Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша дәрістер жинағы


Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері



бет8/19
Дата19.02.2017
өлшемі2,66 Mb.
#10642
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері
Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру – өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:



  • өңдірумен (ПТ) – уақыт бірлігінде шығарылған өнім көлемі:



  • еңбек сіңіргіштікпенөнім бірлігін шығаруға қажет уақыт:


Іс жүзінде еңбек өнімділігін келесі формула бойынша есептейді:

Еңбек өнімділігін келесі үш әдіспен есептейді:



  1. Натуралдық: Nt – өнім натуралдық өлшем бірліктермен анықталады. Артықшылығы – қарапайымдылығы, көрнекілігі. кемшілігі – бір түрлі өнімге ғана қолдануға болады.




  1. Ақшалай: өнім ақшалай түрде анықталады.

Nч – таза өнім. артықшылығы – Есептеуі оңай, барлық өнім түрлерін және жағдайларды есебке алады. Кемшілігі – инфляцияның әсерінен еңбек өнімділігінің өзгеруін дәл анықтауға болмайды.



  1. Еңбекті: орындалған жұмыстарды еңбек-сағаттармен есептейді.

мұндағы Qi – i-й жұмыс түрінің көлемі

ti – i-й жұмыс түрінің еңбек сіңіргіштігі.

Артықшылығы – барлық өндіріс түрлерінде қолданылады, өнім өңдіру нормасын есептеуге болады, бірақ көрнекі емес.

Жұмыс уақытының қолданылатын бірлігіне қарай еңбек өнімділігі келесі болуы мүмкін:



  • Сағаттық:

, мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-сағат саны


  • Күндік:

, мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-күндерінің саны

  • Жылдық:



Еңбек өнімділігінің өсуін анықтау үшін үнемделген жұмысшылар санын табады:


Еңбек өнімділігіне көптеген факторлар әсер етеді: экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық, басқарушылық, психологиялық. Осы факторларды кез келген өндірісте кәсіпорын жетекшілері қолдануға тиіс және олардың ішінен ең тиімдісін анықтап, іске асыруы қажет.

Тақырып 5. Еңбек ақы ұғымы, түрлері, формалары (1 сағат)

Дәріс жоспары:

  1. Еңбек ақының экономикалық мағынасы

  2. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері

Семинар (1 сағат)

Семинар сұрақтары:



    1. Еңбек ақының қандай формаларын білесіз?

    2. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді?

    3. Мемлекет еңбекті төлеу процесіне қалай реттеу жұмысын жүргізеді?

    4. Кесімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз.

    5. Мерзімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз.

Тапсырма

Есептер жинағы бойынша «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша 3.4. тапсырмасын орындау.



Әдебиет

        1. Дәрістер

        2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 132-150 б

        3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 230-246 б.

        4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 472-480 б

        5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 226-234 б.

  1. 6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 44-54 б

7. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 35 б.



Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

1. Есеп жинағында «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№9, 10).



1. Еңбек ақының экономикалық мағынасы
Еңбек ақы – жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.

Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор); жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын); акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады.

Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді.

Еңбек ақы – тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді.

Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде әсіресе қолайлы әдіс – нормативті әдіс болып табылады. Бірақ, оны қолданудың бірқатар шарттары бар: 1) нормативтер тұрақты, ұзақ мерзімді болу керек, өндіріс көлемінің өзгеруі ұжымның еңбек жағдайларымен байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана болады. 2) нормативтер жеке емес топтық болу керек.

Экономикасы дамыған елдерде еңбек ақыны ұйымдастырудың икемді тәсілдері қолданылады, яғни еңбек ақы мөлшері шаруашылық қызмет нәтижелеріне, өндіріс нәтижелігіне тәуелді болу керек. Оны ұжымды келісім шарт арқылы іске асыруға болады. Бұл келісім шартта еңбекті төлеу ережелері, еңбек ақы деңгейі мен еңбек нәтижелері арасында тура тәуелділікті белгілеу қажет.



Еңбекті төлеудә ұйымдастыру келісіні көздейді:

  1. кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау;

  2. кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке жетістіктері үшін қосымша берілетін төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау;

  3. қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін құрастыру;

  4. жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу.

Еңбекті төлеу қағидалары:

  • шығындар және нәтижелер бойынша төлеу қағидасы;

  • өндіріс нәтижелігінің өсуі негізінде еңбекті төлеу деңгейін көтеру қағидасы;

  • қоғамдық еңбек өнімділігі өсімінің еңбек ақы өсімінен жоғары болу қағидасы;

  • еңбек нәтижелегін өсіруге материалдық мүдделіктің болуы қағидасы.

Дұрыс ұйымдастырылған еңбек ақы жүйесі жұмыскерлерді еңбек өнімділігін өсіруге және біліктілікті көтеруге ынталандырады.
2. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері
Еңбек ақыны тарифтік және тарифсіз жүйелер бойынша ұйымдастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет