Кіріспе Зертханалық жұмыстар физика пәнінен студенттердің орындайтын оқу жұмысының маңызды түрі болып табылады және ол бағдарламада қарастырылған сағаттар көлемінде орындалады


ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТЕРДЕГІ ХОЛЛ ЭФФЕКТІСІН ОҚЫП ҮЙРЕНУ



бет36/71
Дата11.12.2021
өлшемі4,79 Mb.
#99164
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71
Байланысты:
жаңа зертханалық 2019.docx

ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТЕРДЕГІ ХОЛЛ ЭФФЕКТІСІН ОҚЫП ҮЙРЕНУ.
МАҚСАТЫ: Холл эффектісімен танысу, Холл тұрақтысын және жартылай өткізгіштердегі электрондық тасымалдаушылардың концентрациясын анықтау.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: реттеуіші бар «0...15 В» тұрақты кернеу көзі, «+15 В» тұрақты кернеу көзі, «Холл эффектісі», мультиметрлер.
Кіріспе

Холл эффектісі – магнит өрісіне орналасқан ток тығыздығы өткізгіште (немесе жартылай өткізгіште) және векторларына перпендикуляр бағытта кернеудің пайда болуы (1 сурет). Бұл эффектіні 1879 ж. американ физигі Э.Г. Холл ашқан, ол кернеу үшін келесі өрнекті анықтады:



, (1)

мұндағы - пропорционалдық коэффиицент (Холл коэфициенті), оның шамасымен таңбасы өткізгіштің химиялық құрамына, температурасына және ток тасымалдаушылардың зарядына тәуелді; - үлгідегі ток күші; - магнит өрісінің индукциясы; - үлгінің қалыңдығы.


1 сурет. Холл эффектісі


Холл эффектінің қарапайым теориясын қарастырайық. Ток тасымалдаушылар – электрондар (мысалы, металдар мен n-типті жартылай өткізгіштерде) болсын. Үлгіден тығыздықпен ток өткенде электрондар дрейфтік жылдамдыққа ие болады. Егер тогы бар өткізгіш магнит өрісіне орналасса, онда электрондарға Y осі бағытында зарядтардың таралуын тудыратын Лоренц күші әсер етеді (1 сур. қара):



, (2)

Электрондар қабырғалардың қарсы жақ бетіне теңгерілмеген оң заряд қалдыра отырып, екінші жаққа қарай ауыса бастайды. Нәтижесінде Y осінің бойында Лоренц күшіне қарама-қарсы бағытталған электронға күшпен әсер ететін электр өрісі пайда болады. Стационар күйге



немесе (3) шарты сәйкес келеді, себебі берілген жағдайда .

(3) теңдеуден Холл өрісінің кернеулігін



(4) және 1 мен 2 қабырғалардың арасындағы потенциалдар айырмасын

(5) анықтаймыз (Холл кернеуі), мұндағы b– Холл өрісінің бағытының бойымен есептегенде үлгінің өлшемі.

Электрондардың жылдамдығын ток күші арқылы



(6)

формулалардың көмегімен өрнектейміз, мұндағы n – үлгідегі өткізгіш электрондардың концентрациясы.

Холл кернеуі (5) теңдеуге сәйкес (6) формуланы ескеріп келесі түрде жазылады:
(7)

Холл коэффициентін (м3/Кл) (1) және (7) теңдеулерді салыстыру арқылы аламыз:

. (8)

Ток тасымалдаушылардың кристалдық тормен өзара әсерлесуін қарастыратын толығырақ теория да



(9)
Холл тұрақтысын анықтайды, мұндағы r – Холл-фактор, оның шамасы және магнит өрісіне, температураға және үлгінің материалдық қасиеттеріне байланысты. Бөлме температурасында әлсіз германий үшін .

(8) формуладан, Холл коэффициентінің мәні ток тасымалдаушылардың таңбасына қарай анықталады. Металдар мен n-типті жартылай өткізгіштер үшін , ал кемтіктік өткізгіштіктегі жартылай өткізгіштер (р- типті) үшін .



Холл эффектісін оқып үйрену әдісі

Холл кернеуі (1) формулаға сәйкес B магнит индукциясы мен датчикте өтіп жатқан I токқа сызықты тәуелді. Қондырғы U(B) және U(I) тәуелділіктерін алуға және тәжірибе жүзінде алынған түзудің бұрыштық коэффициенті бойынша R Холл тұрақтысын анықтауға мүмкіндік береді. U=KB cызықтық тәуелділік жағдайында (1) формулаға сәйкес бұрыштық коэффициенттің шамасы



. (10)

Тұрақты магнит өрісінің көзі ретінде электромагнитті қолдануға болады. Электромагнит саңылауындағы B магнит индукциясының шамасы оның орамдарындағы Iэм магниттелетін токқа сызықты тәуелді емес. Бірақ өзекшенің В(Iэм) магниттеліну қисығында шамамен сызықты болып келетін аймақты көруге болады, себебі

(11) формулаға сәйкес, мұндағы - магниттік тұрақты; N – электромагнит орамдарының саны; h – электромагнит саңылауының қалыңдығы;

Холл кернеуін өлшеу тапсырмасының күрделілігі – тәжірибе жүргізгенде пластинкада тек қана Холл өрісі ғана емес, сондай-ақ датчикте ток тудыратын (құбылыстың өтуін байқау үшін) электр өрісінің болуында. 4 суретте осы екі өзара перпендикуляр өрістер және Холл кернеуін өлшеуге арналған датчиктерге жалғанған өткізгіштердің (2’- 2’) орналасуы көрсетілген.

4а суретте егер (2’- 2’) өлшеуіш контактілер сызығы I ток сызықтарына ( өріске) нормаль болып келетін идеал (2-2) сызықтан ауытқыса, онда 2` нүктенің потенциалы 2 нүктенің потенциалына қарағанда кіші болып келетінін көруге болады. өлшенген шамасы Холл кернеуіне қарағанда шамаға кіші (10 мкм-ге ығысқанда ): .

4б суретке қарап, (2’- 2’) сызығында кернеуін өлшеу үшін В магнит өрісінің индукциясының бағытын өзгерту жеткілікті болатынын айтуға болады.



және мәндерін қолданып, белгісіз қателікті жоямыз:

(12)

Осы әдісті тәжірибе жүзінде іске асыру үшін электромагнит орамдарындағы Iэм токтың бағытын өзгертеді. 4 б. сурет бойынша Холл кернеуінің полярлығы да өзгеретінін байқауға болады. Бірақ көбінесе ; бұл кезде және өлшенетін шамалардың таңбалары бірдей, ал олардың мәндері және Холл кернеуін жарты айырма ретінде табуға мүмкіндік береді: .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет