жыраудың ӛсиетші, ақыншы, кеңесші болғанын кӛрсететін ерекше кӛрініс. Алғыр, орақ 
ауызды шешен, Ақтамберді мұндай ел ішіндегі бітімдерге аз араласпаған болуға керек. 
Ақтамбердіден қалған мұра әзірше 300 жолдан аспайды. Ерліктің қалың ортасында жүрсе 
де, жырау қарапайым халық тұрмысын бейнелеуге кӛбірек бұрылған, тіршілікке кӛңілі 
толмай, мол армандағанын, жалғыздықтан, қолдың қысқалығынан жапа-зәбір шеккенін 
шығармаларынан танимыз. Түр, тақырып, объект жағынан Ақтамбердінің басқа 
жырауларға ұқсайтын да, ұқсамайтын да жақтары бар. Ақтамберді жырау табиғатқа, 
адамдарға бір табан жақын. Шарықтап аспанға да шығып кетпейді, жерден, елден қуат 
алады, мұңын да, сырын да тыңдаушысынан жасырмайды, бастан кешкен ғұмырлық 
тәжірибесін қорытады, қиындық пен ауыртпалықтың момын халықтың иығына түскеніне 
күйінеді, ерлік пен ӛжеттігін және жасырмайды. Ақтамберді ӛлеңдері жыраулардың ауыз 
әдебиетінен бӛлініп, жеке отау тіге бастағандығына дәлел. Халық даналығын кӛркейтіп 
одан әрі жетілдіруші, сӛз ӛнерін жаңа ерге апарушы ретінде кӛрінеді. Соғыс алаңы мен сӛз 
майданында қатар кӛзге түсу екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Ел күйінгенде 
күйінген батыр, ел сүйінгенде сүйінген батыр, ерегісте мыңға татыр» демекші, 
Ақтамберділердің ӛзі де, сӛзі де мыңға татитыны рас. Халқына қымбат жыр сыйлаған 
жүйріктердің қашанда бағасы ӛлшеусіз болмақ. Ӛз уақытының қашанда озық ойлы кісісі 
болу жеңіл міндет емес. 
Қалмақтардан жеңіліс, ата-мекен – шығыс облыстар мен Жетісудан айрылу, 
кӛптеген рулардың жау табаны астында қалуы бүкіл қазақ халқының қабырғасына қатты 
батқан еді. Жұрт дұшпаннан кек алар, жау қолында қалған ескі қонысты азат етер күн 
тууын аңсады. Ӛз заманының талабын, ӛз ортасының тілек, мүддесін білдірген 
Ақтамберді исі қазақ болып атқа қонуды, дұшпанға соққы беруді армандайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет