Инфекциялық процесс дамуындағы макроорганизм ролі.
Инфекциялық аурудың пайда болуында макроорганизмнің жағдайы, ауру қоздырғыш микробтардан, олардың уларынан қорғану қабілетіне байланысты. Мына жағдайлар ауру пайда болуында маңызды роль атқарады.
1. Жасы: инфекциялық ауру пайда болуында адамның жасына байланысты физиологиялық өзгерістер зат алмасу процесстерінің маңызы зор. Мысалы: кейбір қоздырғыштар тек қана бала организмінде ауру тудырады – олар қызылша , жел шешек, көкжөтел, шошқа мойын т.б. Ал өкпе қабынуы қарт адамдарда өте ауыр түрде кездеседі. Сонымен қатар адамның жасына байланысты емес қоздырғыштар бар. Мысалы: тұмау вирусы. Ол үкендерде де, балаларда да ауру қоздырады.
2. Нерв жүйкесі: нерв жүйкесінң тозуы, әлсіреуі инфекциялық аурудың ауыр түрде болуына әсер етеді, себебі адамның ауру қоздырғышына қарсы қорғаныс механизмі төмендейді.
3. Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездер: эндокринді аурулармен (диабет, зоб т.б.) ауыратын адамдарда қорғаныс қабілетінің төмендеуіне байланысты іріңді қабыну аурулары жиі кездеседі.
4. Тамақтану: уақытымен дұрыс құнарлы тамақтанбау да инфекциялық ауру пайда болуына әсер етеді, себебі тамақпен организмге әртүрлі витаминдер, ақуыздар түседі, ал олардың жетіспеушілігі организмнің инфекцияға қарсы қорғаныс қабілетін, иммунитетін төмендетеді. Мысалы: туберкулез, тырысқақ, дезинтерия т.б.
5.Адамның қалыпты мекендеушілері яғни микрофлорасы да маңызды роль атқарады – яғни қорғаныс функциясын атқарады. Мысалы: адамның ішегіндегі ішек таяқшасы – іш сүзегінің т.б. патогенді ішек таяқшаларын өлтіреді.
Қоршаған ортаның инфекциялық
ауру пайда болуына және дамуына әсері.
Қоршаған ортада ауаның салқындауы және ылғалдылығы организмнің, яғни тыныс жолдарының кілегей қабатының ауруға қарсы қорғаныс қабілетін төмендетеді. Сонымен қатар қыздыру, күн сәулесінің және радиацияның әсері, зиянды өндірістер, химиялық заттармен улану, оттегі жетіспеушілік, санитарлы – гигиеналық жағдайлардың нашарлауы бәрі организмніңинфекцияға қорғанысын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |