Казахстан


Вентрикулографияны позитивті контраст заттармен



Pdf көрінісі
бет17/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия
Лекция-СД-2курс-каз, Макро- мен микропрепаратар №1, Лейкозы
Вентрикулографияны позитивті контраст заттармен 
жасау.
Бүйір қарыншаға суда еритін контраст заттар жіберумен 
жасалынады: сіңірілмейтін пантопак және майодилға қарағанда 
науқастар бұл препараттарды жеңілірек көтереді және барлық 
қарынша жүйесін жақсы контрасттайды. Вентрикулография үшін 
позитивті контраст заттар қолданылады. Мұндай контраст 
заттардың аздаған мөлшерімен (1-5мл) бүйір қарынша жүйесінің 
суретін толық алуға болады. Бұл әдіс орта сызықтағы ісіктерді 
анықтауда өте пайдалы. 
Ангиография.
Неврологиялық және нейрохирургиялық 
клиникаларда ангиография кеңінен қолданылады. Ол ми 
зақымдануының орналасуын ғана емес, сонымен қатар оның түрін 
де анықтауға мүмкіндік беретін өте бағалы диагностикалық әдіс. 
Бұл әдісте ми қан ағысына контраст зат жіберіп, оның қан 
тамырларынан өтудегі әр түрлі кезеңде рентген қағазына түсіріледі. 
Табылған ми тамырларының өзгеруі түрлерінен бассүйегі ішіндегі 
патологиялық үрдістің орналасуы мен түрін білуге болады. 
Адам 
миының 
ангиографиясы 
ми 
ауруларының 
рентгенодиагностикасының жаңа әдісі ретінде 1927 ж дами 
бастады. Португалиялық неврапотолог Мониц клиникалық 
ангиографияның негізін салушы болып табылды (2-ші сурет). 
 
 
Сурет
2. Мидың ангиорежимдегі МРТ зерттеуі


26 
Ми ангиографиясына көрсеткіштер: 
1. Мидың ісікті және ісікті емес ауруларын ажырату қажет 
болғанда; 
2. Бассүйегі қуысындағы көлемді үрдістердің орналасуы мен 
түрін анықтау қажет болғанда; 
3. Келесі отаның орындалуын, ісіктің гистологиялық 
құрылымын анықтау және оның құрылысын білу үшін; 
4. Бассүйек ішіндегі тамырлардың аномалиясы бар деп 
ойлаған жағдайларда (аневризмалар, дамудың туа біткен 
ақаулары); 
5. Бассүйек ішілік гематоманы диагностикалау мақсатымен 
ауыр бас-ми жарақатында; 
6. Созылмалы субдуралдық гематоманың дамуы мүмкін 
бас-ми жарақатының созылмалы кезеңінде; 
7. Ми инсульті кезінде ми тамырларының тромбозы мен 
бассүйек ішілік гематоманы ажырату үшін; 
Егер ми іріңдігі, ісігі кез-келген этиологиялы окклюзиялық 
гидроцефалия клиникалық көрінісіне күдіктенгенде пневмо- 
графияға қарағанда, ангиография зерттеудің едәуір қауіпсіз әдісі 
екендігін ескерген жөн. Ангиографияның көмегімен патологиялық 
үрдістің орналасуы мен түрін анықтай алмаған жағдайда 
пневмография жасауға көрсеткіштер туады. [27] 
Тамыр жүйесіне жіберілетін заттар ағзаға зиянсыз, тез 
шығарылатын, рентгенограммада мидың өте тар тамырларын да 
көрсететін жоғары контрастты болуы қажет. Ангиография үшін әр 
түрлі препараттар қолданылады, олардың ішінде құрамында йод 
бар препараттар кең таралған. 
Әр түрлі фирмалық атаулары бар және әр молекуласында 
органикалық байланысқан йодтың қос немесе үш атомы бар қос 
йодты және үш йодты қосылыстар қолданылады (диодон, 
умбродия, урографин, гипак және т.б). Артерияға 8-15 мл 35-50% 
контраст зат жіберіледі, қажет болса осы дозаны 10-20 минуттан 
кейін 2-3 рет қайталайды. Науқастың қан құрамындағы азот 
қалдығының деңгейі 0,5-0, 45 гр/л (40-50мг) болса және де оның 
йод препараттарына сезімталдығы жоғары болса (ол алдын-ала 
анықталады) құрамында йод бар контрастты заттар қолданылмай- 


27 
ды. Құрамында торий (тортраст) бар препараттар жоғары 
радиобелсенді канцерогенді қасиеті болғандықтан қолданылмай- 
ды. 
Көрсеткіштеріне байланысты контраст затты жалпы ұйқы 
артериясына, немесе бөлек сыртқы және ішкі ұйқы артерияларына 
(каротидті 
ангиография), 
немесе 
омыртқа 
артериясына 
(вертебралды ангиография) немесе аксиллярлы, не болмаса бұғана 
астылық артериясына жібереді. 
Каротидті ангиографияда суреттен жалпы, сыртқы және ішкі 
ұйқы артериялары бұтақтарымен көрінеді, әсіресе алдыңғы және 
ортаңғы ми артерияларының орналасуының мәні зор. Супра- 
тенториумдық аймақта орналасады деп есептеген жағдайда 
каротидті 
ангиограграфия 
әдісі 
жасалады. 
Вертебралды 
ангиография негізгі және артқы ми артерияларының жүйесін 
анықтап, үрдіс бассүйегінің артқы шұнқырында және мидың үлкен 
жарты шарларының артқы бөлігінде орналасқанына күдік туғанда 
жасалады. 
Каротидті ангиографияда контраст затты зақымдану ошағы 
орналасқан аймақтағы тамыр жүйесіне жібереді. Екі жақты 
ангиография- екі жақтың тамыр жүйесін салыстыру үшін немесе 
диагноз сенімсіз болған жағдайда қолданады. 
Бұрын ангиографияны негізінен ашық әдіспен жасаған, яғни 
мойындағы ұйқы және омыртқа артерияларын хирургиялық 
жолмен жалаңаштап пункцияланған. 
Ангиографияны міндетті түрде жабық түрде, яғни тері 
арқылы пункциялап жасайды. Вертебралды ангиографияны 
каротидтік ангиографияға қарағанда сирек қолданылады, көбінесе 
омыртқа артериясын бассүйек аномалияларында және артқы 
шұңқырда ісіктер болғанда пайдалану қажет. Вертебралды 
артерияны пункция жасайтын деңгей СЗ және С5 кеуде 
омыртқалары арасында ұйқы артериясынан ішке қарай. Мидың 
ангиографиясын жасау үшін арнайы ренттен аппараты және 
қосымша жабдық болуы қажет. Олардың көмегімен контраст 
заттың ми тамырларынан өту фазаларын бірнеше суретте рентген 
бейнелеумен көруге мүмкін болады. 


28 
Контраст 
затты 
енгізуге 
әр 
түрлі 
автоматикалық 
пневмошприцтер қолданылады, егер пневмошприцтер болмаса, 
жай шприцпен жасалады. Автоматикалық сериографтар секундына 
6 кадр және 30 суретті бүйір және тура проекцияларда, бөлек 
пленкаларда қабылдау мүмкін. Ұйқы және омыртқа артериялары 
үшін тікелей ангиографиядан басқа әдістер де қолданылатын 
болды. Олар катетер арқылы контрастты перифериялық артериялар 
арқылы жіберу әдістері. Осы кезде тоталды немесе селективті 
ангиографияны қолданады [18]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет