Лекция тезистері


диалогтық және  монологтық



Pdf көрінісі
бет101/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

диалогтық
және 
монологтық
түрде болады. 
Диалогтық сөйлеу
әңгiмелесушiлердiң өзара қысқа сөз алысуы, түзiлетiн сөйлемнiң құрылымы толық 
болмауымен ерекшеленедi. Өзара түсiнiстiк мұндайда бұрынғы әңгiме желiсiнен, тақырып барысынан 
және iс-әрекет мазмұнына орай жетiледi. Ауызша сөз, әдетте, әңгiмелесуге қосылған адамның ниет 
ықыласына, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған жауап ретiнде жүзеге асады. 
Монологтық сөйлеу
ұзаққа созылады, ортаға қыс-тырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп 
дайындықты талап етедi. Әдетте бұл кең көлемдi, күнi бұрын ой желiсiне салынып, қорытылған баян 
(мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дәрiсбаяндар т.б.). Дайындық барысында мұндай баяндардың кей 
жерлерi бiрнеше рет iштен қайталанады, Жоспары қайта түзiлiстерге түседi, орынды сөздер, сөз 
тiркестерi мен сөйлемдер iрiктелiп, таңдалады, көп жағдайда ауызша сөйлеудiң Жоспары жазбаша 
түзiледi. Монологтық сөз құрылымы жағынан күрделi болып, ой толықтығымен көрiнедi, баяндалуы бiр 
iздi, қатаң логикалық талаптарға бағынады. Монологтық сөйлеу диалогтыққа қарағанда қиындау
сондықтан оның толық формасы адамзат тарихында кейiнiрек қалыптасқан. Ал мұндай сөйлеу түрiн 
оқушыларда қалыптастыру үшiн мұғалiмдер арнайы мiндеттердi жүзеге келтiре отырып, еркiн әрi мәндi 
сөйлеу тәрбиесiн бүкiл оқу процесiнде үзбестен жүргiзiп барады.
Бұрын атағанымыздай, қалаған ақпаратты екiншi адамға жеткiзу үшiн таңбалар, не таңбалар 
жүйесiн қолданамыз. Осыған орай тiлдестiк қатынас процесiнде 
вербалды
(таңба ретiнде - сөз, баян) 
және 
вербалды емес
(таңба ретiнде - сөзден тыс белгi, ишаралар) байланыстар қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет