Жұмыс оқу бағдарламасы мамандық “Жалпы тәжірибелі дәрігер” Пән Фтизиатрия Оқу сағатының көлемі 180 Шымкент 2013 ж


Фтизиатрия пәні бойынша дәрігер – интерндерге арналған аралық тест сұрақтар– 50 сұрақ



бет29/32
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#67971
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Ж мыс о у ба дарламасы маманды “Жалпы т жірибелі д рігер” П н Ф (1)

Фтизиатрия пәні бойынша дәрігер – интерндерге арналған аралық тест сұрақтар– 50 сұрақ



  1. вариант

1~ Туберкулеманы нақтылайтын көрсеткіш:


|анамнезінде экссудативті плеврит +
|ентігу
|құрғақ жөтел
|шеттері бұдыр көлеңке
|науқастың қарт жасы.
2~ 26 жастағы ер кісі, оң жақ өкпенің С1 инфильтративті туберкулезімен , ТМБ(+) диагнозымен 2 ай стационарлық ем қабылдады. Қарқынды фазасы 4 микробқа қарсы препаратпен, 4 ай демеуші фаза жүргізілген. Бактерия бөлушілік тоқтаған. Рентгенограммада оң өкпеде С 1 шеттері тегіс , көлемі 3 см гомогенді түзіліс көрінеді.
Мейлінше мүмкін диагноз:
| туберкулема +
|дөңгелек инфильтрат
| перифериялық рак
| толтырылған киста
| эхинококк.
3~ Нашақорлықпен сырқаттанатын 25 жастағы ер кісіде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы анықталды. 6 ай көлемінде 1 категория бойынша ем қабылдаған, емнен соң ТМБ ( –). Туберкулема көлемі 6 см. Науқасты әрі қарай ем жүргізу тактикасы:
|үнемді резекция +
|пневмоперитонеум
|эндотрахелді дәрі енгізу
|жасанды пневмоторакс
|антибактериалді емді жалғастыру.
4~ Өкпенің инфильтративті туберкулездегі анықталатын морфологиялық өзгерістер:
|орталықта орналасқан ошақты перифокальді қабыну +
|өкпе тінінде экссудат
|интенсивтілігі әртүрлі ошақтар
| диссеминирленген ошақта продуктивті қабыну
| экссудативті қабыну ошақтардың полиморфизмі.
5~ 30 жастағы ер кісіде кешкілік дене қызуының 37,7С – ге дейін көтерілуі, қақырықты жөтел, оң жақ кеуде клеткасының ауырсынуы, әлсіздік мазасыздық, салмақ жоғалту байқалады.
Науқасқа жүргізілетін зерттеулер:
| қақырықты ТМБ зерттеу, флюрография +
|спирография, флюрография
|бронхография, флюрография
|электрокардиография, флюрография.
6~ 35 жастағы науқас әйел кеуде клеткасының ауырсынуына, қан аралас қақырықты жөтелге, әлсіздікке шағымданады. Субфебрильді температура 5 күн бойы сақталуда. ТМБ анықталмады. Қаның жалпы анализінде: лейкоциттер – 9,5 х 109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Рентгенограммада: оң өкпенің 2-ші сегментінде интенсивтілігі төмен диаметрі 4 см контурлары айқын емес гомогенді көлеңке көрінеді.
7 Мейлінше мүмкін диагноз:
|өкпенің инфильтративті туберкулезі +
| ісіктік пневмония
| жоғарғы бөліктік пневмония
| абсцестелген пневмония
| эозинофилді инфильтрат
8 ~ 50 жастағы ер кісі алғаш анықталған оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ(+) , 1 категория бойынша интенсивті фазасындағы емін аяқтады. Терапевтикалық нәтижеге қол жеткізілді, бактерия бөлушілік тоқтады, жұқа қабырғалы каверна түзілді. Науқастың емін әрі қарай жалғастыру тактикасы:
| пневмоперитонеум +
| кортикостероидтар
| резервті препараттар
| В,С тобындағы витаминдер
| дезинтоксикациялық терапия
9 ~35 жастағы ер кісі жедел сырқаттанды. Дене қызуы 39С, жағымсыз иіспен қақырықты жөтел мазалады. Обьективті: кеуде клеткасының сол жақ бөлігі тыныс алу актісінде қалыңқы. Сол жақтан жауырын аралық кеңістікте өкпелік дыбыс қысқарған, әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер 20* 109 /л , ЭТЖ – 55мм/сағ ТМБ анықталмады. Рентгенограммада: сол жақ төмеңгі бөлікте сақина тәрізді, контурлары тегіс емес көлеңке көрінеді, көлденең сұйықтық деңгейі бар.
10 Сәйкес келетін диагноз:
| абсцестелген пневмония +
| өкпенің инфильтративті туберкулезі
| бронхоэктаздық ауру
| инфаркты пневмония
| метастаздық рак.
11 ~ Өкпе түбірінің бір жақты ұлғаюы жиі кездесетін ауру:
| кеуде клеткасның лифма түйіндерінің туберкулезі +
|кониотуберкулез
| лимфагранулематоз
| жүрек жеткіліксіздігі
| саркоидоз
12 ~ Градуирленген туберкулин сынамасының нәтижелері бақылаушы – теріс, 1%-10мм , 5%-10мм, 25%-5мм, 100%-теріс болған жағдайдағы реакция типі:
| пародаксалды +
|гипоергиялық
| нормергиялық
| уровнительный
| гиперергиялық
13 ~ Қақырықта МБТ анықталмаса, инфильтративті туберкулез бен спецификалық емес пневмония арасында этиологиясы мен дифференциальді диагностика жүргізуге көмек береді:
| қабынулық өзгерістердің сіңірілу жылдамдығы +
|анамнезінде бактерия бөлуі
|обьективті мәліметтер
| зақымдану аймағы
| жалпы қан анализі
14 ~ 49 жатағы П., атты науқас әйел созылмалы обструктивті өкпе ауруымен сырқаттанады, тұрақты түрде таңертеңгілік аздаған қақырық бөледі, соңғы екі аптада қақырықтың көбейгенін байқады. Қалыпты физикалық жүктемеде ентігу пайда болатынын айтады. Сәулелік тексерулер нәтижесінде тыныс алу жүйесінің туберкулезіне күмән пайда болды.Диагнозды науқтылау үшін зерттеу тағайындалды.
ТМБ – нің адам типін анықтайтын зерттеу:
| қақырықты көректік ортаға егу +
| қақырықты микроскопиялық қарау
| бронхты жуған сулар флотациясы
|лабораторлы жануарларды жұқтыру
|қақырықты люменисцентті микроскопиясы
15 ~ Оң жақтық идиопатиялық плевриті бар 24 жасар науқаста экссудаттың клеткалық құрамында лимфоциттер басым.
Дәрігердің қолданатын шарасы:
|туберкулезге қарсы спецификалық емді тағайындау +
| плевра ішіне кең спекторлы антибиотиктерді еңгізу
|бүйректі УДЗ
| құрсақ қуысы ішінің рентгенографиясы
|вена ішілік урография
16~ 42 жастағы науқас туберкулезге қарсы бөлімшеге мынадай клиникалық диагнозбен түсті: диссеминирленген өкпе туберкулезі, инфильтрация фазасы, ТМБ (-), туберкулинге қарсы сынамалары теріс. Науқас бөлінділерінде ТМБ анықталды. Алғашқы диагноздың дұрыстығын мәлімдейтін және туберкулез сынамаларын бағалауға мүмкіндік беретін мәлімет:
|теріс анергия +
| гипоергия
| оң анергия
| пародоксальді
| гиперергия
17 ~ 1 категориялы ТМБ (-) бойынша есепке алынған науқас интенсивті фазасының екінші айында емін өздігінен үзген. Қайта қаралғанда қақырықта ТМБ (+).
Емнің нәтижесі:
| үзілістен кейіңгі ем +
| емдеу режимін бұзу
| қолайсыз нәтиже
| ауыстырылған
| ДОТС тан шығарылған
18 ~ Өкпенің диссеминирленген зақымдануын анықтаудағы ең информативті әдіс:
|өкпе тінінің гистологиялық зерттеуі +
|бронх құрамын микробиологиялық зерттеу
|рентгенография
|иммуногенетикалық зерттеу
|өкпені радионуклеидті зерттеу
19 ~ Өкпенің инфильтративті туберкулезімен дифференциялау қажет ететін н ауру:
|жоғарғы бөліктік пневмония +
|өкпе дамуының ақауы
|өкпенің перифериялық рагы
|эозинофильді пневмония
|бронхтың жоғарғы бөлігінің рагы
20 ~ 28 жастағы науқас әлсіздікке, аз өнімді жөтелге шағымданады. Физикалді зерттеуде өкпеде патология анықталмады. Қан анализінде лейк- 7,6 * 10 9/л, лимф- 17%, ЭТЖ – 27мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында диаметрі 1,5-2 см бір- біріне қосылатын фокустар бар, перициссурит.
Cәйкес келетін диагноз:
|өкпенің инфильтративті туберкулезі +
|өкпенің ошақты туберкулезі
|өкпенің диссиминерленген туберкулезі
|біріншілік туберкулездік комплекс
|өкпенің кавернозды туберкулезі
21 ~ 47 жастағы науқаста туберкулезге қары емнен соң қан анализінде ЭТЖ- 50мм/сағ. дейін жоғарлауы байқалды; рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде үшбұрышты көлеңке анықталды.
Науқасқа көрсетілетін зерттеу әдісі:
|қақырықты ТМБ-на тексеру +
|ангиография
|иммунологиялық зерттеу
|қанның бактериостатикалық белсенділігін анықтау
|Манту сынамасы
22~ Туберкулез инфекциясы резервуарының деңгейiн анықтайтын көрсеткiш:
| бактерия бөлушiлiк +
| өлiм-жiтiм
| жұққандық
| аурушаңдық
|сырқаттық
23~ Адамдардың туберкулезбен залалдануының негiзгi көзi:
| туберкулезбен ауырғандар +
| залалданғандар
| туберкулезбен ауырған жануарлар
| қан сорғыш жәндiктер
| туберкулездi науқаспен қатынаста болғандар
24~Өкпе туберкулезiн анықтаудағы негiзгi бактериологиялық әдiс:
| қақырықты егу мен бактериоскопия +
| қақырықты лабораторлық жануарларға жұқтыру
| қанды қоректi ортаға егу
| жалпы қан анализi
| зәрдің бактериоскопиясi
25 ~ Туберкулезбен зақымданудың негiзгi жолы:
| аэрогендi +
| жатыр iшiлiк
| трансмиссивтi
| қатынас
| алиментарлы
26 ~ Халық арасындағы туберкулезге қатерлi топтардың арасынан өкпе туберкулезiмен жиi ауыратындар:
| бас бостандығынан айрылғандар +
| жұмыссыздар
| қашқындар
| жалғыз бастылар
| баспанасыздар
27~ Халық арасындағы туберкулез бойынша медициналық қатерлi топқа жатпайды:
| гипертония аурулары +
| қант диабетi, асқазан жаралы ауруы, асқазанға операция жасалғандар
| өкпенiң созылмалы бейспецификалық аурулары
| туберкулезбен ауырғаннан кейiнгi қалдықты өзгерiстерi барлар
| туберкулездi науқаспен қатынаста болғандар
28~ Ересектердің өкпе туберкулезiнде жиi зақымдалатын сегменттер:
| 1, 2, 6 +
| 3, 4, 5
| 5, 6, 8
| 6, 7, 8
| 4, 5, 9
29 ~ Туберкулин сезімталдығының «Виражы»:
| жыл сайынғы теріс мәнді сынаманың оңға айналуы +
| бұрын оң болған сынаманың гиперергияға айналуы
| бұрын оң реакцияның өршуі
| 2 ТБ ППД-Л Манту реакциясының оң болуы
| жыл сайынғы теріс мәнді реакцияның күдікті болуы
30~ Біріншілік туберкулездің негізгі диагностикалық критерийі:
| туберкулинді сезімталдық виражы +
| интоксикация синдромы өкпе симптомдарымен бірге
| туберкулинді сезімталдықтың гипоергиялық сипаты
| керотоконъюктивит, фликтена
| оң анергия
31~ Балалар туберкулезінің ерте диагностикасында ең қолайлы әдіс:
| тері ішілік Манту сынамасы +
| өкпенің ауқымды рентгенографиясы
| полимеразды тізбекті реакция
| иммуноферментті анализ
| фибробронхоскопия
32~ DOTS терминологиясына сәйкес туберкулез емінің нәтижесі:
| ем аяқталды +
| режим сақталмаған
| ыдырау қуысы жабылды
| қайталанған ауру
| үзілістен кейінгі ем
33 ~19 жасар жасөспірім. «Іш сүзегі» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне жолданды. 3 апта бойы ауырған. Өзін тұмаумен ауырдым деп ойлаған. 1 тәулік алдын жағдайы бірден нашарлаған. Бірден бас ауыру байқалған, интоксикация симптомдары айқын. Объективті: жағдайы ауыр, дене қызуы 390С. ТАЖ-42, пульсі -120. Азғана менингиальді белгілер бар. Өкпеде сырылдар естілмейді. Рентгенологиялық: барлық өкпеалаңында және екі өкпе аймақтарында біркелкі орналасқан 1-2мм өлшемді мономорфты ошақтар, интенсивтілігі аз, бір-біріне бірікпеген.
Сіздің диагнозыңыз:
| млиарлы туберкулез +
| диссеминирленген туберкулез, жеделдеу ағымы
| екі жақты ошақты туберкулез
| Ку қызбасы
| іш сүзекті пневмония
34~ Пәтерде туберкулез қақырық жұғындысы оң нәтижелі науқас анықталды. Контакте ол науқаспен бірге 2 ересек, 3 бала және 15 жасар жасөспірім тұрады.
Учаскелік фтизиатрдің туберкулез ошағында жүргізетін шаралар тізімі:
| барлық шаралар дұрыс +
| науқасты ем қабылдау үшін стационарға госпитализациялау
| ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу
| балаларға және жосөспірімге Манту сынамасын жасау, жөтеліп жүргендерге үш реттік қақырығын МБ-ға тексеру
| инфицирленген балалар мен жасөспірімге химиопрофилактика жүргізу.
35 ~ 21 жасар науқас К, клиникалық диагнозы: сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезді ыдырау фазасы, 1-ші категория бойынша, туберкулезге қарсы 4 препараттармен 1,5 ай бойы ем алуда.
Науқастың стационарда ем алуы ұзақтығы:
| бактерия бөлінуінің тоқтауы +
| науқастың жалпы жағдайының жақсаруы
| өкпедегі инфилтрацияның тарқауы немесе сорылуы
| ыдырау қуысының жабылуы
| клиникалық сауығу
36~ Қабылдау бөліміне этиологиясы белгісіз менингитке күмәнді науқас келіп түсті. Жұлын сұйықтық анализінде келесі өзгерістер анықталды: цитоз 400, лимфоциттер 75%, нейтрофилдер 20%, белок 1,5, қант 1,9, хлоридтер 110 м/моль, фибринді пленка 24 сағаттан соң түсті, Панди реакциясы – (+++). Фтизиатр кеңесінен кейін туберкулзді менингит диагнозы қойылды.
Спецификалық химиотерапия схемасы:
| 4 (5) HRZE ( или S) и 7 HR +
| 2 HRZES/ 1 (2) HRZE и 5 HRZ
| 5 (6) HRZE (или S) и 2 HRZ
| 1 (4) HRZE и 2 HZ
| 2 HRZ и 5 HR
37 ~ Әлсіз интоксикация белгілері бар науқастың рентгенограммасында - өкпеде диаметрі 1,5см ыдырау қуысы бар фокус анықталған.
Cіздің болжамды диагнозыңыз:
| туберкулема +
| киста
| рак метастазы
| пневмония
| аспергиллема
38 ~ Науқастың рентгенограммасында: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде диаметрі 3 см, орташа интенсивті, жиегі анық емес, өкпе түбірімен байланысқан инфильтративті қараю анықталды. Төменгі бөліктік бронхтар тарылған.
Туберкулездің сәйкес келетін түрі:
| біріншілік туберкулезді комплекс +
| кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
| өкпенің инфильтративті туберкулезі
| бөлікаралық плеврит
| өкпе туберкуломасы
39 ~ Науқас 1категория МБТ теріс бойынша диспансерлік бақылауға алынған, қарқынды кезеңде емі 2 айға үзілген, қазір қақырықта МБТ оң.
Науқасты жүргізу тактикасы:
| үзілістен кейінгі ем +
| ем режимінің бұзылысы
| нашар нәтижелі
| ауыстырылған
| DOTS алынған
40 ~ Абсцесс пен деструктивті туберкулездің салыстырмалы диагностикасында жүргізілетін ем:
| кең спектрлі антибиотиктер +
| дезинтоксикациялық дәрілер
| саңырауқұлаққа қарсы препараттар
| туберкулезге қарсы препараттар
| жүрек гликозидтері
41 ~ Алғаш анықталған, І категориялы, белсенді бациллобөлгіш өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың сүйемелдеуші ем фазасындағы химиотерапия ұзақтығы:
| 4 немесе 7 ай +
| 2-4 ай
| 3-5 ай
| 6-8 ай
| 8-10 ай
42 ~ Клинико-рентгенологиялық симптоматика: кеуде қуысындағы ауру сезімі, ентігу, цианоз, тахикардия, перкуторлы-тимпанит, рентгеноскопияда – тыныс алуда кеудеаралықтың сау бөлікке ығысуы.
Болжамды диагноз:
| қақпақшалық пневмоторакс+
| ателектаз
| жабық пневмоторакс
| кеудеаралық эмфизема
| кеуде қуысының жарақаты
43 ~ ППД-Л туберкулин препаратының құрамы:
| адам және бұқа микобактерия түрлерінің өмірсүру өнімдері+
| өлтірілген адам және бұқа микобактерия түрлері
| бұзылған микобактерияның қалдықты мөлшері
| адам және құс тірі микобактерия түрлері
| өлтірілген құс микобактерия түрлері
44 ~ IV-V қабырға деңгейінде дөңгелек пішінді, анық контурлы, ағару аймақты фокусы бар рентген суреттеме туберкулез түріне тән:
| туберкулема +
| оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, туморозды
| оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, плевритпен асқынған
| оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтративті
| оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, бронхитпен асқынған
45 ~ Науқас С., 25 жаста 1 ай бойы ауырады. Шағымдары: айқын интоксикация, өнімді және кезеңді жөтел. Қақырық анализінің екі порциясында ТМБ оң. Өкпе рентгенограммасында екі жақты жоғарғы-ортаңғы бөлімдерінде, торлы сурет фонында полиморфты ошақты көлеңкелер анықталады. «Штампты» қуысы бар.
Дұрыс диагноз қойыңыз:
| диссеминирленген өкпе туберкулезі +
| туберкулема
| инфильтративті өкпе туберкулезі
| фиброзды-кавернозды туберкулез
| біріншілік туберкулезді кешен
46 ~ Науқастың рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде I-II қабырға шамасында дөңгелек пішінді, мөлшері 4 х 4 см, жабық сақиналы көлеңке анықталады. Перикавитарлы аймақта аздаған ошақтар бар; өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос. Диафрагма контурлары тегіс. Жүрек, аорта - өзгеріссіз.
Рентгенограмма бойынша қорытынды жасаңыз:
| кавернозды туберкулез +
| өкпе туберкулемасы
| фиброзды-кавернозды туберкулез.
| цирротикалық туберкулез
| инфильтративті туберкулез.
47 ~ 35 жастағы науқас «оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ оң, жаңа жағдай, қақырық жағындысы оң» диагнозымен ауруханасында стационарлы ем қабылдаған. І категориямен емделген. Соңғы 2 ай бойы емделмеген. ЖМЖ бригадасымен өкпеден қан кетумен жеткізілген. Қарағанда: науқас бозғылт, акроцианоз, ТАЖ 30 рет/мин, температура 37,5°С. Жөтел кезінде ауыздан алқызыл қан бөлінеді. Өан кету шамамен 1 сағат бұрын басталған. Осы уақыт аралығында 200,0 мл қан жоғалтқан. АҚҚ 80/50 мм.сн.бағ. Пульс 100 рет/мин.
Алдын-алу шаралары:
| гемостатик, витаминдер, жөтелге қарсы препараттар. Ем алуды ІІ категориядан бастау +
| гемостатик, антибиотик, муколитик. Ем алуды ІІ категориядан бастау
| гемостатик, антибиотик, жасанды пневмоторакс. Ем алуды І категорияны жалғастыру
| хирургиялық ем, антибактериальды ем, терапия. Индивидуальды емдеу схемасы.
| гемостатик, антибиотик, муколитик. Ем алуды І категорияны жалғастыру
48 ~ 32 жасар науқастың рентгенограммасында оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде орташа интенсивті, жиегі анық емес, диаметрі 3 см, өкпе түбірімен байланысқан инфилтративті қараю анықталды. Төменгі бөліктік бронхтар тарылған. Туберкулездің сәйкес келетін түрі:
| біріншілік туберкулезді комплекс+
| кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
| өкпенің инфильтративті туберкулезі
| бөлік аралық плеврит
| өкпе туберкуломасы
49~ 25 жасар науқас өкпе туберкулезі мен ауырады, жүктілік мерзімі 6 ай. Қолдануға болмайтын туберкулезге қарсы дәрі:
| стрептомицин +
| этамбутол
| пиразинамид
| изониазид
| рифампицин
50 ~ 22 жасар науқаста профилактикалық қарау кезінде, сол жақ өкпенің екінші сегментінде ыдыраусыз және бактерия бөлмейтін жедел ағымды ошақты туберкулез анықталды. Диагнозын және категориясын көрсетіңіз.
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ теріс. ІІІ категория +
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ теріс. ІVкатегория
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ теріс. І категория
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің cіңірілу фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ теріс. ІІІ категория
| сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулезі. МБ теріс. ІІ категория


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет