Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн және алыстығын, бағытын
қабылдау. Кеңiстiктi қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуiнде үлкен рөл атқарады және адамның
онда бағдарлауының қажеттi шарты болып табылады. Кеңiстiктi қабылдау кеңiстiктiң объективтi
көрiнiсiнiң бейнеленуi болып табылады және объекттердiң формасын, көлемiн және өзара орналасуын,
олардың рельефiн, қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады. Адамның ортамен
өзараәрекеттесуi адамның денесiн және оған тән координаттар жүйесiн де қамтиды. Адам затттарды
қабылдауы, өзiнiң және олардың кеңiстiктегi орналасу ерекшелiгiн талдау негiзiнде жүзеге асады. Бұл -
адамның
кеңiстiктiк анализ деп аталатын күрделi аналитикалық-синтездiк iс-әрекетiнiң жемiсi.
Кеңiстiктiк бағдарлауда қозғалыстық анализатор ерекше рөл атқарады. Кеңiстiктiк бағдарлаудың арнайы
механизмдерiне анализаторлардың iс-әрекетiндегi ми сыңарлары арасындағы жүйкелiк байланыстарды
жатқызуға болады. Олар: бинокулярлық көру, бинауралдық есту, бимануалдық сипап сезу, дириникалық
иiс сезу және т.б. Заттардың кеңiстiктiк қасиеттерiн бейнелеуде барлық жұп анализаторларға тән
болатын функционалдық асимметрия маңызды рөл атқарады.