7.Зайымдар бойынша шығындарды тану, 23 ХҚЕС.
Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнының бөлігін құрайды. Басқа қарыздар бойынша шығындар шығыс ретінде танылады.
Кәсіпорынның төмендегілерді сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыз шығындарына қолдануы талап етілмейді:
1) әділ құнымен бағаланған талаптарға сай актив, мысалы биологиялық актив; немесе
2) қайталанбалы түрде көп мөлшерде жасалып шығарылатын немесе басқаша өндірілетін босалқылар.
Қарыздар бойынша шығындар - компания қарыз қаражатын алуға байланысты жұмсаған пайыздық және басқа шығыстар.
Белгілі бір талаптарға сай келетін актив - болжамды пайдалануға немесе сату үшін әзірлеу елеулі уақытты қажет ететін актив.
Қарыздар бойынша шығындар:
-39 Қаржылық құралдар: тану және бағалау (IAS)ХҚЕС -да сипатталған тиімді пайыздық ставка тәсілін қолданып есептелген пайыз бойынша шығындар;
-17-«Жалдау» (IAS)ХҚЕС сәйкес танылған қаржылық жалдауға қатысты кредиттің толық құны; және
-шетелдік валютадағы қарыздардан пайыз шығындарына түзетулер деп санаталтын дәрежеде туындайтын бағамдық айырмашылықтар пайыздар төлеу жөніндегі шығындар.
Жағдайларға қарай, төмендегілердің кез-келгені талаптарға сай активтер бола алады:
-босалқылар
-өндірістік мекеме
-электр энергиясын өндіретін стансалар
-материалдық емес активтер
-инвестициялық жылжымайтын мүліктер.
Қысқа уақыт ішінде жасалып шығарылатын, немесе басқаша өндірілетін қаржылық активтер, және босалқылар талаптарға сай келетін активтер болып табылмайды. Сатып алу кезінде ниеттелген қолданысқа немесе сатуға әзір активтер де талаптарға сай келетін активтерге жатпайды.
Мойындау
Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына қосу жолымен капиталдандырылуға тиіс. Кәсіпорын басқа қарыз шығындарын шығыс ретінде жұмсаған кезеңінде тануы тиіс.
Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына кіреді. Қарыздар бойынша ондай шығындар, компанияның болашақта экономикалық тиімділіктер алуы мүмкін және шығындарды сенімді түрде өлшеуге болатын жағдайларда актив құнына қосу жолымен капиталдандырылады. Кәсіпорын 29 (IAS) Гиперинфляциялық экономикаларда қаржылық есеп беру ХҚЕС-ын қолданғанда, ол сол Стандарттың 21 тармағына сәйкес, қарыз шығындарының сол кезең ішіндегі инфляцияны өтейтін бөлігін шығыс ретінде таниды.
Достарыңызбен бөлісу: |