- ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде. - 2000 ж. 30 қарашадағы «Бағалау қызметі туралы» ҚР Заңы
- Гражданское право. Часть особенная. Том I. Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин Алматы. Издательство КазГЮА. 2002.
Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Екі томда. Комментарий. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Жеты Жарғы, 2008
- Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 3: Договоры о выполнении работ и оказании услуг. Издание дополненное, исправленное. - М.: «Статут», 2002.
- Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 1 том.— Алматы, 2012.— 296 б.
- Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Алматы, 2011 ж.
Идрышева С.К. Азаматтық құқық пәнінен дәрістер және әдістемелік нұсқаулар. www.civilian.clan.su сайтында
7 апта
5. Қызмет көрсету туралы міндеттемелер.
1. Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау щарты
2. Медицина институтының оқытушысы Қосжанов Сержановаға оның қызы Әлияны медицина институтына физика пәні бойынша қабылдау емтихандарын тапсыруға дайындауға міндеттенді. Ақылы қызмет көрсету шартында сабақ Сержанованың пәтерінде бір ай бойы күн сайын екі сағаттан өткізіледі деп көрсетілген. Сабақ үшін төлем әр аптаның соңында берілу керек болатын.
Екінші аптаның соңында Сержанова Әлияның есірткі пайдаланытынын көреді. Ол қызын жазалап, есігін құлыптап қамап қояды. Қосжанов Әлиямен кезекті сабақ өткізуге келгенде, ол бөлмесінде болмай шығады. Ол терезеден секіріп, үйден шығып кеткен екен. Осыдан кейін келесі күні де осы жағдай қайталанады. Қосжанов Сержановадан орындалу мүмкінсіздігіне байланысты ақылы қызмет көрсету шартын бұзуды және қалған екі апта үшін қызметтер төлемін толық көлемде төлеуді талап етті. Сержанова екі болмай қалған сабақты есептеп, нақты жүргізілген сабақ үшін ғана төлеуге келісті.
1. Қосжановтың Сержановаға сабақ үшін толық көлемде төлеу туралы талабы заңды ма? 2. Қосжановқа нақты жүргізілген сабақ үшін төлеген Сержанованың әрекеттері заңды ма? 3.Кімнің әрекеті заңды: Қосжановтың ба немесе Сержанованың ба?