Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері



бет49/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басұа қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады.

Несиелерді есепке алу 3000 «несиелер бөлімшесіне енгізілген 3010-банк несиелері; 3020-банктен тыс мекемелердің несиелері; басқа да несиелер сияқты пассивті шоттарда жүргізіледі.

Банк несиесі кәсіпорынның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындаңы қаражаттарының мөлшеріне қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады.

Бухгалтерлік есептің бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық субъектілерінің басқа субъектілерге несие беруіне немесе олардан несие алуына құқығы болмайды. Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы тәртіптердің көбі өзгереді. Қазіргі кезде кәсіпорындар, ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болды. Осыған сәйкес елімізде қабылданған бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында пассивті 3020-«Банктен тыс мекемелердің несиелері» -деп аталатын шот қарастырылған. Бұл шоттағы банктен тыс мекемелерден алынған несиелері бойынша жүргізілетін операцияларға жазылатын бухгалтерлік жазулар, банк несиелері бойынша операцияларға жазылатын жазумен ұқсас болып келеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет