Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Салықтар бойынша міндеттемелер есебі



бет50/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.

Кәсiпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3100 “Салықтар бойынша міндеттемелер” бөлiмшесiнiң шоттарында есепке алынады. Бұл бөлiмшеге келесi шоттар кiредi:

3110 Төленетiн корпоративтiк табыс салығы

3120 Жеке табыс салығы

3130 Қосымша құн салығы

3140 Акциздер

3150 Әлеуметтiк салық

3160 Жер салығы

3170 Көлiк құралдарына салынатын салық

3180 Мүлiк салығы

3190 Өзге салықтар

Корпоративтiк табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 пассивтiк шотта жүргiзiледi.

Корпоративтiк табыс салығының салық салынатын негiзгi объектiсi салық салынатын табыс болып табылады, оның деңгейi жылдық табыс жиынтығы мен шегерiмнiң арасындағы айырмасы арқылы анықталады. Жылдық жиынтық табысқа: жөнелтiлген өнiмдер, атқарылған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер және басқа операциялары үшiн, салық төлеушiнiң алуына жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретiнде үшiншi тұлғаға жiберiлген, тiкелей не жанама түрiнде шығындарды өтеуге жiберiлген қаражаттар кiредi.

Корпоративтiк табыс салығын есептеген кезде 7710 шоты дебеттелiп, 3110 шоты кредиттеледi. Бұл салық жылдың соңында бiр рет есептелiнедi.

Корпоративтiк табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның iшiнде аванстық төлемiн қоса алғанда 3110 шоты дебеттелiп, 1040 шоты кредиттеледi.

7710 шоттың дебетi бойыншы және 4310 шотының кредитi бойынша кейiнге қалдырылған салықтың пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығынкөрсетедi. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 5420 шот дебеттелiп, 7710 шоты кредиттеледi.

Кейiнге қалдырылған салықтың есебi үшiн 4310 “Кейiнге қалдырылған корпоративтiк табыс салығы” шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлiк және салық есебiнiң талаптарындағы айырманың нәтижесiнде пайда болған уақытша сомалары көрсетiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет