Лекция 1 Туризмнің қалыптасып, даму тарихы



бет18/24
Дата24.04.2022
өлшемі142,5 Kb.
#140638
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
туризм негиздери

4. Порттар.
Каспий теңізіндегі Ақтау порты қазақстанды, Ресейдегі, Түркменстандағы, әзербайжандағы және Ирандағы порттармен байланыстырады.
Ресей Федерациясымен және қытай Халық Республикасымен қазақстан Республикасының ішкі су жолдары қатынасы бар. Резидент емес туристердің көпшілігі өздерінің саяхаты үшін туристерді тасымалдаудың жалпы көлемінде үлесі 84,8 пайызды құрайтын әуе көлігін пайдаланады. Темір жол көлігімен -7,8 пайыз, халықаралық автобустармен-3,5 пайыз және құрлықтағы басқа құралдармен-3,8 пайыз, су көлігімен -0,01 пайыз турист жүреді. Сондай-ақ, резидент емес туристердің 70 пайызы әуе көлігін пайдаланады. Туристердің қалааралық автобустарда 22 пайызы, темір жол көлігінде 7 пайызы, құрлықтағы басқа құралдармен 1 пайызы жүреді.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
4.1. Бағдарламаның негізгі мақсаттары.
Бағдарламаның басты мақсаты қазақстан Республикасында шет елдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, келу және ішкі туризмді қолданудың экономикалық және құқықтық басым тетіктерін, әзірлеу; ел экономикасына шетел валютасының тұрақты келуін қамтамасыз ету, экономиканың сабақтас салаларын дамыту болып табылады.
4.2. Бағдарламаның негізгі міндеттері.
қойылған мақсаттарға сәйкес бағдарламаның бірінші кезектегі міндеттері мыналар:
– туризмде әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларға, мақсаттарға, қағидаттарға, туристік қызметті жүзеге асыру міндеттеріне жауап беретін мемлекеттік реттеудің жаңа көзқарастар жүйесін қамтамасыз ету;
– мемлекеттің туризм саласында республикалық уәкілетті орган арқылы әрекет ететін басқарудағы, атқарушы органдар мен ұйымдар арасында өзара іс-қимылын реттеудегі рөлін күшейту;
туристік саланы кадрлық, жарнама-ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет