Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Хром топшасындағы элементтердің атомдық нөмірінен атомдардың ионизациялау энергиясы, иондық радиусы және атом радиусының тәуелдігін талдаңдар.
2. Cr, Mo және W қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
3. Cr− Mo− W қатарында тұрақты тотығу дәрежесі қалай өзгереді?
4. FeCr2O4 + 4CO = Fe + 2Cr + 4CO2 процесінің ∆Gº298 есептеңдер. Осы реакцияның жүзеге асуын қандай фактор – энтальпиялы немесе энтропиялы – анықтайды?
5. Тотықсыздандыру арқылы алынған хромды темір балқымасын қалай атайды?
6. Феррохром, ферровольфрам және ферромолибденнің қандай практикалық маңызы бар.
7. Cr(OH2)62+ және Cr(NH3)62+ комплекстерінің электронды конфигурациясын келтіріңдер. Бұл қандай комплекстер – жоғарыспинді немесе төменспинді, пара – немесе диамагнитті – екенін анықтаңдар?
8. Хром (ІІ) қосылыстарының ерітіндісінің түсі ауада тұрған кезде өзгеретіні белгілі. Бұл немен түсіндіріледі? Жауапты дәлелдеу үшін сәйкес жүйенің (Cr3+/Cr2+ және O2/H2O қышқыл ортада) тотықтырғыш потенциалын және Cr (II) тотығу реакция теңдеуін келтіріңдер.
9. Тұз қышқылымен қышқылдандырылған CrCl2 неліктен оттекті жұту үшін қолданылады?
10. Cr(OH2)62+ жоғары тотықсыздандырғыш белсенділігін қалай түсіндіруге болады?
11. Қышқыл және сілті ортада Сr3+ иондары қандай формада болады? Хром (ІІІ) гидроксидінің қышқылдық-негіздік қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін келтіріңдер.
12. (NH4)Cr2O7 термиялық ыдырауы арқылы алынған Cr2O3 реакция теңдеуін жазыңдар. Осы процесс жүру барысында энтальпиялы және энтропиялы фактор рөлі қандай және бұл процесс қайтымды ма?
13. Натрий, кальций, темір (ІІ), магний, кобальттың (ІІ) қарапайым оксохроматтарының формуласын келтіріңдер. Олардың қайсысы тұздарға, қайсысы аралас оксидтерге жатады? Натрий (ІІІ) хроматының гидролиз және алу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
14. KCl – CrCl3 жүйесінді қандай қосылыстар түзіледі? Реакция теңдеулерін құрыңдар. Осы процесте KCl және CrCl3 қышқылдық-негіздік рөлі қандай?
15. Cr (VI), Mo (VI), W (VI) қосылыстарының және оларға жауап беретін анионды комплекстердің мысалдарын келтіріңдер. Э(VI) екі немесе үш элементті қосылыстың қышқылдық-негіздік табиғаты қандай? Жауапты негіздеу үшін реакция мысалдарын келтіріңдер.
16. CrO42-, Cr2O72-, Cr3O102-және CrO3 құрылысын сипаттаңдар. Ерітіндіде CrO42- ионының полимерленуіне қандай жағдайлар әсер етеді?
17. ЭО3 балқу температурасын келтіріңдер және CrO3−MoO3−WO3 қатарында балқу температурасы мәнінің өзгеру сипатын түсіңдіріңдер.
18. Қалыпты жағдайда CrO3, MoO3, WO3 термиялық ыдырауының Гиббс энергиясының өзгеруін есептеңдер. CrO3−MoO3−WO3 қатарында термиялық тұрақтылық және тотықтырғыш белсенділік қалай өзгереді?
19. Хром қоспасының (K2Cr2O7+H2SO4) қандай қасиеті, оны органикалық кірді кетіру үшін қолданылады? Неліктен бейорганикалық зертханада оның қолданысы аз?
20. CrO−Cr2O3−CrO3; Cr(OH)2−Cr(OH)3−H2CrO4; CrF2−CrF3−CrF6 қатарында хромның тотығу дәрежесі ұлғайған сайын бір типті қосылыстардың қышқылдық-негіздік қасиеттері қалай өзгереді?
21. Техникада молибден (VI) оксидін молибденитті ауада жағу арқылы алады. Осы процестің реакция теңдеуін жазыңдар.