Лекция тезистері


Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi



Pdf көрінісі
бет40/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

3.Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi 
Түйсiк жүйке жүйесi бар тiрi организмдердiң барлығында болады. Бiрақ саналанатын түйсiктер, 
яғни белгiлi бiр күйлердiң шығу себебi мен қасиеттерi жөнiнде өз-өзiне есеп бере алушылық тек адамға 
ғана тән.
Тiрi организмдердiң эволюциясында түйсiктер тiтiркену, яғни тiрi материяның ортаның 
биологиялық мәндi әсерлерiне өзiнiң iшкi күйi мен сыртқы мiнез-құлқын өзгертуiнде көрiнетiн қасиетi 
негiзiнде пайда болған. Түйсiктер алғашқы кезеңдерден бастап, организмнiң iс-әрекетiмен, өзiнiң 
биологиялық қажеттiлiгiн өтеумен байланысты туындаған. Түйсiктердiң өмiр үшiн маңызды рөлi – 
орталық жүйке жүйесiне iшкi және сыртқы ортаның күйi жөнiнде (мысалы, шөлдеу, суықтық және т.б.) 
мағлұмат беру. Түйсiк, тiтiркенумен салыстырғанда, сыртқы әсердiң белгiлi бiр қасиеттерi жөнiнде 
ақпарат бередi. Адамның түйсiктерi қоршаған ортаның оған қажеттi алуан-түрлi қасиеттерiн бейнелейдi. 
Мұның өзi түрлi модалдық (қасиеттер) бойынша ақпарат беретiн әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы жүзеге 
асады. 
Сонымен қатар, адамның түйсiктерi тек биологиялық факторларды ғана бейнелеу емес. Олар, 
сонымен қатар, абиотикалық, яғни әлеуметтiк маңызы бар факторларға да жауап беру қабiлетi 
болып табылады. Бұл қабiлет сезгiштiк деп аталады. 
Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi болып табылатын – ол тiтiркендiргiштiң оған сәйкес 
анализаторға (сезiм мүшесiне) әсерi нәтижесiнде пайда болатын жүйке процесi. И.П. Павлов бойынша, 
анализатор - бұл тiтiркендiргiштердi қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын 
афференттiк және эфференттiк жүйке жолдарының жиынтығы. Анализатор – тiтiркендiргiштердiң 
әсерiмен рефлекторлық түрде өзгерiп отыратын белсендi мүше, сондықтан түйсiк пассивтi емес, ал 
әрқашан қозғалыстық компоненттерден тұратын белсендi психикалық процесс болып табылады. 
Анализатор үш бөлiмнен тұрады: 


1.
Перифериялық бөлiм (рецептор) - сыртқы энергияны жүйке процесiне айналдыратын арнайы 
трансформатор. 
2.
Афференттiк (орталыққа бағытталған) және эфференттiк (орталықтан шығатын) жүйке 
талшықтары немесе өткiзгiш жолдар; 
3.
Анализатордың мидағы қабықасты және қабықты бөлiмдерi; бұларда перифериялық (шеткi) 
бөлiмдерден келетiн жүйке импульстарының өңдеуi iске асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет