зауықтануды) жатқызуға болады. Оның айтуынша, нақ эмоция мотивтiң мәнiн құрайды. Вундт
қарапайым ерiктiк процесте екi жайды бөлiп көрсетедi: аффект және одан шығатын әрекет.
Ерiктiң қозғаушы функциясын әдейi iстелген әрекетке түрткi болатын механизм ретiндегi
квазиқажеттiлiктiң қалыптасуымен теңестiрген К.Левин зерттеулерi батыс психологиясын ерiк мен
мотивацияны ажыратпай теңдестiруге әкеп сайды.
Кеңес психологиясында мотивациялық тұрғы шеңберiнде ерiктi саналы түрде кедергiнi жеңу
қабiлетi ретiнде түсiну басым болды. Д.Н.Узнадзе, Ш.Н.×хартишвили, С.Л.Рубинштейн, Л.И. Божович
еңбектерiнде ерiктi әрекетке қозғаушы қабiлеттiлiк ретiнде түсiнетiн мотивациялық тұрғы көрнiс
табады.
Ерiктi зерттеудегi екiншi тұрғы
“ерiктi таңдау” тұрғысынан келу
. Бұл бағыт шеңберiнде ерiк
мотивтердi, мақсаттар мен әрекеттердi таңдау функциясына ие. “Ерiктi таңдау” тұрғысы шеңберiнде ерiк
туралы көзқарастың екi нұсқасын бөлiп көрсетуге болады. Бiрiншi нұсқада ерiк жеке дербес күш ретiнде
қарастырылады (теорияның волюнтаристiк типi), ал екiншi нұсқада ерiк танымдық процестердiң қызмет
етуiне келiп тiреледi (интеллектуалистiк теориялар).
Ерiктi зерттеудегi үшiншi тұрғыны шартты түрде
Достарыңызбен бөлісу: