Лекция тезистері


Қысқаша теориялық мәлімет



Pdf көрінісі
бет82/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

Қысқаша теориялық мәлімет:
1.
Бiздiң қоршаған дүние туралы бiлiмдерiмiз түйсiк пен қабылдаудан басталады. Бiрақ таным 
олармен ғана шектелмейдi. Түйсiктер мен қабылдау арқылы алынған мәлiметтер сезiмдiк шектен 
шығып, ойлау арқылы бiздiң таным шекарасын кеңейтедi. Себебi ойлауда қабылдауда берiлмеген 
нәрсенi ой қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкiндiк беретiн қасиет болады. Ойлау 
негiзiнде адамның қоршаған дүние жөнiндегi танымы тереңдей түседi. 
Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының 
мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi. 
Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердiң 
ассоциативтi ағымын ажырату қажеттiлiгiн атап көрсеткен. Мұның себебi ойлау iс-әрекетiнде бiз 
ассоциацияларды өте кең қолданамыз - олар ойлау есептерiн шығаруға елеулi септiгiн тигiзедi. Мысалы, 
бiз қазiр тап болған жағдайға ұқсаса оқиғаларды жиi арнайы еске түсiремiз. Мұнда пайда болған 
ассоциациялар бiздiң ой мәселесiн шешуiмiзде пайдаланылады. Олар бiздi одан алыстатпай, оның 
жауабына, шешiмiне жақындатады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы бiлдiрiледi. Бiреу екiншi бiреуге пiкiрiн бiлдiргенде, өзiн 
естiсiн деп дауыстап сөйлейдi. Ой толық сөз күйiнде бiлдiрiлгенде ғана айқындалып, дәйектелiп, 
дәлелдене түседi. Ойлау мен сөйлеудi бiрдей деп, бұлардың арасына теңдiк белгiсiн қою дұрыс емес. Ой 
сыртқы дүниенi бейнелеудiң ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткiзетiн құрал 
болып табылады. 


Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесiнде туындап отырады. Адам 
ойлауының мазмұнын билейтiн – объективтiк шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге 
ұмтылдыратын – оның қажеттiлiктерi.
Ойлау - өзiндiк iшкi қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының 
және iске асуының қозғаушы күштерi болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, 
басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбидi. 
Ойлаудың физиологиялық негiздерi И.П. Павловтың бiрiншi және екiншi сигнал жүйесi жөнiндегi 
iлiмiне байланысты түсiндiрiледi. Ойлау – ми қыртысының күрделi формадағы анализдiк-синтездiк 
қызметiнiң нәтижесi, мұнда екiншi сигнал жүйесiнiң уақытша жүйке байланыстары жетекшi рөл 
атқарады. Екiншi сигнал жүйесiнде жүйке қызметiнiң өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. 
Сигнал жүйелерiнiң мидағы заңдылықтары бiрдей. Бiрақ, олардың айырмашылықтары мынада: егер 
бiрiншi сигнал жүйесiндегi реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екiншi сигнал жүйесi 
оларды жалпылап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет