Лекция жинағы Шымкент 2019


Жарық микроскобы туралы жалпы мәліметтер



бет9/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Жарық микроскобы туралы жалпы мәліметтер.

Жарық микроскобы үш бөліктен тұрады: оптикалық, жарық түсіргіш және механикалық. Оптикалық бөлігі микроскоптың басты сипаттамаларын, яғни үлкейту және айқындағыш қабілеттерін анықтайды. Үлкейту зерттелетін объект бейнесінің өлшемін арттыру дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш оптикалық жүйе қалыптастырған объект бейнесінің және өзінің сызықты өлшемдерінің ара қатысымен бағаланады. Объект бейнесі әуелі – объективтің линзалар жүйесінде, одан кейін окулярдың үлкейтіледі. Оқу процесінде қолданылатын микроскоптардың объективтері: 8х (кішкене объектив), 40х (үлкен объектив) және 90х есе (иммерциялық объектив) үлкейтеді, ал, окулярлары – 7х, 10х, 15х. Микроскоп қалыптастыратын жалпы үлкейту көрсеткіштерінің көбейтіндісі болып табылады. Мысалы, үлкен объектив 40х пен окуляр 7х қолданылса, микроскоптың жалпы үлкейту 280х болады.



Микроскоптың айқындағыштық қабілеті – объект бөлшектерінің (детальдарының ) бейнесін анық көрсету. Бұл көрсеткіш оптикалық жүйенің сапасын жетілдіруіне, яғни тегістеуіне тәуелді. Осы мәселені микроскопконструкторлары ХІХ ғ. соңында шешті. Бірақ, айқындағыштық қабілеттің шегі () микроскопта қолданылатын жарық толқынының ұзындығына (), мына формулаға сәйкес: тәуелді екендігі анықталды. Қарапайым жарық микроскобында объектке жарық түсіру үшін тьабиғи немесе жасанды жарық көздері қолданылады. Спектрдің көрінетін бөлігінің минимальді толқын ұзындығы шамамен 0,4 мкм. Сондықта, микроскоптың айқындағыштық қабілеті 0,2 мкм, яғни объекттің екі нүктесі (детальдары) жеке-жеке болып анық көрінуі үшін, олардың арақашықтығы 0,2 мкм-ден жақын болмауы тиіс. Объекттің бұл өлшемнен ұзақ екі бөлшектерінің бейнесі үлкейтілгенмен, оптикалық дифракция салдарынан бірігіп, бұлдырап, бір нүкте болып көрінеді. Жарық микроскобы арқылы өлшемі 4-150 мкм жасушалардың, олардың ішіндегі ұсақ бөлшектердің (мысалы, кейбір органойдтардың) және бактериялардың анық бейнелерін ең көп дегенде 1400х-ке дейін үлкейтіп көруге болады.

Жоғарыда көрсетілген кедергіден өту үшін, жарықтың орнына толқын ұзындығы өте төмен сәуле түрін мысалы электрондар шоғырын қолдану керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет