Лекция топтамасы «5В011400 Тарих»


Лекция№6. Түркі дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі мемлекеттер



бет8/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#98812
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК, ҚМЖ Бернулли формуласы, American journalism, About my dream Тolegenova.B docx (копия), Қaтaң дaуыccыз дыбыстap сессия, Тарих Экзамен жауаптары по билетам
Лекция№6. Түркі дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі мемлекеттер.



Жоспар:

  1. Көне түркі қоғамының әлеуметтік құрылымы және мемелекеттік-құқықтық жүйесі.

  2. Түркеш, қарлық, қарахан, қимақ – қыпшақ мемлекеттерінің құрылымы.

Б. з. д. I - II - б. з. V ғасырларда шығыстан батысқа қарай алғанда, Іледен Талас өзеніне дейін, солтүстіктен оңтүстікке қарай Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейінгі аумақта Үйсін мемлекеті жайлады.


Осы кезеңнен бастап ежелгі түркі тайпалары мекендеген аймақта көшпелі мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы басталды. Түрік қағанаттарында мемлекеттілік одан әрі жетіле түсті. Билік қағанның қолында болды. Түркілік қағандар мемлекетінің басты белгісі болды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді.
Қағандар басқа мемлекеттерге шабуыл жасай отырып, билік құрды. Соғыс арқылы шекараларын кеңейтіп отырды. Бірақ даму барысында мемлекетті билеп отырған тайпадан күштірек тайпалар шығып, соғыс ісін негізгі кәсібіне айналдырған мемлекеттербірін-бірі ауыстырған.
Көшпелі мемлекеттер барлық өркениетті елдердегідей қалыптасқан бұрынғы әлеуметтік құрылымды сақтап қалды.
Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын рөл атқарды. Бірінші кезекте отырықшы жерөңдеуші көршілерімен әскери қақтығыстар кезінде жекелеген тайпалар тайпалар одағына біріккен. Осылайша тайпа ішіндегі байланыстар нығайтылды. Сондай-ақ сыртқы қауыпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі мемлекеттің құрылуына объективті себеп болды. Дегенмен таза отырықшы елдердегі мемлекеттермен салыстырғанда, орталық билік шектеулі еді. Онда әскеридемократияның белгілері: әскери ақсүйектер кеңесі елеулі орынға ие болды. Барлық әскери-саяси басқару жүйесі өмір сүрудің көшпелі түріне қолайлы, көшпелі тұрмыстың ерекшелігіне бейімделген. Сондықтан басқарудың әскери- әкімшілікжүйесі ерекше орын алады.
Ерте ортағасырлық мемлекеттерде дәстүрлі рулық-тайпалық ұйым: патриархатты отбасы — ру — тайпа — ел сақталып калды. Әрбір тайпаның өзінің белгілі аумағы болды. Жайылымдарды пайдалану және көші-қон жолдарын бөлу тайпа басшыларының құзырында болды. Бөліп берген үлестік жер, жайылымдар үшін тайпа көсемі жоғары билеушіге жыл сайын салық телеп тұрды.
Қоғамның қатардағы өкілдері, азат адамдар болды. Әскери-әкімшілік тұрғыдан ерте ортағасырлық мемлекеттер бірнеше үлестік-тайпаларға бөлінді немесе кейбір жағдайда 2 қанаттан (бөліктен) тұрды.
Көшпелі қоғамда тайпалар одағынан мемлекеттік құрылымға ету кезеңінде күшті әскери билік дәстүрі үлкен рөл атқарды.Үлес-тайпа билеушілері әрі әскери қолбасшы, әрі әкімшілік басқарушысы болды. Әскери және әкімшілік биліктердің біріктірілуі олардың билеуші көсемдерінің саяси-экономикалық жағынан нығаюына әкелді. Мәселен, Қарлұқ қағанатындағы үлестік-тайпаның кейбір басшылары орталық билікті мойындамады. Олар қолайлы жағдай туғанда мемлекеттегі жоғары билікті басып алуға ұмтылды. Соның салдарынан билеуші әулетті ауыстыратын күштер олардың өз ортасынан өсіп шықты. Барлық тарихи кезенде Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің бірін-бірі ауыстырып отыруып, бір жағынан, осылай түсіндіруге болады. Екіншіден, мемлекеттік құрылымдардың санғасырлық әлеуметтік-мәдени дәстүрлері қалыптасты. Жоғарыда аталған мемлекеттік этно-саяси бірлестіктер негізінде түркі халықтарының үнемі бірігіп бас қосуға ұмтылғанын анықкөреміз.
Мемлекетті билеуші ақсүйектер тобында қатаң иерархия — қызмет адамдары мен әлеуметтік топтардың төменнен жоғары қарай бір-біріне бағыныштылық жүйесі қалыптасқапын байқаймыз.
Әлеуметтік жағынан ақсүйек тайпалар мен оларға бағынышты тәуелді тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылық әскери міндеткерліктермен алым-салық төлеумен қатар жүрді. Түрік қағанатында билік лауазымы 20-дан астам сатыдан тұрды.
Жоғары билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Хан мұрагеріне оның мөртаңбасы берілді. Бұл мөр таңба — мемлекеттіліктің нышаны болатын. Мұны ерте ортағасырлық мемлекеттердің мәнді белгілерінің бірі деп айтуға болады. VI—XIII ғасырларда Қазақстан аумағындағы ертедегі көшпелі түрік мемлекеттерінде мұрагерлік тікелей жолмен емес, сатылы түрде жүрді. Таққа үміткерлердің арасында жасы үлкендерінің артықшылығы көбірек.
Егер билеуші қайтыс болса, таққа бірінші тікелей оның баласы емес, жасы үлкен інісі отыра алатын. Ал кейін XIV—XV ғасырлардағы Қазақстандағы ортағасырлық мемлекеттерде бұрынғы "сатылы жүйемен" қатар хан билігіне тікелей баласы мұрагер болу дәстүрі пайда болды.
Көшпелілерде билеушінің бас ордасы — мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы. Өз кезегінде әр үлес билеушілерінің де қаған сияқты өз сарайлары, тұрақты ордалары бар. Әдетте, ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттен болды. Олар жоғары билеушінің туған-туыстарынан тұрды. Жоғары басшы ішкі тәртіп пен шекараларды қорғауды, сот үкімдерінің және әдеттегі құқық нормаларының орындалуын қадағалады. Мемлекеттің бүкіл аумағы формальды түрде билеуші әулеттіңменшігі болып есептелді. Мемлекеттік жерге қожалық ету құқығы тек жоғары билеушіде ғана еді.
Мемлекетке бағыныштылық әрқашан да алым-салық төлеуден көрінеді. Мемлекет өз қазынасын жергілікті халықтардан, сондай-ақ қол астындағы бағынышты аймақ халықтарының алынатын салық есебінен толтырып отырды. Қазақстан аумағындағы халықтар көшпелі мал шаруашылығымен қатар отырықшы жер шаруашылығымен, саудамен, қолөнерменайналысқаны белгілі.
Отырықшы қоныстардағылар көбінесе кедейленген, малы жоқ көшпелілер еді. Отырықшылыққа көшу үдерісі де малға деген мүлік теңсіздігімен тікелей байланысты. Малынан айырылған көшпелілер отырықшылыққа көшуге мәжбүрленді. Сондықтан екі түрлі аймақтан алынатын салық та әр түрлі. Көшпелі және отырықшы халықтар үстем тайпаға мал және аң терісі, заттай алым түрінде салық, төледі. Мың адамға дейін жететін салық жинайтын арнаулы атты әскерлері болды. Тағы да осы жерде айта кететін жайт, — бұл ертедегі мемлекеттік бірлестіктердің экономикалық негізі екі түрлі қоғамның ұштасуынан пайда болды:

  1. мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғам;

  2. отырықшы-егіншілік қоғам. Бұл екі дәстүрді асқан іскерлікпен біріктірген Қарахан мемлекеті.

Қазақстан аумағындағы түркі тілдес халықтар мемлекеттілігінің әлеуметтік-экономикалық және саяси билік деңгейіне, белгілеріне төмендегідей сипаттама беруге болады. Көшпелі және жартылай көшпелі аймақтарда:

  1. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйесі болды.

  2. Дәстүрлі рулық-тайпалық ұйымдар сақталып қалды (патриархаттық отбасы — ру — тайпа — ел — мемлекет).

  3. Билік жүргізуші ақсүйек топтарының қатаң иерархиясы қалыптасты (Рубасы — тайпа көсемі — елбасы — үлес билеушісі — мемлекет басшысы).

  4. Билік мұралық жолмен беріліп отырды. "Сатылы" және "тікелей мұрагерлік" қағидасы қолданылды.

  5. Мәдени-әлеуметтік дамудың жоғары көрсеткіші — әлемдік діндердің таралуы, ортақ тіл мен жазу пайда болды.

  6. Әр түрлі шаруашылық-мәдени үлгілердің бірігуі байқалды: а) көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болуы жағдайында; ә) жартылай отырықшы егін шаруашылығының қолөнермен ұштастырылған түрінің қатар өмір сүруі.

  7. Әкімшілік, сауда, қоленер, мәдениет орталығы ретінде қалалар дамыды.

  8. Қазақ мемлекеттігінің тұп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.

Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жеке меншіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерғе бәлінді. Сейтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.
Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз.
Жетісудағы сақ дәуірінің обалары біршама жақсы зерттелген. Биіктігі 18—20 метрге дейін жететін патша обалары ағаштан салынған. Мұндай сақ пирамидаларының ішіндегі зәулімі — Үлкен Бесиштыр қорымы (Іле өзені маңы).
Орасан зор Бесшатыр патшалық обасының салынуы қоғамда әлеуметтік жіктелудің болғандығын көрсетеді. Жекелеген адамдардың әлеуметтік артықшылығын білдіреді. Ал әлеуметтік теңсіздіктің болуы мемлекеттіліктің алғашкы баспалдақтарының біріне жатады.
Алғашкы кездегі сақ қоғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери-демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды. Байлық — ендігі жерде — соғыс, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған. Бұл бара-бара мүлік теңсіздігіне әкеліп соқты, бара-бара қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.
Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтар мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді.
Антикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді езінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпалық ақсүйектер болатын.
Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық- әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.
Алтайдағы, Шілікті жазығындағы, Жетісудың Бесшатыр, Есік алқабындағы сақтардың "патша қорғандары" осы патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары.
Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстық қағидасіл болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш белікке бөлініп басқарылған.
Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазбалар деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше қалпақ киюі.
Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары. Патша маңайындағы нөкер әскердің де қоғамдық байлықтан алатын үлесі мол болған.
Мемлекеттін келесі бір әлеуметтік тобын дінбасылар, сәуегейлер, бақсылар, ем-домшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, ғылым-білім әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсым өнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтарының рөлін аткарған. Сондықтан діни адамдар мен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған.
Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ — қауымның еркін мүшелері. Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өз шаруашылығымен айналысты да, ал жаулап алушылық немесе ел корғау соғысы кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар, найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгер болғандығын көрсетеді.
Сақ-скиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедей-кепшіктер де болды. Олар қоғамның баскалардан тәуелді бөлігін құрады.
Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, құлдар басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы, көшпелі елді мекендегі құлдық мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бүгінгі ғылыми тұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдық отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көшпелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі — үй-ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үй-ішілік жұмыстар атқарған.
Сонымен, сақ қоғамы — патшасы, нөкер-жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтары, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық.
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ, Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күштібәсекелесі, жауы" деп есептеген.
Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндарбасында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды.
Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған.
Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодундеп атайды) болды.
Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ. Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды.
Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектерібасқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар.
Мөде тәңірқұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау қағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды.
Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люань ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды.
Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс және Батыс бөліктерін басқаратын кіші хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесіартығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскер-басылары, мал-жанның есебін жүргізушілер, тәртіпсақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді.
Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды.
Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді.
Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Кешпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғұндар дәуірінде қалыптасты.Құрылтай жиналысы дүниеге келді.
Ғұндардың әзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізш, мөр басу рәсімі қалыптасты.
Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.
Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді,елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады.
Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байкалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді.
Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік- экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды.
Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық құрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін қоғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік,жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді.
Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншікқатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегіөндірістің негізгі тірегіне айналған жок, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялықдеректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың колында байлыктың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген.
Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үймалдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылна- машылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.
Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым кіші күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейінгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруга (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың ұлы бегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды.
Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет