Тақырыбы: "Көктем аруы" қыздар арасында байқау. Мақсаты



Дата16.02.2018
өлшемі53,84 Kb.
#37719
Тақырыбы: "Көктем аруы" қыздар арасында байқау.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!

Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Аманова Гүлжан апайға сөз берейік.

Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)

Жүргізуші:

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

1 «А»- Сисенбай Жанерке

1 «Ә»- Әлке Айзада

1 «Б»-Тойқұл Жазира

1 «В»- Айтбай Жансезім


  1. Аманмұрат Динара

1 «Г»- Бексары Гауhартас

1 «Д»- Көшербай Нұрай

1 «Е»- Дүйсенова Дидар

1 «Ж»- Қожантай Жансая

1 «З»- Жолдыбай Аружан

Жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. (5 мин)

2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).

3 - шарт. «Сән үлгісі», яғни көктем мезгіліне байланысты киім үлгісін киеді.

4 - шарт. «Сұрақ- жауап»

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!

Жүргізуші:

Ақ арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға,

Қорықпастан сахнаға келіп жетті.

Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.

Ендеше І тур таныстыру.

2 тур: Өз өнерін көрсету

Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

1 «А»- Сисенбай Жанерке Құттықтаймын мама туған күніңмен!

1 «Ә»- Әлке Айзада Ақ дидарлы анашым

1 «Б»-Тойқұл Жазира Қазақ биі

1 «В»- Айтбай Жансезім ән

Аманмұрат Динара Би Қаражорға

1 «Г»- Бексары Гауhартас Im girl

1 «Д»- Көшербай Нұрай Корей ұлтының көктем биі

1 «Е»- Дүйсенова Дидар орыс биі

1 «Ж»- Қожантай Жансая Қазақ биі

1 «З»- Жолдыбай Аружан Поэзия

3 тур: Cән үлгісі

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарарсын деп,- келесі сайысымыз сән үлгісі.

4-тур: «Сұрақ - жауап»

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай қойылады.

1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)

2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

3. Неше мезгіл бар?. (көктем, күз, жаз, қыс)

4. Көктем мезгілінде қандай мереке болады? (21-наурыз, аналар мерекесі, жеңіс күні)

5. Көктем айларын ата? (наурыз, сәуір, мамыр)

6. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)

7. Көктемде ең алғаш шығатын гүл қалай аталады? (бәйшешек)

8. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? ( қазы қарта, қуырдақ, қазақша ет, жал жая, шұжық.)

9. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? (Қой, сиыр, ешкі, жылқы, түйе)

10. Көктемде ең алғаш шығатын гүл (Бәйшешек)

11. «Наурыз» сөзінде неше дыбыс, неше буын, және қалай айтылып тұр? (Жеті дыбыс, екі буын, жіңішке айтылып тұр)

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!

Ал, көрермен, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.

1. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)

2. Екі семсер айқасқан,

Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)

3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)

4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)

5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)



6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет