Қайталау және бекiту сұрақтары:
1. Түйсiк қызметiн қалай түсiнемiз?
2. Түйсiктер табиғатына орай қандай теориялар қалыптасқан?
3. Түйсiктердiң рефлекторлық сипатын қалай түсiнесiз?
4. Түйсiк түрлерiнiң ажыратылуы неге байланысты?
5. Түйсiктердiң қандай жалпы қасиеттерiн бiлесiз?
№6 Лекция
Тақырыбы: Қабылдау
Жоспары:
1.Қабылдау жөнінде жалпы ұғым
2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
3. Қабылдаудың түрлерi
4.Қабылдаудың қасиеттері
Қысқаша теориялық мәлімет:
1. Бiздiң сезiм мүшелерiмiзге әсер ететiн сыртқы құбылыстар субъектiнiң қабылданатын әсерге
ешбiр қайта жауабынсыз, белсендiлiгiнсiз түйсiктер түрiндегi субъективтiк эффектiнi тудырады.
Түйсiнуге деген қабiлеттiлiк тек бiзге ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесi бар барлық тiрi организмдерге
де тән. Ал дүниенi бейнелер түрiнде қабылдау тек адамдар мен жоғары жануарларда ғана кездеседi. Бұл
қабiлеттiлiк оларда өмiрлiк тәжiрибе барысында қалыптасып, жетiлiп отырады. Егер түйсiк сыртқы
дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса,
қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Сондықтан
қабылдау
дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай
заттық түрде бейнеленуi. Түйсiктер бiздiң өзiмiзде болатын болса, ал қабылданатын заттардың
қасиеттерi мен бейнелерi кеңiстiкте шоғырланады. Түйсiктерден ерекшелейтiн қабылдаудағы бұл
процесс
объективация
деп аталады.
Егер түйсiктер қандай да бiр анализаторға ңбайланып қалғанң сияқты болып, және шеткi
органдары – рецепторларға стимул әсер еткенде олар бiрден пайда болатын болса, ал қабылдау
нәтижесiнде пайда болатын бейне бiрден бiрнеше анализаторлардың өзара әрекеттесiп, үйлесiмдi жұмыс
атқаруының нәтижесiнде қалыптасады. Осы анализаторлардың қайсысы едәуiр белсендi жұмыс атқарып,
едәуiр мәндi қасиеттер жөнiнде ақпаратты көп берсе, соған байланысты қабылдау түрлерi де
ажыратылады: көру, есту, терi және қозғалыстық қабылдаулар.
Қабылдаудың түйсiктерден едәуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi, егер,
түйсiктердiң нәтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк, суықтық, дыбыстың
жоғарылығы және т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың негiзiнде адам санасының затқа,
құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне
қалыптасады.
Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың маңызды
ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезiм
мүшелерiне тiкелей әсер етiп отыруы керек.
Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едәуiр күрделi әрi жоғарырақ сатыда тұрған психикалық
процесс. Қабылдауға түйсiктермен қатар, ой элементтерi де, елестер мен ұғымдар енiп отырады. Заттар
мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсiнiп, қабылдаумен бiрге бiз ол заттардың қайдан
пайда болғанын, олардың қасиеттерiнiң қандай екендiгiн елестетiп, түсiнiгiмiздi, ұғымымызды кеңейтiп
отырамыз. Сондай-ақ, анық және жақсы қабылданған заттар ғана түсiнiктi болады.
Түйсiну мен қабылдау процестерi болмайынша, дүниедегi заттарды бiлу мүмкiн емес. Адам
дүниедегi заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бiрiмен-бiрiн салыстырады, олардың
арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерiн ажыратып отырады. Осының
нәтижесiнде ғана, адам қабылдау процесiнен жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты күрделi психикалық
процестерге көшiп отырады. Қабылдау басқа психикалық функциялар сияқты, дүниедегi объективтiк
заттардың адамның санасында субъективтiк бейнеленуi болып табылады. Әр адам айналасындағы
заттарды өзiнше қабылдайды. Адам қабылдауының мазмұны түгелiмен сыртқы дүниедегi заттардың
және құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Бiрақ сонымен қатар қабылдау тек сыртқы дүниедегi
заттардан тәуелдi болып қоймай, адамның физиологиялық әрекеттерiмен де байланысты.
Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Бұл ерекшелiктi
апперцепция
деп атайды.
Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Жалпы, адамның қабылдауы
эволюциялық жолмен дамып, қоғамдық тәжiрибе әсерiнен жетiлiп, күрделенiп, кеңейiп, мазмұны
жағынан байып отырды.
2.
Қабылдау да, түйсiк тәрiздi – рефлекторлық физиологиялық процесс. И.П.Павловтың көрсетуi
бойынша, қабылдаудың негiзiнде рецепторларға қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының әсер
етуi нәтижесiнде үлкен ми сыңарларының қабығында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары,
яғни шартты рефлекстер жатады. Заттар мен құбылыстар комплекстiк тiтiркендiргiштер ретiнде
сипатталады.
Анализаторлардың
қабықты
бөлiмдерiнiң
ядроларында
осы
комплекстiк
тiтiркендiргiштердiң күрделi анализi мен синтезi жүредi. Анализ қабылдау объектiсiн фоннан бөлiп
алуды қамтамаыз етедi. Анализдiң (немесе талдаудың) негiзiнде қабылдау объектiсiнiң барлық
қасиеттерiн тұтас бейнеге келтiру жүзеге асады. Түйсiктермен салыстырғанда, қабылдау - ми
қабығының күрделi аналитико-синтетикалық iс-әрекетiнiң ең жоғарғы формасы. Қабылдаудың
негiзiнде екi түрлi жүйкелiк байланыстар жатады: бiр анализатордың шегiнде қалыптасатын
байланыстар және анализатораралық байланыстар. Бiрiншiсi организмге бiр модалдықтағы комплекстiк
тiтiркендiргiштiң әсер етуi нәтижесiнде пайда болады. Мұндай тiтiркендiргiш ретiнде белгiлi-бiр әуендi
алып қарастыруға болады. Оның өзi есту анализаторына әртүрлi жеке дыбыстардың ерекше үйлесiмi
ретiнде әсер етедi. Осының нәтижесiнде үлкен ми сыңарлары қабығында интеграция мен күрделi синтез
процесi жүредi.
Байланыстың екiншi түрi әртүрлi анализаторлардың шегiнде пайда болатын байланыстар. Осы
ретте, И.М. Сеченов зат пен кеңiстiктi қабылдауды көру, кинестезиялық, сипап сезу және т.б.
түйсiктердiң ассоциациясымен түсiндiрдi. Бұл ассоциацияларға, сонымен қатар, берiлген зат немесе
кеңiстiктiк қатынас белгiленетiн сөздiң есту бейнесi де қосылады.
Қабылдаудың негiзiнде жататын уақытша жүйкелiк байланыстар сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының қасиеттерiнiң объективтiк байланыстары негiзiнде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |