Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден, пайыздар, лицензиялық төлемдер, дивидендтер түріндегі түсімді тану



бет59/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

3.Тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден, пайыздар, лицензиялық төлемдер, дивидендтер түріндегі түсімді тану.

Өнім өткізуден түскен табыс келесі жағдайларда танылады:



  • компания тауарды иемденумен байланысты тәуекелдіктер мен сыйақыларын маңызды бөлігін сатып алушыға өткізеді;

  • компания иемдену құқығымен негізделген басқаруға қатыспайды және сатылған тауарларды бақылауға алмайды;

  • түсімнің сомасы сенімді өлшенген жағдайда;

  • операцияға байланысты нақты шығындарды сенімді өлшеу мүмкін болған жағдайда.

Қаржы есептілігін дайындау және таныстыру принциптерінде акционерлердің салымдарымен қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңінің ішінде активтердің көбеюі немесе азаюы немесе міндеттемелердің азаюы нысанында табыс экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде танылады. Табысқа компанияның түсімі де, басқа түсімдер де кіреді. Компанияның түсімі - олар қызметтің әдеттегі түрлерінен келіп түскен қаражаттың түсуі, олар әр түрлі аталады, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер. Осы стандарттың мақсаты белгілі бір операциялардың және жағдайлардың түрлерінен пайда болатын түсімнің есептеу тәртібін анықтауынан тұрады.

Басқа ұйымдардың пайыздар, лицензиялық төлемдер және дивидендтер әкелетін компания активтерін пайдалануынан шығатын табыс 30-параграфта белгіленген мынадай жағдайларда пайда болады

а) мәмілемен байланысты компанияға экономикалық тиімділіктің тиісті ағынының пайда болуы мүмкін болғанда; және

б) табыс сомасының  сенімді бағалану жағдайының  негізінде танылуы тиіс.



  1. Табыс мынадай негізде танылуы тиіс:

а) пайыздық табыс 39 ХҚЕС Халықаралық стандартының 9 және AG5-AG8 параграфтарында белгіленгендей пайыздық тиімді ставкасы әдісі негізінде танылуға жатады;

б) лицензияланған төлемдер тиісті шарттың мазмұнына сәйкес есептеу әдісі бойынша танылуы тиіс; және

с) дивидендер акционерлердің төлемді алуына құқығы орнағанда ғана танылуы тиіс.

Пайызы бар инвестицияны сатып алу алдында төленбеген пайыздар жинақталып қалса, бұдан әрі пайыздарды алу екі кезеңге бөлінеді: сатып алу кезінде және сатып алғаннан кейінгі; алғаннан кейінгілердің бір бөлігі ғана табыс ретінде танылады. Үлестік бағалы қағаздарға арналған дивидендтер таза сатып алу кірісінен жарияланса, онда бағалы қағаздардың бастапқы құнынан шегеріледі. Егер осындай бөлісуді тек арбитраждық тәсілден басқасымен жүзеге асыру қиын болса, дивидендтер, үлестік бағалы қағаздардың бастапқы құнының бөлігін ашықтан ашық өтеуді білдірмесе, табыс ретінде танылады.

Егер шарт мазмұнын ескере отырып табысыты тану үшін басқа сәйкес келетін жүйелі ұтымды негіз болмаса ғана, лицензияланған төлемдер тиісті шарттардың талаптарына сәйкес жинақталады және әдетте осы негізде танылады.

Компанияға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынның пайда болуы ықтимал болған жағдайда ғана табыс танылады. Алайда, табысықа кірген соманың инкассациялануы жөнінде белгісіздік туған жағдайда, соңына дейін алынбаған сома немесе өтелу мүмкіндігі жойылған сома, басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады.

Ақпаратты ашып көрсету

Компаниялар мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек:

- табысты тану үшін қабылданған есеп саясатын, соның ішінде, қызметтерді көрсетумен байланысты операциялардың аяқталу сатысын анықтау үшін пайдаланылатын әдістерді;

- кезең ішінде танылған табыстың әрбір маңызды санаты сомасын, соның ішінде, мыналардан:

-     тауарларды сатудан;

-    қызмет көрсетуден;

-   пайыздардан;

-   лицензиялық төлемдерден;

-    дивидендтерден келетін табыстарды; және

- табыстың әрбір маңызды санатына қосылған тауарларды немесе қызметтерді айырбастаудан келетін түсім сомасын.

Компания кез келген шартты міндеттемелерді және активтерді 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ХҚЕС Халықаралық стандартына сәйкес ашады. Шартты міндеттемелер және шартты активтер кепілдік жөндеуге жұмсалған шығындар, шағымдар, айыппұлдар және ықтимал ысырап сияқты баптарға байланысты шығуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет