4. Әрекеттiң тәсiлдерi негiзiнде: 1) Вербалдық (сөздiк) ойлау -
тiлдiк құралды пайдалану арқылы адамның өз пiкiрiн тұжырымдауы,
бiлдiруi.
2) Көрнекi ойлау – мәселенi шешу нақты бейнелi түрде көрiнуiнде жүзеге асатын ойлау түрi.
5. Ойлау бағыттылығымен байланысты: 1) Шынайы (немесе реалистiк) ойлау – ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық
заңдармен реттелетiн ойлаудың бiр түрi.
2) Аутистiк ойлау - адамның ниеттерiн жүзеге асырумен байланысты болатын ойлау түрi. Осыған ұқсас
келетiн эгоцентрлiк ойлаудың ерекшелiгi - адамның басқа бiреудiң позициясында тұра алмауы.