Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет1/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
document (3)



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
С.С.Исакова, М.Т.Куштаева
КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА
6В020500-Филология: Қазақ филологиясы мамандығына арналған
электронды оқулық
Ақтөбе, 2019 ж.


ӘОЖ 811 
ҚБЖ 81.2
И 85
Пікір берушілер:
Ж.А. Кусаинова 
– С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Б.С. Қарағұлова
– Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік 
университеті, филология ғылымдарының
кандидаты, профессор
И 85 Исакова С.С., Куштаева М.Т.
Когнитивті лингвистика
(6В020500-«Филология:қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне
арналған электронды оқулығы). – Ақтөбе, 2019 ж. -142 бет.
Электронды оқулық компьютерлік бағдарлама негізінде жасалған.
Когнитивті лингвистика курсының мазмұны толық қамтылған. Дәріс,
практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмыстары, бақылау-өлшеу
материалдары берілген. Когнитивті лингвистика курсын өз бетімен оқып-
үйренуге арналған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады. 
Электронды оқулық жоғары оқу орындарының «Филология»
мамандығының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және
тілшілерге, оқытушыларға арналады.
ӘОЖ 811 
ҚБЖ 81.2
©Исакова С.С., Куштаева М.Т.
2


ТҮСІНІК ХАТ
Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Когнитивті лингвистика – тіл білімінің жаңа
бағыттарының бірі антропоцентристік парадигманың қатарына жататын тоғыспалы ғылым
саласы. Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым. Қазіргі
тіл ғылымында когнитивті лингвистика қатты дамып, оның салалары категориялау теориясы,
тілдік тұлға, концептуалды метафора, когнитивті–дискурсивті теория, когнитивті семантика,
тағы басқалары сараланып кетеді. Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика,
этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс
тудырды. Когнитивтік лингвистиканың негізгі кұралдары: есте сақтау бірліктері - таным,
гештальт теориясы, тілдік сана және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға
бағытталады. Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің
үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды
қалыптастыру деңгейі, сөйлеу-ойлау процесс деңгейі. Когнитивтік лингистикада тілдің таным
кұралы және танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде
тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет
екендігін баса көрсеткен болатын. Когнитивтік лингистиканың негізгі үғымдары: ойлау, білім,
когниция, дүниені тілдік көру, менталдылық, концепт т.б.
Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық
құбылыстар мен жаратылысты танып білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастырады.
Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр
түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп,
тәжірибесін молайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет