қарастырғанда, еңбек іс-әрекетін жүйелейтін қасиеттердің бірі болып табылатыын, оның бірлескен
мінездемесін еске түсіру жеткілікті. Бастапқы кезеңде адам іс-әрекетіне потенциалды алғышарт
(нышандар комплексі) ретінде тек еңбек іс-әрекетінде өзі мәтіндермен біріксе ғана өзекті алғышарт
(қабілеттер комплексі) бола алады. Бұл процестің гипотетикалық нақтылауларын қалдырып, қорытынды
жасайтын болсақ - адамның органикалық нышанның алғышартын функционалды активті жүйеге қайта
құрылуының шарты- нышандардың бірлескен еңбек іс-әрекетіне енуі болып табылады.
Субъект – объект қатынасында қабілеттің онтогенезі анығырақ түсіндіріледі. Жаңа туған
нәресте адамның қарым-қатынас жүйесіне енгенде ғана қабілетке белсендіріліп өзгере алатын, анатомо-
физиологиялықтұрғыда нышандар жүйесі мен адамдық потенциалды мүмкіндіктер болып табылады. Іс
жүзінде адам баласы өзінің алғашқы күндерінен – ақ міндетті түрде үлкендермен бірлескен іс-әрекетке
енеді. Бұл жағдайда псевдо бірлескен іс-әрекет туралы айтылады. Мұнда қажеттілікте мотивациялық
компоненттер болады, ал оны іске асыру ересек адамда шоғырланған. Тек кейін ғана белсенділік үлкен
адамның позициясынан баланың позициясына ауысады. Бірлескен іс-әрекеттің индивидуалды іс-
әрекетке интериоризациясы өтеді. Осы қабілеттің құрылымы болып табылады. Осыдан мынадай
тұжырымға келеміз. Нышанның қабілетке өзгеруінің негізгі шарты олардың бірлескен іс-әрекетке енуі
болып табылады. Бірақ бұл ңенуң қалай өтеді? Бұл процестің психологиялық мазмұны қандай?
Б.М.Теплов қабілет дамудың үздіксіз үрдісінсіз болуы мүмкін емес деп санаған. Адамдар
тәжірибесіндегі қолданыстан шыққан дамымайтын қабілет уақыты келе жоғалып кетеді. Біз өзімізде бар
қабілетті жүйелі сабақпен байланысты мынадай күрделі адамзат әрекеттерінің түрлері музыка,
техникалық және көркемдік шығармашылық, математика, спорт және т.б. тек қана тұрақты жаттығудың
арқасында қолдай және дамыта аламыз.
Кез келген әрекеттің орындалуының табыстылығы қандай да, болмасын әр түрлі қабілетке
байланысты болады, және де сол бір нәтижені беретін бұл байланыстыру әр түрлі тәсілдермен
қамтамасыз етілген болуы мүмкін. Бірдей қабілеттерді дамытуға қажетті талаптың болмауы олардың
тапшылығы басқаларының неғұрлым жоғары дамуының салдарынан толықтырылуы мүмкін. “Адам
психикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі қандай да бір қабілеттің салыстырмалы әлсіздігі
салдарынан басқаларының бірдей қасиеттері тетенше кеңінен орнын өтеу мүмкіндігі болып табылады,
тіпті осы қабілетпен неғұрлым тығыз байланысты әрекетті табысты орындау мүмкіндігі ескерілмейді.
Жетілдірілмеген қабілет сол адамның жоғары дамығанын өте кең шекте басқалармен орын толытыруы-
деп жазды Б.М.Теплов”. Жалпы алғанда психология ғылымының көптеген мәселелерінің ішінде ең
маңызды орынды қабілеттер мәселесі алады. Мүмкін бұл ғылыми зерттеуге қиындық келтіруші
мәселенің әрқашан да қызығушылығын жоғалтпауы оның практикалық маңыздылығында болар. 50-60
жылдары, Ананьев Б.Г., Ковалев А.Г., Крутецский В.А., Леонтьев А.Н., Платонов К.К., Рубинштейн
С.Л., Дружинин В.Н. және тағы басқа Кеңестік зерттеушілердің еңбектерінің арқасында қабілет
мәселесінің барлық басты аспектілерін ғылыми тұрғыда түсінуге маңызды қадам жасалды. Рубинштейн
С.Л. 30- шы жылдары қабілетке байланысты өз көзқарасын айта бастайды. Оның алғашқы жұмысының
мазмұны кейінірек „жалпы психология негіздері” оқулығында баяндалды. Онда автор осы мәселеге
деген көзқарасын айта отырып, қабілетті дамытудың алғышарттарын негізге ала отырып, жалпы
дарындылық пен арнайы қабілеттер сұрақтарын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: