Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет62/78
Дата25.02.2018
өлшемі18,82 Mb.
#38194
түріКодекс
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78
502-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасын белгіленген ставкалар мен жануарлардың санын (су жануарларының жекелеген түрлері үшін салмағын) негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Төлемақы сомасы жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алу орны бойынша бюджетке төленедi. Төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен рұқсат алғанға дейiн жүргiзiледi.

3. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

 

 

73-тарау. ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ



 

503-бап. Жалпы ережелер

1. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлері үшін алынады:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршіктерін) дайындау;

4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман төсемдері мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін:



мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттары;

аңшылық шаруашылығы қажеттері;

ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) ағаш және бұта тұқымдылары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердің егілетін материалын өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленеді.

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде берілетін ағаш кесу билеті мен орман пайдалану билетінің (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негізінде беріледі.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Мемлекеттiк орман иеленушiлер: жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері; орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік ұйымдары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның табиғат қорғау мекемелері; көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ұйымдары ведомстволық бағыныстылығына сәйкес тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер бередi.

 

504-бап. Төлемақы төлеушілер



1. Мемлекеттік орман иеленушілер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

 

505-бап. Салық салу объектісі



Мыналарды:

1) көшеттердің құрамы мен нысанына күтім жасау үшін кесуді, сондай-ақ оның жас талдарының толықтығын реттеуді (жарықтандыру, тазарту) және құндылығы шамалы ағаш көшеттерін қайта жөндеуге және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесуді жүзеге асыру кезінде түбірімен босатылатын сүрек көлемін;

2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алынған ағаш ресурстарының, шайырдың, қосалқы орман ресурстарының көлемін қоспағанда, пайдалануға берілетін орман пайдаланудың көлемі және (немесе) мемлекеттік орман қоры учаскелерінің, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаңы төлемақы салу объектісі болып табылады.

 

506-бап. Төлемақы ставкалары



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы ставкаларын орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Түбірiмен босатылатын сүрек үшiн төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және орманды пайдалану құқығы туындайтын тиiстi қаржы жылының бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып, тығыз бір текше метр үшiн айқындалады және мыналарды құрайды:

 


Рет



Ағаш-бұта тұқымдастарының

атаулары


Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай қабықсыз кәделі сүрек (АЕК)

Қабықты отындық сүрек (АЕК)

ірі (25

см және


одан жуан)

орташа

(13-тен


24 см-ге

дейін)


ұсақ

(3-тен


12 см-ге

дейін)


1

2

3

4

5

6

1.

Қарағай

1,48

1,05

0,52

0,21

2.

Шренке шыршасы

1,93

1,37

0,68

0,27

3.

Сібір шыршасы, майқарағай

1,34

0,95

0,48

0,16

4.

Самырсын

1,19

0,85

0,41

0,15

5.

Балқарағай

2,67

1,91

0,93

0,23

6.

Ағаш тектес арша

1,79

1,26

0,63

0,27

7.

Емен, шаған

2,67

1,91

0,93

0,41

8.

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,60

0,42

0,21

0,14

9.

Сексеуіл

 

 

 

0,60

10.

Қайың

0,69

0,48

0,23

0,16

11.

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

0,52

0,37

0,18

0,11

12.

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ

3,24

2,32

1,15

0,35

13.

Өрік, аққараған, алша, долана, шие,

жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар

1,90

1,35

0,68

0,23

14.

Ағаш тектес арша, самырсын

 

 

0,34

0,18

15.

Жыңғыл

 

 

0,3

0,25

16.

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар

 

 

0,19

0,12

 

3. Төлемақы ставкаларына мынадай коэффициенттер қолданылады:



1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:

10 км-ге дейін - 1,30;

10,1 - 25 км - 1,20;

25,1 - 40 км - 1,00;

40,1 - 60 км - 0,75;

60,1 - 80 км - 0,55;

80,1 - 100 км - 0,40;

100 км-дан астам - 0,30;

Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:

жазық бедер - 1,1;

жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;

таулы бедер - 1,5;

2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;

3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;

4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.

4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесінді қалдықтар үшін (ұшар басынан алынған ағаш) төлемақы ставкасы осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымының отындық сүрегі ставкасының 20 проценті мөлшерінде белгіленеді.

 

507-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



1. Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және ол рұқсат құжатында көрсетіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Төленуге тиіс төлемақы мөлшері:

сүректі түбірімен босатқан кезде - осы Кодекстің 506-бабында белгіленген коэффициенттерді ескере отырып, орман пайдалану көлеміне және төлемақы ставкаларына негізделе отырып;

орман пайдаланудың өзге түрлері кезінде - орман пайдалану көлеміне және (немесе) алаңына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейтін орман пайдаланудың өзге түрлері үшін төлемақы ставкаларына негізделе отырып айқындалады.

3. Төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісі орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:

1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде - орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;

2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде - рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе сол күні төленеді. Бұл ретте рұқсат құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;

3) түбірімен босатылатын сүрек үшін - жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей төленеді.

4. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік орман иеленушілер нақты дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептеу жүргізеді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді.

5. Кезекті мерзімде кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ өткен жылы кесу басталмаған кеспеағаш аймағы үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 506-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақшамен енгізу жолымен жүргізіледі.

7. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда бюджетке есептелетін ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

8. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің сәйкестендіру нөмірі қойылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша оның мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты ол тапсырғанынан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оның төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.

 

 



74-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ  ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

508-бап. Жалпы ережелер

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай да бір жер санатына жататындығына қарамастан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегіндегі жер учаскелерінде орналасқан және осы Кодекстің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алынады.

2. Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.

 

509-бап. Төлемақы төлеушілер



1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2. Мыналар:



елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар;

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

 

510-бап. Төлемақы ставкасы



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттілігi туындайтын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,1 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) есебiнен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшiн айқындалады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.

 

511-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



1. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, төлемақы сомасын белгіленген ставкаларды және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар:

1) жұмыскерлерді пайдаланған кезде - әрбір жұмыскер үшін;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақта стационарлық емдеу, демалыс мекемелері, спорттық-сауықтыру мекемелері болған кезде - осындай мекемелерде болатын әрбір жеке тұлға үшін төлемақы енгізеді. Жеке тұлға төлемақы сомасының төленгенін растайтын құжат көрсеткен кезде қайталап төлемақы алынбайды.

2. Төлемақы төлеушілердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануына оларда ақы төлеу туралы растаушы құжаттар болған жағдайда ғана жол беріледі.

3. Төлемақы сомасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан жер бойынша төленеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны бақылау-өткiзу пункттерiнде, не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған, табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе аталған төлемді растайтын бақылау-касса машинасы, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу жолымен жүргiзiледi.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ  өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

5. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен кем болса, ақшаны тапсыру, ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

6. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшалай төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдарының сәйкестендіру нөмірі қойылады.

7. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі ресурстарын және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу осы Кодекстің 502 және 507-баптарына сәйкес жүргізіледі.

 

 



75-тарау. РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

512-бап. Жалпы ережелер



1. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиілік спектрінің номиналдары (белдеулері, диапазондары) (бұдан әрі - радиожиілік спектрінің номиналдары) үшін алынады.

2. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Радиожиілік спектрінің номиналдарын бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына радиожиілік спектрінің номиналдары конкурс өткізбей бөлінеді.

Бұл ретте конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік бюджетке бір жолғы төлемақы енгізеді.

4. Бюджетке төленуге тиіс бір жолғы төлемақы сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес төлем есебіне есептелмейді.



2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттік органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:



1) осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;

2) осы Кодекстің 515-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда - салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.

 

513-бап. Төлемақы төлеушілер



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 514-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 514-бап жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



514-бап. Төлемақы ставкалары

1. Төлемақының жылдық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерiне негiзделе отырып, радиобайланыс түрiне, пайдаланылатын жиiлiктердiң номиналдарына (диапазон белдеулеріне), радиоұзартқыштар жинақтамаларына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметтерi ұсынылатын елді мекен аумағында тұратын халықтың санына, сондай-ақ таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай айқындалады.

2. Радиобайланыстың мына түрлеріне төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:

 


Р/с



Радиобайланыс түрлерi

Пайдалану аумағы

Төлемақы мөлшерлемесі

(АЕК)

1

2

3

4

1.

Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

10

2.

Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн)

 

 

1)

 

Астана, Алматы қалалары

140

2)

 

халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

80

3)

 

қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

10

3.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/25 кГц дуплекстi арна үшiн)

 

 

1)

 

Астана, Алматы қалалары

80

2)

 

халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

60

3)

 

қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

15

4.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн)

 

 

1)

 

Астана, Алматы қалалары

30

2)

 

халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

20

3)

 

қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

10

5.

Таратқыштың шығу қуаты:

- 50 Вт-қа дейiн;

- 50 Вт-тан астам болған кезде ҚT-байланыс (бiр жиiлiк белгiленгенi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

10

20

6.

Радиоұзартқыштар (арна үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

2

7.

Ұялы байланыс (қабылдауға енi 200 кГц/беруге 200 кГц жиiлiк белдеуi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

1100

7.1.

Үшiншi жаңартылымдағы ұялы байланыс және төртiншi жаңартылымдағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiк белдеуi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

2200

8.

Жаһандық жеке жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн)

Қазақстан Республикасы

20

9.

HUB - технологиялы спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын қабылдауға енi 100 кГц/беруге 100 кГц белдеуi үшiн)

Қазақстан Республикасы

30

10.

HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн)

Қазақстан Республикасы

100

11.

Радиорелелi желiлер (бiр аралықтағы дуплекстi арна үшiн):

 

 

1)

жергiлiктi

аудан, қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ

40

2)

аймақтық және магистральдық

Қазақстан Республикасы

10

12.

Сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/ беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)

 

 

1)

 

халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

25

2)

 

қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

2

13.

КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2МГц/ беруге 2МГц дуплекстi арна үшiн)

 

 

1)

 

Астана, Алматы қалалары

140

2)

 

халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

70

3)

 

қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

5

14.

Эфирлiк-кабельдік телевизия (8 МГц жиiлiк белдеуi үшiн)

 

 

1)

 

халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен

300

2)

 

халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен

135

3)

 

халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала, аудан

45

4)

 

қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

5

15.

Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн

облыс

10

 

3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:

 


Р/с



Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға арналған жиіліктер диапазоны

Пайдалану аумағы

Төлемақы

мөлшерлемесі

(АЕК)

1.

Телевизия/метрлік жиілік диапазоны

 

1)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі

 


Астана, Алматы қалалары

81

облыс

15

2)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

361

облыс

65

3)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

957

облыс

174

4)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

1353

облыс

245

5)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары

Астана, Алматы қалалары

2344

облыс

425

2.

Телевизия/дециметрлік жиілік диапазоны

 

1)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

51

облыс

9

2)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

228

облыс

41

3)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

605

облыс

110

4)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

855

облыс

155

5)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары

Астана, Алматы қалалары

1481

облыс

269

 

4. Қоса алғанда алты айға дейiнгі мерзімде тәжiрибелiк пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де iс-шаралар өткiзу кезеңiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыс түрiне, радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына және таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны нақты пайдалану мерзiмiне сәйкес мөлшерде, бiрақ төлемақының жылдық мөлшерлемесінің кемiнде 1/12 мөлшерiнде белгiленедi.



Енi осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлгеннен өзгеше дуплекстi арна белдеуiн пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, төлемақы мөлшерлемелері төлеушi нақты қолданатын дуплекстi арна белдеуi енiнiң үлес салмағының осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлген дуплекстi арна белдеуiнiң енiне ара қатынасы негiзге алына отырып айқындалады.

Кең белдеулi сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезiнде төлемақы енi қабылдауға 2 МГц/беруге 2 МГц белдеу үшiн алынады.

 

515-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат құжаттарында көрсетiлген техникалық параметрлерге, оның ішінде таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына сәйкес радиобайланыс түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай төлемақының жылдық мөлшерлемелері негiзiнде есептейдi.

2. Егер есепті салық кезеңіндегі радиожиілік спектрін пайдалану кезеңі бір жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы радиожиілік спектрі пайдаланылған айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетіп хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.

4. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей хабарлама жібереді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей төленеді.

Қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес заңды тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлемақы төлейді.

6. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.

 

516-бап. Салық кезеңі



Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

517-бап. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

 

76-тарау. ҚАЛААРАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫН, СОНДАЙ-АҚ ҰЯЛЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет