Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


БАЙЛАНЫСТЫ БЕРГЕНІ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ 76-т



бет63/78
Дата25.02.2018
өлшемі18,82 Mb.
#38194
түріКодекс
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78

БАЙЛАНЫСТЫ БЕРГЕНІ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ 76-т

 

518-бап. Жалпы ережелер

1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы):

1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі - құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттік органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:

1) осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда, - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;

2) осы Кодекстің 521-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда - салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.

 

519-бап. Төлемақы төлеушілер



«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

 

520-бап. Төлемақы ставкалары



Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

521-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган төлемақының жылдық ставкалары негізінде төлемақы төлеушілердің электрлі байланыс (телекоммуникациялар) қызметтерін беруден түсетін кірістерін негізге ала отырып есептейді.

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.

3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және оны ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.

4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны төлемақы төлеушіге жібереді.

5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.

6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.

 

522-бап. Салық кезеңі



Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

523-бап. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

 

77-тарау. КЕМЕ ЖҮЗЕТІН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ



 

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 524-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



524-бап. Жалпы ережелер

1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көлiк саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жыл сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және нысан бойынша уәкiлеттi органға навигация мерзiмдерi туралы мәліметтер ұсынады.

 

525-бап. Төлемақы төлеушілер



1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2. Мемлекеттік мекемелер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 526-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



526-бап. Төлемақы ставкалары

1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы туындайтын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 527-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



527-бап. Есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну тәртібі

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Төлемақы мөлшерi төлемақы ставкалары, кеменің регистрлық тоннадағы жалпы сыйымдылығы және кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып, бірақ күнтiзбелiк бір ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес болып айқындалады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Ай сайынғы төлемақы мөлшері көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу жолымен айқындалады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы төлемақы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.

4. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Кеменің бір жолғы кіруі кезінде шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар айлық ставка мөлшерінде бюджетке төлемақы енгізеді. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында бір айдан астам болған кезде бюджетке төлемақыны осы бапта белгіленген тәртіппен енгізеді.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен  (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



9. 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл төлемақы үшін салық кезеңі болып табылады.

 

 



78-тарау. СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ  ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

 

528-бап. Жалпы ережелер

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін (бұдан әрі - жарнама объектісі) орналастыру:

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi бір мерзiмге беретiн құжат негiзiнде, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезінде, ал тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы беретiн құжат негiзiнде облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезiнде;

2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретін рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.



Жарнама объектілерін тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.

3. Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.

 

529-бап. Төлемақы төлеушілер



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Жарнама объектілерін орналастыратын жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  



1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімше орналасқан жер бойынша салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның мұндай тану немесе мұндай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Өздеріне жүктелген функцияларды іске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 530-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 530-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



530-бап. Төлемақы ставкалары

1. Төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиiстi күнтiзбелiк айдың бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

2-тармаққа өзгерістер енгізу туралы 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңын қараңыз (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)



2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсi бір жағының ауданы үш шаршы метрге дейiн болатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемақы ставкалары мыналарға тең болып белгiленедi:

 


Рет №

Жолдардың санаттары

Төлемақы ставкасы (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кiреберiстер

25

2.

I, II

20

3.

III

10

4.

IV

5

 

Габаритi үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектiсiнiң бір жағы (бетi) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.

3. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары:



1) жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастыратын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:

 


№ п/п

Жарнама түрлерi

Жылжымайтын объектiлерге төлемақы ставкалары (бір жағы үшiн) (АЕК)

Республикалық маңызы бар қалалар және астана

Облыстық маңызы бар қалалар

Аудандық маңызы

бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар

1

2

3

4

5

1.

Ауданы 2 ш.м. дейiн сiлтемелер, маңдайшалар, ақпаратты қалқандар (бір объект үшiн)

2

1

0

2.

Лайтбокстар (сити-форматтағы)

3

2

1

3.

Ауданы мынадай болатын жарнамалықақпараттық объектiлер:

 

 

 

3.1.

2-ден 5 ш.м. дейiн

5

3

1

3.2.

5-тен 10 ш.м. дейiн 10

10

5

2

3.3.

10-нан 20 ш.м. дейiн

20

10

5

3.4.

20-дан 30 ш.м. дейiн

30

15

5

3.5.

30-дан 50 ш.м. дейiн

50

20

10

3.6.

50-ден 70 ш.м. дейiн

70

30

15

3.7.

70 ш.м. астам

100

50

25

4.

Шатырүстi неонды жарнама

құрылғылары (жарық-Динамикалық панно немесе көлемдi неонды әрiптер):

 

 

 

4.1.

30 ш.м дейiн

30

20

10

4.2.

30 ш.м. астам

50

30

10

5.

Палаткалардағы, тенттердегi, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, тандарттардағы жарнама:

 

 

 

5.1.

5 ш.м дейiн

1

1

0

5.2.

5-тен 10 ш.м. дейiн

2

1

0

5.3.

10 ш.м. астам

3

2

1

6.

Уақытша Тұрпаттағы дүңгiршектер мен павильондардағы жарнама:

 

 

 

6.1.

2 ш.м дейiн

2

1

0

6.2.

2-ден 5 ш.м. дейiн

2

1

0

6.3.

5-тен 10 ш.м. дейiн

3

2

1

6.4.

10 ш.м. астам

8

4

2

7.

Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер)

10

5

1

 

2) көлiк құралдарында, жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастырылатын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:

 


Рет №

жарнама түрлерi

Жылжымалы объектiлердегi төлемақы ставкалары (АЕК)

Республикалық маңызы бар қалалар және астана 

Облыстық маңызы бар қалалар 

Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар

1

2

3

4

5

1.

Көлiк құралының сыртқы жағындағы

жарнама (бір көлiк құралы үшiн):

 

 

 

1.1.

автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретiн), өздiгiнен жүретiн машиналар мен механизмдерде

8

4

2

1.2.

шағын автобустарда, таксилерде, жеңiл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейiн жүк көтеретiн)

3

2

1

2.

Автокөлiк құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бір жағы үшiн:

 

 

 

2.1.

2 ш.м дейiн

3

2

1

2.2.

2-ден 5 ш.м дейiн

15

10

5

2.3.

5-тен 10 ш.м. дейiн

35

25

10

2.4.

10-нан 20 ш.м. дейiн

50

25

10

2.5.

20-дан 40 ш.м. дейiн

60

45

20

2.6.

40 ш.м. астам

80

40

 

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшерiн жарнама объектiсiнiң орналасқан жерiне қарай екi еседен асырмай арттыруға құқылы.

 

531-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі



1. Алынатын төлемақы мөлшері рұқсат құжатында белгіленген, бірақ күнтізбелік бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

2. Күнтізбелік бір ай үшін бюджетке енгізілуге тиісті төлемақы сомасы келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.

3. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде жол органына немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Мұндай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізген кезде олардың мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын тіркелген жері бойынша төлемақысы бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш және бұл төлеушіде төлемақының артық төленген сомасының болғанын және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастырмау фактісін растайтын тиісті мемлекеттік уәкілетті органның құжаты негізінде салық органдары жүргізеді.

 

 



79-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет