Жоғары құқық мектебі



бет76/77
Дата06.04.2023
өлшемі172,84 Kb.
#173867
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
103

4.

67.404я73
Г 756

Гражданское право. В 3-х т. Т.2 : учебник / Под ред. А. П. Сергеева. - М. : ТК Велби, 2009. - 880 с
Экземпляры: всего:2 - ЧЗ(1), АБ(1).

5.

67.404я73
Г 756

Гражданское право. В 3-х т. Т.2 : учебник / ред. А. П. Сергеева. - М. : РГ-Пресс, 2010. - 880 с
Экземпляры: всего:1 - АБ(1).

6.

67.404я73
Г 756

Гражданское право. В 3-хт. Т.3 : учебник / Под ред. А. П. Сергеева. - М. : ТК Велби, 2009. - 800 с
Экземпляры: всего:2 - ЧЗ(1), АБ(1).

7.

67.404(5Каз)я73
П694



Пралиева Г.К.
Гражданское право Республики Казахстан. Общая и Особенная части : учеб.-практич. пособие / Г.К. Пралиева. - Алматы : Юрист, 2009. - 316 с
Экземпляры: всего:2 - АБ(2).

«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)» пәні бойынша
студенттердің өзіндік жұмыстарын және студенттердің оқытушымен бірге жүргізілетін өзіндік жұмыстарын дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар


Пікірталас
Бүгінгі студент өзінің алдағы бағытын дұрыс белгілеп, саралай білу үшін оларға берілетін білім өзегінде, біріншіден, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсіну, қабылдау қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытатын тәсілдер қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуметтік күштен студент әрекетін дамытудың тетігіне, яғни практикалық қажеттілікті ақтайтын тегеурінді күшке айналады.
Университетте студенттің пікір-пайымын дұрыс жеткізумен қатар, оның өз көзқарас-тұжырымдарын дәлелдей алуы – өте маңызды ритрикалық дағды. Осы тұрғыдан алғанда, студентті пікірталасқа қатысуға үйрету үдерісі көптеген аспектіден тұратын күрделі құбылыс. Оның: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, этникалық, яғни тәрбиелік секілді құрамдас бөліктері бар. Психологиялық тұрғыдан алғанда, пікірталасты сөйлеу әрекеті деп қарауға болады, себебі пікірталас дегеніміз – бұл ең алдымен, сөйлеу, өз ойыңды өзгеге жеткізу, дәлелдеу.
Пікірталас (латын тілінен аударғанда – қарастыру, зерттеу) – мәселені немесе даулы сұрақты талқылау. Пікірталастың басқа таластардан айыратын маңызды белгісі оның дәлелдеу ерекшелігінде. Даулы мәселені талқылауда әрбір тарап өзінің сұхбатта тарабына қарсы пікір білдіре отырып, өзінің ұстанымын уәждейді.
Ал, пікір деген – қарапайым тілмен айтқанда, көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.
Оқытушының сабақта пікірталас ұйымдастыруы – оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі. Себебі, студент пікірталас кезінде еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекетін жасайды. Пікірталас студенттер өміріне шынайы проблемаларды әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды.
Сабақты пікірталас нысанында дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Мәселен, тақырыпты алдын ала беру қажет. Және кез келген тақырыпты емес, бағдарламаға сәйкес дау туғызатын мәселелерді берсе, студенттер дайындық кезінде біршама ақпаратқа кез болады. Сонымен қатар, олардан пікірсайыстың барысы туралы өз көзқарастарын біліп, қатысушылардың жіберген қателіктері мен кемшіліктерін таба білуге үйрету керек.
Пікірталас кезінде студенттермен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Пікірталас кезінде әрбір қатысушының өз мүмкіндігін айту мүмкіншілігі болу керек; қарсыласын тыңдай білуге дағдылану; біреудің сөзін бөлмеу; үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін уақыт беріп отыру.
Пікірсайысшыда болуға тиісті қасиеттердің негізгілері: харизмалық қасиет, яғни шешендік, импровизаторлық қасиет, яғни кез келген жағдайдан сүрінбей өту, дер кезінде шешім шығара білу, риторикалық қасиет, яғни сұрақты жүйелі қоя білу, эмоциялық қасиет, яғни өз эмоциясын басқара алу. Ең бастысы, мықты пікірсайысшыға логика мен білім қажет екені белгілі. Пікірсайыс кезінде дауыстың тембрі де белгілі бір дәрежеде қызмет атқаратынын да студент білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет