Зерттеулердің бірінші кезеңі көне ойшылдардың жұмысынан басталып, Х
Х ғ-ң басына дейін
жалғасқан. Бұл кезеңдегі тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне адамның өнегелік және
әлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар жатады. Тұлға туралы алғашқы анықтамалар айтарлықтай
ауқымды. Ол анықтамаларға адамның бойындағы бар нәрсе, оның жеке басыныкі деп саналатынның
бәрі жатқызылған: биологиясы, психологиясы, мүлігі, мінез-құлқы, мәдениеті және т.б. Тұлға туралы
осындай түсінік кейінгі уақытқа дейін сақталыпты. Нақты мазмұнға толы, тұлғадан бөлек көптеген
басқа да түсініктер мен ғылыми категориялары бар психология үшін мұндай анықтама өте кең
болып табылады.
Х
Х ғ-ң бірінші он жылдығында тұлға писхологиясының мәселелерімен философтармен қатар
дәрігер-психиатрлар да айналыса бастады. Олар ең бірінші рет клиника жағдайында науқасқа тұлға
ретінде жүйелі түрде байқаулар жүргізіп, оның жүріс-тұрысын, өзін өзі ұстауын жақсырақ түсіну
үшін өмір тарихын зерттей бастаған. Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеумен
байланысты кәсіби қорытындылар ғана жасалып қоймай, адамзат тұлғасының табиғаты жөнінде
жалпы ғылыми қорытындылар да келтірілген. Философиялық-әдеби кезеңмен салыстарғанда
клиникалық кезеңде тұлға - ерекше құбылыс деген түсінік мағынасы таратылған. Психиатрлардың аса
мән бергені - әдетте науқас адамнан табылатын тұлғаның ерекшеліктері. Дәрігерлер тапқан
ерекшеліктер барлық дені сау адамдарға тән болғанымен, науқастарда олардың көріністері
гипертрофияланатыны (асыра білінетіні) анықталды. Мысалы, күйгелектік пен ригидтілік, тежелу мен
қозғыштық.
ХХ ғ-ң басына дейін тұлға философиялық-әдеби және клиникалық тұрғыдан ғана зерттелсе,
кейін бұл іске таным процестері мен адамның күйін зерттеумен айналысқан психологтар кірісті.
Ғасыр басында психологияда тәжірибелік зерттеулер қарқынды дамып, гипотезаларды нақты
тексеру және айқындалған фактілерді алу мақсатымен психологтар зерттеулерге мәліметтерді
математикалық-статистикалық өңдеу әдістерін енгізуге тырысқан. Осыған байланысты психологтар
ұзақ жылдар бойы қалыпты тұлғаны сенімді және валидті тесттер арқылы зертеу тәсілдерін
жетілдіруді өз алдарына мақсат етіп қойған.
Ғылыми жұмыстар мен оқу құралдарында тұлға концепциялары мен теорияларының
әрқалай жіктелуі келтіріледі. Р.С.Немовтың ессебі бойынша 48 тұлға теориясы бар, олардың
әрқайсысы 5 параметр бойынша бағалануы мүмкін.
Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша барлық тұлға теорияларын
психодинамикалық,
социодинамикалық және интеракционистік
деп бөлуге болады.
Психодинамикалық теориялар психологиялық, немесе ішкі, сипаттамаларына орай тұлғаны
сипаттайды, адамның жүріс-тұрысын түсіндіреді.
Ал
социодинамикалық
теориялар бойынша
тәрбие детерминациясындағы басты роль сыртқы жағдайларға беріледі.
Интеракционистік
теориялар сыртқы және ішкі факторлардың өзара әрекеттесу принципіне негізделген. Ондай өзара
әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.
Теорияларды типтерге бөлудің келесі негізі - тұлға туралы мәліметтер алу жолы. Осы
тұрғыдан барлық теорияларды
эксперименталды
және
эксперименталды емес
деп бөлуге болады.
Эксперименталды теорияларға
тәжірибе барысында жинақталған мәліметтерді сараптау және
жалпылау арқылы құрастырылған теориялар жатқызылады. Э
ксперименталды емес
теориялардың
авторлары эксперимент жасамай-ақ өмірден алған байқауларға сүйеніп, теориялық талдап
қорытады.
Достарыңызбен бөлісу: