мүмкiн емес, сөйлеу тiлдесуге арналған және тiлдесуде пайда болатын әлеуметтiк өнiм. Сөйлеу саналы
әрекетке айналуы үшiн әңгiме арқылы шешiлетiн мәселе және оның мақсаты анық болуы қажет.
3.
Oйлау қоршаған дүниенiң мәнiн жалпылай түсiнуге, болмысты заңдылықты байланыс-тар мен
қатынастар негiзiнде тануға мүмкiндiк бередi. Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу -
ойлаудың басты мiндетi, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты
көрiнедi. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бiрге қасиеттер мен мәндi
белгiлейдi; бiрақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрiнiп қоймайды. Шынында да, бiздiң қабылдаудағы
танитынымыз дербес элементтердiң жай қосындысы емес, осы деңгейдiң өзiнде де болмыс қасиеттерi
мен заттары өзара қатынасты бiрлiкте болып, ойлаудың дүниетанымдық қызметiне арқау болады. Бiрақ
қабылдауда заттар мен құбылыстардың қасиеттерi бiздiң санамызға жеке-дара, кейде мәнсiз, кездейсоқ
белгiлерiмен келiп түсуi мүмкiн. Осыдан, ойлаудың мiндетi кездейсоқ сәйкестiктерден ажыратып, нақты
заңдылық- тарға негiзделген мәндi, қажеттi байланыстарды танып, аша бiлу. Қажеттi әрi мәндi
байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жалпыға
өтедi. Кеңiстiк пен уақыт аймағында шектелген, жеке-дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған
байланыстар жалқылық сипатқа ие болады, ал әрқандай мән кездейсоқ жағдайлардың өзгерiсiне
қарамастан жалпы сипат-қа ие, ойлаудың қызметi осы мәндi байланыстарды ашумен, оларды
қорытындылап, жалпыластыру; ойлау, осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған бай-
ланыстарды тану жолындағы психикалық әрекет желiсi. Сондықтан да ойлау жанама байланыстар мен
қатынастарға негiзделген объектив шындықтың қорытындысы. Теориялық таным әрекетi ретiнде ойлау
ықпалды қимылмен тығыз байланысқан. Адам болмысқа әсер жасау арқылы оны түсiнедi, дүниенi
өзгерте, қайта жасай отырып, оның мән-жайын тереңдей айырады. Осыдан ойлау әрекетпен немесе
әрекет ойлаумен жай қосарлана жүрмейдi, әрекет ойлаудың ең бастапқы формасы, яғни әрекет, қимыл
болмаған жерде ойлау процесi де жоқ. Iс-тәжiрибе, қимыл-әрекет ойлау дұрыстығы мен дәлдiгiнiң негiзi
де, ақырғы нәтижесi де; жалпы iс-тәжiрибеге тәуелдiлiгiн сақтаумен, теориялық ойлау өзiнiң алғашқы
әрi жеке, кездейсоқ практикалық жағдайларға бағыныштылығынан құтылады. Қорытынды түсiнiм мен
жалпы шешiмге келтiре алу мүмкiндiгiнен ойлаудың басқа психикалық процестерден өзгешелiгi
айтарлықтай. Бiр мәселе бойынша қабылданған қорытынды нәтижесiн тапқан жалғыз-ақ проблемаға
тиiстi орындалмай, бүкiл сол тақылеттi көптеген сұрақтарға жауап болған - теориялық шешiм ретiнде
қабылданады. Жеке дерекке орай қабылданған ой, ендi бiр сұрақ аймағынан шығып, қорытындылық
маңызға ие болумен, теорияға не теорияның құрамды бiр бөлiгiне айналады. Ойлау процесiнде қандай
да бiр мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейдi, онда жалпыланған түрде мәселе шешiмдерiнiң
принциптерi айқындалып, практиканың болашақта кезiгетiн мiндеттерiнiң орындалу жолдары
болжастырылады, яғни ойлау арқылы жос-пар түзiледi. Осыдан, ойлауға байланысты адам практикаға
жол көрсететiн, әрекетке жетекшi болған теорияға қол жеткiзедi, объектив шындықты танытатын
диалектика жолын ашады. Әрекет негiзiнде дамып, ойлау, ақырында, iс-қимыл-ды ұйымдастыруға және
оған басшылық етуге себiн тигiздi.
Достарыңызбен бөлісу: