Тұлға теориясындағы іс-әрекет теориясы: Бұл теория отандық психологияда үлкен рөлге ие
болды. Осы теорияға үлесін қосқан ғалымдар ішінен мыналарды атауға болады. А.С.Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев, К.А.Абулханов-Славская, А.В.Брушлинский.
Осы теорияға сәйкес адамның ең басты дамуы оның іс-әрекетпен байланыстылығы. Іс-әрекет
бұл адамның қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынасы осының әсерінен адамның жеке тұлғасы
қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы болашақта басты адамға әсер ететін күш болып қалады. Іс-әрекет
және мінез-құлық теориясының басты ерекшелігі :бұл жерде басты рөлде рефлекс атқарылмайды. Ал
интерериозация механизмі басты рөл атқарады. Іс-әрекеттің басты принципі субъектілік және заттылық
болып табылады.