8. Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі.
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар 19 ХҚЕС негізінде есепке алынады. Осы стандарт компаниядан келесіні тануды талап етеді:
а) міндеттеме – қызметкер келесіде төленуге тиіс сыйақы үшін жұмыс, қызмет атқарса;
ә) шығын – егер компания сыйықға қызметкердің жұмыс істеу нәтижесінде пайда болатын экономикалық тиімділікті пайдаланса.
Жұмысшылар мен қызметкерлердiң өндiрген өнiмдерi мен iстеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының алғашқы табельдерi оларға еңбек ақы есептеу және оны төлеу үшiн субьектiнiң цехынан, бөлiмшелерден субьектiнiң әкiмшiлiгi белгiлеген мерзiмде бухгалтерияға келiп түседi. Еңбек ақы есептеу үшiн бұл толтырылған құжаттар мен табельдердiң дұрыс толтырылуы мұқият тексерiлiдi. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелiнетiн еңбекақы негiзгi және қосымша болып екiге бөлiнедi.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудiң тiкелей кесiмдi жүйесi бойынша – бiр жұмысшының немесе бiр бригаданың өндiрген өнiмiнiң, iстеген жұмысының бәрi тек қана еңбек бағасымен есептелiнедi. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшерi – бұл құжатта көрсетiлген, өндiрiлген өнiмнiң санын сол өнiмнiң бiр данасына қарастырылған яғни белгiленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субъектiсiнiң жұмысшылары мен қызметкерлерiн негiзгi қызмет атқаратындар және негiзгi емес қызмет атқаратындар – деп екi топқа бөлiнедi
Бухгалтерлiк есепте жұмысшы қызметкерлердiң саны мен олардың жұмыс iстеген уақытын есепке алуға тура келедi. Шаруашылық субъектiсiндегi қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың ,,тiзiмдегi саны,, - деп аталады.
Жалпы шаруашылық субъектiсiнде, өнеркәсiпте әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша жұмыста мертiккен (жарақат алған) жұмысшылар мен қызметкерлерге, жүктi немесе балалы болған әйелдерге тағы да басқа заңда қаралған жағдайында жәрдемақы мөлшерi үздiксiз еңбек стажының ұзақтығына қарамастан есептелiнiп төленедi.
Шаруашылық субъектiсiнде еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы мына жағдайларда төленбейдi :
1.Өзiне берiлген және басқа да мiндеттердi атқарудан бас тартып, өз денсаулығына зиян келтiрген, сондай-ақ өтiрiк ауырған жұмысшылар мен қызметкерлерге. Егер осындай жағдай бойынша бұрын жәрдемақы төленiп қойған болса, онда сот шешiмiмен жәрдемақы қайтарылуы тиiс;
2.Еңбекке уақытша жарамсыздығы жұмысшылар мен қызметкерлердiң iшiмдiк iшiп мас болуы салдарынан болса:
3.Еңбекке уақытша жарамсыздығы қылмыс iстеу салдарынан болған жағдайындағы зақымданудан болса :
4.Өз бетiнше емделген жұмысшылар мен қызметкерлерге.
Бұл жоғарыда айтылған жәрдемақылардың барлығы да шаруашылық субъектiсiндегi жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбекақы қорының құрамына кiргiзiлмейдi.
9. Бағаланушы міндеттемелер есебі: кепілдік міндеттемелері; заңды шағым талаптары бойынша міндеттемелер; қызметкерлерге сыйақылар бағаланушы міндеттемелер; басқа да бағаланушы міндеттемелер. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер.
37 ХҚЕС мақсаты - бағалау міндеттемелеріне, шартты міндеттемелерге және шартты активтерге тиісті мойындау критерийлері мен бағалау базаларын қолдануды, сондай-ақ қаржы есептілігін пайдаланушылар олардың сипатын, уақытша өлшемдері мен көлемін түсіну үшін қаржы есептілігіне ескертулерге жеткілікті ақпарат ашуды қамтамасыз ету.
Бағалау міндеттемесі көлемі бойынша белгісіз не белгіленбеген орындалу мерзімі бар міндеттемені білдіреді.
Осы бөлімде айтылған талаптар бағалау резервтеріне қолданылмайды, мынаны қамтиды:
1) жалға алуды;
2) құрылысқа арналған шарттарды;
3) жұмыскерлерге сыйақы беру жөніндегі міндеттемелер; және
4) пайдаға салынатын салық.
Кейде «бағалау міндеттемелері» термині амортизация, активтердің құнсыздануы және күмәнді борыштар сияқты баптар контексінде пайдаланылады. Мұндай баптар міндеттемелерді тану емес активтердің баланстық құнын түзету болып табылады, сондықтан да осы бөлімде қаралмайды.
Субъект бағалау міндеттемелерін:
1) субъектіде өткен оқиғаның нәтижесінде әрекет ететін міндеттеме болғанда; және
2) міндеттемені жабу үшін экономикалық пайданы беру талап етілуі мүмкін болса; және
3) міндеттеме сомасы сенімді түрде бағалануы мүмкін болғанда ғана тануға тиіс.
Сирек жағдайда әрекет ететін міндеттеменің бар-жоғы түсініксіз болады. Мұндай жағдайда, егер есепті күні барлық бар куәліктерді ескере отырып, әрекет ететін міндеттеме бар болса, өткен оқиға әрекет ететін міндеттеменің туындауына алып келуші болып саналады.
Субъект бағалау міндеттемесін баланстағы міндеттеме ретінде тануға, егер:
1) ол қорлардың өзіндік құнына енгізілетін шығындардың бір бөлігі болып табылмаса, немесе
2) негізгі құралдардың өзіндік құнында танылмаса, сондай-ақ шығысты пайданың немесе залалдың құрамында бағалау міндеттемесінің мөлшеріне тең сомаға тануға тиіс.
Субъект өзінің болашақ іс-қимылдарымен болашақ шығындардың алдын ала алатындықтан, мысалы, операцияны жүргізу әдісін өзгерте отырып, оның осы болашақ шығындар бойынша әрекет ететін міндеттемесі болмайды әрі ешқандай бағалау резервтері танылмайды.
Субъект есепті күнге міндеттемені жабу үшін қажетті соманы ең үздік есептік бағалау негізінде бағалау міндеттемелерін өлшейді.
1) Өлшенетін бағалау міндеттемелері баптардың ірі жиынтығын қамтитын жерде есептік бағалау тиісті ықтималдықтарды ескере отырып, ықтимал нәтижелердің барлық салмақтап көру жолымен жүргізіледі.
2) Бағалау міндеттемесі жалғыз міндеттеме бойынша туындағанда, жеке, неғұрлым ықтимал нәтиже міндеттеменің ең үздік есептік бағалауы болуы мүмкін. Алайда осындай жағдайдың өзінде субъект басқа да ықтимал нәтижелерді қарастырады. Басқа ықтимал нәтижелер негізінен неғұрлым ықтимал нәтижеден жоғары немесе төмен болса, онда ең үздік есептік бағалау неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен шамада болады.
БАҒАЛАУ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
-Бағалау міндеттемелері бастапқыда мойындалғандар үшін осы шығындар бойынша ғана пайдаланылады.
-Бағалау міндеттемелеріне қарсы бастапқыда жасалғандарға қатысты шығындар ғана есептеледі. Бастапқыда басқа мақсаттарда жасалған бағалау міндеттемелеріне қарсы шығындарды есептеу екі түрлі оқиғаның әсерін жасыратын болады.
АҚПАРАТТЫ АШУ
Компания бағалау міндеттемелерінің әрбір класы үшін:
а) кезеңнің басына және соңына баланстық құнды;
б) қолданылып жүрген бағалау міндеттемелерін көбейтуді қоса алғанда, кезең үшін құрылған қосымша бағалау міндеттемелерін;
с) кезең ішінде пайдаланылған сомаларды (яғни, бағалау міндеттемелеріне қарсы шеккен немесе есептелген);
д) жыл ішінде қайтарылған пайдаланылмаған сомаларды; және
е) уақыт ағымының нәтижесінде пайда болған кезең ішіндегі дисконтталған соманың көбеюін және дисконттау ставкасының кез келген өзгерістерге әсерін ашып көрсетуге тиіс.
Салыстырма ақпаратты ашу міндетті емес.
Компания бағалау міндеттемелерінің әрбір класы үшін:
а) міндеттеме сипаттамасының қысқаша сипатын және осы міндеттеме нәтижесінде туындаған экономикалық пайданы шығарудың күтілген уақытын;
б) осындай шығарудың сомасына немесе уақытына қатысты белгісіздіктің пайда болу фактісін ашып көрсетуі тиіс. Балама ақпарат ұсыну қажеттілігі болғанда, компания 48-параграфта көрсетілген болашақ оқиғаларға қатысты жасалған негізгі кемшіліктерді ашып көрсетуі керек; және
с) осы күтілетін өтеу үшін танылған кез келген актив сомасын көрсете отырып, кез келген күтілетін өтеулер сомасын ашып көрсетеді.
Қызметкерлерге берілетін сыйақыға:
жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
б) зейнетақы, зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
с) жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар; және
д) шығу жәрдемақылары.
(а)-(d) көрсетілген әрбір санаттың әр түрлі сипаттамаға ие болуына қарай осы Стандарт әрбір бөлек санат үшін жеке талаптар қояды.
Қызметкерлерге берілетін сыйақы қызметкерлерге берілетін, сол сияқты асырауындағы адамдарға берілетін сыйақы сияқты, және/не қызметкерлердің, олардың жұбайларының, балаларының немесе басқа асырауындағы адамдардың, не, мысалы, сақтандыру компаниялары сияқты басқа тұлғалардың тікелей пайдасына іске асырылатын төлем жасау (немесе тауарлар немесе қызмет көрсету үшін) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қызметкер компанияға толық жұмыс күні негізінде, тұрақты, біржолғы немесе уақытша негізде ішінара жұмыспен қамту қызметін көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты үшін қызметкерлер санына директорлар және басқа да басқару саласының қызметкерлері кіреді.
37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер ХҚЕС бойынша ,кейбір шартты міндеттемелер жөнінде ақпаратты ашып көрсетуді талап етіледі.
Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарларына байланысты шартты міндеттемелер төмендегілерден туындауы мүмкін, мысалы:
а) басқа қатысушы ұйымдарға байланысты актуарлық залалдар, өйткені жұмыс берушілер тобы жоспарына қатысушы кез келген ұйым әрбір қатысушы ұйымның актуарлық жоспарын бөледі; немесе
б) одан басқа ұйымдар шыққан жағдайда оның тапшылығын қаржыландыру бойынша міндеттеме жоспарында көзделген.
Жұмыс берушілер тобының жоспарлары бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарларынан өзгеше болады. Бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарлары – бұл инвестициялау әкімшілік шығыстар мен инвестицияларды басқаруға арналған шығыстарды азайту мақсаттары үшін активтер пулын құру үшін біріктірілген, бірақ сонымен бірге әр түрлі жұмыс берушілердің талап ету құқықтары өз қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мақсатында бөлінген әр түрлі жұмыс берушілердің зейнетақы жоспарларының жиынтығы. Бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарлары есепке алу үшін қиындық келтірмейді, өйткені кез келген жеке жұмыс берушіге қолданылатын есепке алу тәртібі сияқты, оларға да осындай есепке алу тәртібін қолдану үшін әдетте олар туралы ақпарат жеткілікті, сондай-ақ көрсетілген бірлесіп басқарылатын жоспарлар қатысушы компанияларды жұмыс істеп жүрген және басқа компаниялардың бұрынғы қызметкерлеріне байланысты актуарлық тәуекелге ұшыратпайды. Осы Стандарттағы анықтамалар компанияның бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарларын жоспардың талаптарына сәйкес (формальды талаптардың шегінен асатын кез келген жүктелген міндеттемелерді қоса алғанда) жарналары белгіленген жоспарлар және төлемдер белгіленген жоспарлар ретінде жіктеуін талап етеді.
Бірлескен бақылаудың шеңберінде ұйымдар арасындағы тәуекелдерді бөлетін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары
Жалпы басқаруда тұрған түрлі ұйымдар арасында, мысалы, негізгі және еншілес ұйымдар арасындағы тәуекелдерді бөлетін төлемдер белгіленген жоспарлар жұмыс беруші топтардың жоспарлары болып табылмайды.
Мұндай жоспарға қатысушы ұйым, осы жоспарға тұтастай алғанда қолданылатын жол берулер негізінде 19-ХҚЕС сәйкес осы жоспар туралы тұтастай, бағаланған ақпарат алуға тиіс. Шарттық келісім немесе төлемдер белгіленген жоспар бойынша тұтастай алғанда 19-ХҚЕС сәйкес бағаланған есептелген таза шығын жөніндегі мәлімделген саясат болған кезде, ұйым өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде топ құрамындағы ұйымға есептелген осындай таза шығындарды төлемдер белгіленген жоспар бойынша оған тануға тиісті. Мұндай тану немесе саясат болмаған кезде төлемдер белгіленген жоспар бойынша таза шығындар жоспарды қаржыландыру бойынша заңды міндет тиесілі топ құрамындағы сол ұйымға танылуы тиіс. Топтың құрамындағы қалған ұйымдар өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде есепті кезең ішінде өздері төлеген жарналарға тең мәндегі шығындарды тануға тиісті.
Топтың құрамындағы әрбір ұйым үшін осындай жоспарға қатысу байланысты тараппен операцияға теңестіріледі. Тиісінше, ұйым өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде мынадай ақпарат ашуларды жүргізуге міндетті:
а) шарттық келісім немесе төлемдер белгіленген жоспар бойынша таза шығынды есептеу саясаты не мұндай саясаттың болмау фактісін;
б) ұйым төлеуге жататын жарнаның шамасын анықтау саясаты;
с) егер ұйым төлемдер белгіленген жоспар бойынша таза шығынды есептеудің есебін 34А-параграфына сәйкес жүргізсе, бұл 120-121-параграфтарда көзделген сияқты жоспар туралы барлық ақпаратты тұтастай ашу;
д) егер ұйым есепті кезең үшін төленуге жататын жарнаның есебін 34А-параграфына сәйкес жүргізсе, бұл 120А және 121-параграфтардағы талаптарға сәйкес жоспар туралы ақпаратты тұтастай. 120А-параграфында талап етілетін басқа ақпарат ашулар жүргізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |