- ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде. - Гражданское право. Часть особенная. Том 2. Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин Алматы. Издательство КазГЮА. 2002.
Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Екі томда. Комментарий. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Жеты Жарғы, 2008
- Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 3: Договоры о выполнении работ и оказании услуг. Издание дополненное, исправленное. - М.: «Статут», 2002.
- Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 1 том.— Алматы, 2012.— 296 б.
- Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Алматы, 2011 ж.
- Идрышева С.К. Азаматтық құқық пәнінен дәрістер және әдістемелік нұсқаулар. www.civilian.clan.su сайтында
11 апта
8. Бірлескен қызметтен туындайтын міндеттемелер. Франчайзинг шарты
1. Консорциалдық келісім шарт
2. «Ара» ауыл шаруашылығы кооперативі балды өндіру мен жинаудың ерекше технологиясын ойлап шығарды. Бұдан әрі кооператив шығаратын өніміне «Ара» тауарлық белгісін тіркеді. Бұдан өзге, кооператив өзіне тиесілі тауарлық белгісімен бал шығару үшін екі бал омартасымен кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын жасады. Біршама уақыт өткеннен кейін салық инспекциясы кооператив пен омарталардың қызметінде салық заңнамасының маңызды бұзушылықтарын анықтады және кооператив пен омартаның белсенді жұмысы тоқтатылды. Екі айдан соң кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының бір тарабы болған бір омартаның өнімін тұтынушы - «Прогресс» дүкені балды тиісті көлемде және мерзімде дүкенге тапсырмағаны үшін шығындардың орнын толтыру туралы омартаға наразылық хат түсірді. Омартаның меншігіндегі қаржысының жеткіліксіздігіне және барлық қойылған талаптарды қанағаттандыру мүмкінсіздігіне байланысты дүкен қоса жауап беруші ретінде ауыл шаруашылық кооперативін де тартуды талап етті.
Ауыл шаруашылық кооперативі дүкеннің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.
Істі шешіңіз.