7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже. Бағдарламаны іске асыру барысында туризмнің ішкі және келу бағыттары бойынша туристердің жалпы ағыныының 2003 жылы 80 мың адамнан 2005 жылы 150 мың адамға дейін тұрақты өсуін қамтамасыз ету көзделуде, бұл ретте ол жыл сайын орта есеппен 17 500 адамға өседі деп болжанып отыр.
Келу туризмінің көлемін 2003 жылы 24 мың адамнан 2005 жылдың аяғына 60 мың адамға дейін көбейту болжанып отыр. Бұл ретте екі бағытта да туристердің жалпы көрсеткіші бойынша келу туризмінің үлесі 2003 жылы 30 пайыздан, келесі жылдары 40 пайызға дейін артатыны стратегиялық тұрғыдан алғанда маңызды болып табылады және жылына 7 мың адамға өсетін болады.
Ішкі туризмнің көлемі де 2003 жылғы 56 мың адамнан 2005 жылы 90 мың адамға дейін көбейеді. Республиканың ішінде туристер ағынының жыл сайынғы өсуі 10 500 адамды құрайтын болады деп күтілуде.
Бағдарламаны іске асырудың тиімділігі 2003-2005 жылдарға арналған болжамды көрсеткіштер бойынша есептелінеді. Бір шетел турисі өзінің болуы кезінде бюджетке орташа есеппен 700 АқШ долларын әкелген жағдайда, келу туризмінен бюджеттің жыл сайынғы толықтырылуы мыналарды құрайды:
2003 жылы – 32,2 млн АҚШ доллары
2004 жылы – 37,1 млн АҚШ доллары
2005 жылы – 42 млн АҚШ доллары.
Келу туризмінен барлығы – 2003-2005 жылдар кезеңіндегі бюджет түсімінің жиыны 111,3 миллион АқШ долларын құрайтын болады. әлемдік практикада бір шетелдік туристке қызмет көрсетуден 9 жұмыс орны құралатынын ескерсек, онда келу туризмі есебінен—2003 жылы – 414 мың жұмыс орнын, 2004 жылы – 477 мың жұмыс орнын, 2005 жылы – 540 мың жұмыс орнын ықтимал қамтуға қолдау көрсетіледі.
Жалдау арқылы жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жалақысы жылына шамамен 20 пайызға өсуін ескеріп, келу туризмі көлемінің ұлғаюы арқасында жұмыспен қамтылған халықтың табысы өсе түседі.
Бағдарламада әзірленген шаралар елдің ішіндегі де, сондай-ақ шет елден келетін туристер ағынының бұдан әрі ұлғаюына жәрдемдеседі және түпкі нәтижесінде халықаралық кәсіпкерлік және іскерлік ынтымақтастық саласы ретінде ұлттық туристік өнім тартымдылығының артуына едәуір қол жеткізетін болады.