Мінез-құлық теориясы: Мінез-құлық теориясы екі бағыт- рефлекторлы және әлеуметтік
бағыттан құралады. Рефлекторлы бағыттың өкілі атақта американ бихеовиорсті Дж.Уотсон және
Б.Скинер. Әлеуметтік бағыт өкілі американдық А.Бандура және Дж.Роттер.
Скинер теориясының қалыптасуына прагмативті көзқарас және өзінің отбасындағы тәрбие әсер
еткен. Скинер бойынша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты мінез-құлықтың белгілі
бір заңдылықтарын біле отырып оны қадағалай алу. Мінез-құлықты қадағалау үшін тәуелсіз
айнымалыны тәуелді айнымалыға ауыстыру керек. Мінез-құлықты болжау, түсіндіру үшін тұлғаның
тұрақты және модификациялы аспектілерін білу негізделеді.
3. Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың
көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан.
Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен
кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы
түсіндіріледі. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң
және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз
концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза
күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге
мүмкіндік береді ( 1 кестеде көрсетілген).
Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде
дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші
араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе
жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік
тәжірибесін белсенді жандандырылып әлеуметтену деп аталады.