Лекция Экологияны оқыту әдістемесінің пәні Жоспары: Экологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Экологияны оқыту әдістемесінің міндеттері



бет1/37
Дата07.05.2020
өлшемі428 Kb.
#66488
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Сатаева Д.К. Жоғары және арнайы орта оқу орындарында экологияны оқыту әдістемесі ЭК-19-2(М)



1-лекция

Экологияны оқыту әдістемесінің пәні
Жоспары:

1. Экологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы.

2. Экологияны оқыту әдістемесінің міндеттері.


Лекция мақсаты: Экологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысын зерттеу.

Лекцияның мәтіні :

1. Экологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.

Экологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және төрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялык мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескре отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.

Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді. Қысқаша айтқанда методика-оқу пәнініц мазмұнын және оқыту формалары мен тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Методиканың аталган бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланыста, бірлікте болады. Оқыту жүмыстарының қүралдарымен жабдықтарында анықтайтын осы методика. Қорыта айтқаида, методика дегеніміз биологияны қалай окыту керек, иені үйретіп қалай төрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? - деген сүрақтарға жауап береді.

2. Экология - оку пәні ретінде - оқыту әдістерінің озіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (есімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылысгары мен дамуын оқытады. Бүл ерекшеліктер оқыту жүмыстарын үйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жүмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жүмыстар т.б.). Сонымен бірге оқыту әдістері-практикалык жүмыстар, лабораториялық жүмыстар, эксперименттep, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану аркылы жүргізіледі.

Экология пәнінің мазмұны жөне оның озіндік ерекшеліктері, окытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның төрбиелік мүмкіндіктерінде аныктайды.

Тірі ағзалардың иақты фактілерін, табигат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылыктарын оқып-білу оқушылардьщ ғылыми, диалектикалық-материалистік козқарастарын қалыптастырады.

Экологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табигатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын, қоғамдық және жеке еңбектің ги-гиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.

Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай «Оқушылардың ақыл-ойын, логикасын дамыту үшін, жаратылыстану тарихын оқыту тиімді - деп есеитеймін». Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау, эксперименттер кою, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуын қамтамасыз етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. К.Д. Ушинскийдің оқытуға салған еңбегі?

2. Ы. Алтынсариннің педагогикалықе ңбектері?

3. Біологія пәнінің мазмұны?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет