Рахиттің жіктелуі
Процестің
ауырлығы
|
Ауру кезеңі
|
Ағым сипаты
|
І дәреже - жеңіл
|
Бастапқы
|
Қатты (жедел)
|
ІІ дәреже - орташа
|
өршу кезі
|
баяулау
|
ІІІ дәреже - ауыр
|
Айығу қалдық көріністер
|
рецидивті
|
Клиникасы. Ауырлығына қарай 3 дәрежеге бөлінеді.
І дәреже (жеңіл) 2 – 3 айлық балада үлкен еңбегінің мөлшері үлкейіп, шеттері жұмсарады. Желке сүйегінің жұмсаруы, «Каранио табес», шүйдесі тегістеліп, басының пішіні өзгереді. Балада тершеңдік байқалады. Сәби жастыққа басын шайқап, үйкелей беретіндіктен желке шаштың түсуі, мазасыздық шошу сияқты өзгерістер байқалады. ІІ дәреже (орташа)– сүйек жүйесіндегі өзгерістермен сипатталады. Төбе мен маңдайдың дөнестігі, 5 – 8 қабырғаларда рахиттік «таспих», «білезік», саусақ фалангаларында «інжу жіптер» белгілері пайда болады. Ол қабырға шеміршектерінің түйінделуі қабырғалар жұмсақ, иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеудесінің төменгі апертурасы ұлғаяды. Көк еттің бекіттілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Оны «гаррисонов сайы» деп атайды. Тістердің шығу мерзімі мен реті бұзылады. ІІІ дәреже (ауыр). Сүйектегі өзгерістер айқын көрінеді. Бас сүйік деформациясы байқалады. Сәбидің басы төртбұрыш тәрізденеді. «Олимпиялық маңдай», кеуде клеткасы алдына қарай шығып «құс төс» немесе ішіне қарай түсіп «етікші төсі» белгілері пайда болады. Омыртқалар доғаланып иіліп мешелдік, бүкірлік қисаюлар пайда болады. Түтікше сүйектердің қисаюынан аяқатары «О» немесе «Х» тәрізді қисаяды. 1-2 дәрежесінде бұлшық ет тонусы төмендейді, сәбидің іші үлкейеді «бақа іш», отыруы, тұруы, жүруі кешігеді. Бауыр, талағы ұлғаяды, ішкі ағзалардың функциясы бұзылады. Анемия болады. Пневманияға биімділік туғызады. Айығу кезеңі – нерв жүйесінің зақымдалу белгілері жойылады. Сәбидің сүйегі қатайып тістері шығады. Тұру және жүру қалпына келеді. Қалдық өзгерістер кезеңі – рахит процесі аяқталып, бас сүйегі кеуде бұзылыстарының бұлшық ет гипотониясы. Мүлдем жойылуы, кейбіреулері із қалдыруы мүмкін. Лабораторлы диагностика. Қанның сары суында кальций мен фосфордың төмендеуі. Емі: Әдейленген және әдейленбеген шаралардан тұрады. Әдейленбеген: құрамында кальций бар тағамды беру, таза ауада серуендету, дұрыс күтім жасау, қосымша тамақты уақтылы енгізу. Әдейленген: Д витамин тағайындалады. Оның курсттық және күнделіктің дозасы рахит. Д витаминның үш түрі бар: майлы, спиртті, сулы. Майлы витамин 1 тамшы-700 ХБ. Спиртті ертінді 1 тамшы 5000 Х.Б. Су ертіндісі 1 тамшы 500 ХБ Қазір Д3 сулы ертінді пайдаланады, себеі ол ас қорыту жолдарында жақсы сіңеді. Тамақпен немесе анасының сүтімен қосып беріледі.
Тәуілігіне 2500 – 5000 ЕД 30 – 40 күн бойы
І дәрежеде тәулігіне 2000 ХБ. 1 ай бойы
ІІ дәрежеде тәулігіне 2000 – 3000 ХБ – 1 ай жарым
ІІІ дәрежеде тәулігіне - 4000 ХБ 2 ай бойы беріледі.
Курстың дозасы – 150 000 – 200 000 – 400 000 ЕД витамин Д мен қатар кальций фосфор, глюканат кальций препараттарын цитрат қоспасын витамин Б С тобы, қылқан жапырақты тұзды ванналар. Емдік курсын аяқтаған соң профилактикалық дозада жалғастырылады. Емделгеннен кейін 1 ай жарымнан соң ультракүлгін сәулесі.
Достарыңызбен бөлісу: |