Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет15/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ.
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ПАТОГЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ ВИРУЛЕНТТІЛІГІ.

Инфекция немесе инфекциялық процесс деп қоздырғыш микроорганизммен адам организмінде өзара қарым – қатынастың нәтижесінде ауру пайда болу.


Инфекцияның пайда болуы микроорганизмнің қасиетіне, жағдайына және қоршаған ортаға байланысты.
Микроорганизм мен макроорганизмнің арасындағы қарым – қатынас – симбиоз, келесі формалармен сипатталады: мутуализм, комменсализм, паразитизм.
Мутуализм (лат. Mutuus – взаимный – өзара байланыс) екі организмге пайдалы өмір сүру. Мысалы: сүт - қышқыл бактериялар организм (адам) арқылы өмір сүреді де, адам ішегінің шіріту микрофлорасына антогонист (қарсы).
Комменсализм – макроорганизм (адам) арқылы өмір сүріп, қожайынға ешқандай зиян келтірмейді. Комменсал микробтарға организмнің қалыпты микрофлорасы жатады. Мысалы: ауру туғызбайтын стафилококктар, ішек таяқшалары т.б. Бірақ макроорганизм (адам) қолайсыз жағдайларға тап болғанда, бұл микроорганизмдер өз орнынан басқа жерге ауысып, ауру туғызуы мүмкін.
Патогенділік – микроорганизмдердің патологиялық процесстері яғни ауру туғызу қабілеті. Көптеген микроорганизмдердің спецификалық – арнайы қасиеті бар – бұл белгілі бір микробтың белгілі бір ауруды туғызу қасиеті. Мысалы: холераны – холера вибрионы туғызады; гонореяны – гонококк туғызыды, т.б.
Вируленттілігі – қоздырғыштың патогендік өлшемі. Ол науқастың ауыртпалығы бойынша білінеді.
Микроорганизмдердің вируленттілігі адгезия (жабысу), колонизация (көбею), инвазия (кіруі, сіңуі) және фагацитозды тежеу қабілетіне байланысты.
Адгезия – микробтың қожайын организмінің сезімталдығы жоғары жасушаға жабысу (адсорбция) қабілеті.
Колонизация – микроб жабысқан жасушаның бетінде (мысалы: холера вибрионы энтероциттерде көбейеді) немесе жасушалардыңішінде (мысалы: дезинтерия таяқшалары тоқішектің клеткілерінде көбейеді) болады.
Инвазивтілік – дәнекер және басқа тіндердің сіңімділігін бұзатын ферменттерді өндіру қабілеті.
Осындай ферменттерге 1. гиалуронидаза – дәнекер ұлпасындағы гиалурин қышқылын бұзады да, ол ұлпаларға микробтың енуін қамтамасыз етеді. 2. нейраминидаза – гликопротеидтерден, гликолипидтерден, полисахаридтерден нейрамин қышқылын ыдыратады да, олардың сіңімділігін арттырады.
Фагацитозды тежеу – бактериялардың капсуласы арқылы жүзеге асырылады.
Микроорганизмдердің вируленттігіне олардың токсин түзу қабілетінің маңызы зор.
Микроорганизмдердің токсиндері 2 – ге бөлінеді: экзотоксин және эндотоксин.
Экзотоксин – микроорганизмдердің қоршаған ортаға бөлген зат алмасу өнімдері. Олар ақуызтекті және қоршаған ортада тұрақсыз. Экзотоксин өте токсигенді және текбелгілі бір мүшені зақымдайды. Мысалы: дифтерия токсині – нерв жүйесін зақымдайды 0,4% формалиннің әсерімен 39 – 400 градус температурада 3 – 4 – аптада ол токсиндік қасиетін жояды, бірақ антигендік қасиеті сақталады. Бұдан вакцина дайындайды, олар анатоксин деп аталады.
Эндотоксин – микроорганизмдердің жасушасымен тығыз байланысты монополисахаридпротеинді комплекс. Әртүрлі микроорганизмдердің эндотоксинінің әсері біртипті – жалпы интоксикация, қызу көтерілу, бас ауру т.б. Эндотоксин алу үшін микроорганизм жасушасын бұзу керек.
Токсиннің әсерін оларға сезімтал жануарларда анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет