Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін



бет57/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

Электронды дерек көздері

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015594

https://uchet.kz/

https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/activities/directions?lang=kk


8 тақырып
Түсім, кірістер мен шығыстарды тану
Жоспары:

  1. Түсімді тану критерийі.

  2. Мәмілені бірегейлендіру.

  3. Тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден, пайыздар, лицензиялық төлемдер, дивидендтер түріндегі түсімді тану.

  4. Кірістер және шығыстар түсінігі.


Мазмұны

        1. Түсімді тану критерийі.

Шаруашылық субъектісінің табыстары – деп есепті кезеңдегі активтердің көбеюін және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Мұндай табыстарға:



  • Дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;

  • Қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

  • Дивидендтер, роялти және пайыз түрінде алынатын ж/е тағы да басқа табыстар жатады.

Табысты бағалау

Табыс алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құны бойынша бағалануы тиіс.

Операциядан пайда болатын табыс сомасы, әдетте, компания және сатып алушы немесе акцияны пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады. Ол компаниямен ұсынылатын қандай да бір сауда жеңілдігінің сомасы немесе санға жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құн бойынша бағаланады.

Көпшілік жағдайда қарама-қарсы ұсыну ақша қаражаты немесе оның баламалары нысанында ұсынылады, ал табыс сомасы — алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының немесе оның баламаларының сомасы. Алайда, ақша қаражаттарын немесе оның баламаларының табыстың кейінгіге қалдырған жағдайда қарама-қарсы ұсынудың әділ құны алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының номиналды сомасынан азырақ болуы мүмкін. Мысалы, компания сатып алушыға пайызсыз кредит ұсынуы мүмкін немесе тауарларды сату кезінде қарама-қарсы ұсыну ретінде одан нарықтағыдан төмен пайыз ставкасын алуға вексель қабылдай алады. Шарт шын мәнінде қаржы операциясы ретінде болғанда, қарама-қарсы ұсынудың әділ құны шартты пайыз ставкасының көмегімен барлық болашақ түсімдердің дисконттауымен анықталады. Пайыздың ендірілген ставкасы:

(а) ұқсас төлем қабілеттілік рейтингімен эмитенттің бірдей қаржы құралына арналған басым ставкадан; не

(б) қаржы құралының номиналдық сомасына дисконт ретінде қолдану олардың қаржы құралдарымен төлем жасаған кезде тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағымдағы сату бағасын алуға мүмкіндік беретін пайыздық ставкадан тұратын нақтырақ анықталатын шама.

Әділ құн мен тиісті қарама-қарсы ұсынудың номиналдық сомасы арасындағы айырма 29 және 30-параграфтарға, сонымен қоса 39-«Қаржы құралдары — тану және бағалау» ХҚЕС Халықаралық стандартқа сәйкес пайыз кірісі ретінде қабылданады.

Тауарлар немесе қызметтер сипаты және көлемі жағынан бірдей тауарлар немесе қызметтерге айырбасталған жағдайда, айырбас табыс пайда болатын операция ретінде қаралмайды. Бұл белгілі бір жерде уақытша негізде сұранысты қанағаттандыру үшін әр түрлі жерлерде жабдықтаушылар қорды ауыстырған кезде май немесе сүт өнімдерінде жиі болады. Ерекшеленетін тауарлар немесе қызметтер тауарлар сатылғанда немесе қызметтер көрсетілгенде айырбасталса, онда айырбас табысты жасайтын операция ретінде қаралады. Табыс ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына түзетілген алынған тауарлар немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді. Алынған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны сенімді өлшене алмаған жағдайда, табысы ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына берілген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді.

Қаржы есеп беру кезінде шаруашылық субъектісі түсініктеме жазбахатында мыналарды ашып көрсетулері тиіс:

а) табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілін.

б) есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде: тауарлар өткізу, қызметтер көрсету, пайыздар, роялти, дивидендтер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олардың ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне енгізілген табыстар сомасын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет