Лекция жинағы Шымкент 2019


Микроскоп. Микроскопиялық әдіс. Микроскоп түрлері



бет5/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Микроскоп. Микроскопиялық әдіс. Микроскоп түрлері.

Оптикалық микроскопия.

Биологиялық микроскоптың бірнеше модельдері бар (МБИ-1,МБИ-2, МБИ-3, МБР тт). Бұл микроскоптар жасушалық құрылымдарды және олардың функциясының жан жақты зерттеуге мүмкіншілік береді. Ең жақсы деген оптикалық микроскоптың шешуші қабілеті айтарлықтай жоғары емес. Микроскоптың шешуші қабілеті дегеніміз жеке көрінетін екі нүктенің ең кіші ара қашықтықтары. Жарық микроскопы екі нүктенің ара қашықтықтарын өсіріп көрсетеді. Бұл әйнек линзаларының немесе линзалар жүйесі көмегімен іске асады. Әйнек жүйелерінің бірі объектив, қарайтын нәрсенің (объектінің) көрінісін құрайды, ал окуляр деп аталатын екінші жүйе оны қайтадан үлкейтеді. Окуляр көзге жақын орналасқан линза (көзді латынша oculus) дейді. Микраскопта жарықты жинаушы конденсор болады (латынның condensus-жинаушы деген сөзінен шыққан). Оптикалық микроскоптың шешуші қабілеті 0,2 мкм немесе 200 нм (нанометрге) тең, ал адам көзінің шешуші қабілеті 0,1 мм. Жарық көзі ретінде ультракүлгін сәулелерді қолданған кезде оптикалық микроскоптың шешуші қабілетінің шегі 0,1 мкм жетеді, яғни екі есе артады. Ультракүлгін сәулелерді адамның көзі қабылдай алмайтын болғандықтан, жасуша құрылысының көрінісі фотаға немесе экранға түсіріледі.

Микроскоптың үлкейту дәрежесі обьектив пен окулярдың үлкейтуіне тәуелді, сан жағынан олардың үлкейту шамаларының көбейтіндісіне тең. Қазіргі оптикалық микроскоптардың үлкейту шегі 1500 еседен артпайды.

Тірі материал мөлдір және жеке жасушалардың қалың болуына байланысты зерттеуге қолайсыз. Сондықтан көбінесе фиксацияланған (бекітілген) материалмен жұмыс істелінеді. Онан жұқа кесінділер дайындап, түрлі бояғыштармен боялады. Қалыңдығы 5 – 10 мкм – дей кесіндіні арнайы микротомдар арқылы дайындайды. Сапалы бекітуj, объектінің тірі күйіндегі құрылымын айтарлықтай өзгертпейді. Бекіту ұлпаны тығыздайды және автолиз процестерін тоқтады. Кейбір бекітуші сұйықтар белгілі құрылымдардың бояулар мен боялу қабілетін артырады. Жиі қолданылатын бекіткіштер формальдегид, қосхромдық қышқыл калий, сірке, пикрин және осмий қышқылдары мен этил спирті. Жақсы бекіткіштер сұйықтар қоспалары. Олардың көпшілігі ұсынған зерттеушілердің аттарымен аталған (Буэннің, Карнуаның қоспалары). Бекіткеннен кейін объектіні ұлпаға сіңетін ортаға батырады (мысалы целлоидин немесе парафиге). Тығыздаушы заттар жақсы сіңу үшін ұлпаның бөлшегінен этил спиртінің көмегімен суды ығыстырып шығарады, содан кейін ксилолға немесе толуолға салады. Алдын ала бұл істелген екі кезең ұлпаға профин сіңу үшін қажет. Жылы сұйық профин сіңеді де қатып қалады. Микротомның көмегімен профин блогінен шыныға бектитін жұқа кесінділер дайындайды. Кесіндіден профинді ксилолдың көмегімен ығыстырып шығарады. Осыдан кейін кесіндіні бояйды. Көбінесе ұлпаны гемотоксилинмен боялатын құрылымдарды базафильдік деп атайды. Эозин қышқыл бояу сондықтан оны байланыстыратын жасушаның компоненттерін ацидофилдік немесе эозифильдік дейді. Осы құрылымдарды тірі жасушаларда белсенділік күйінде қору үшін әр түрлі микроскоптарды шығарған: Фаза констрактық, поляризациялық, флуоресценттік тағы басқаларын. Бұл микроскоптардың бәрі жарықта пайдалануға негізделген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет