Презентация тақырып: "Қарасаң" ауруы орындағАН: КӨлбаев б Группа: ап 19 8K2



Дата12.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#99756
түріПрезентация
Байланысты:
КАРАСАН

ҚАЗАҚСТАН РЕСРУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

ТАҚЫРЫП: “ҚАРАСАҢ” АУРУЫ

ОРЫНДАҒАН: КӨЛБАЕВ .б

ГРУППА: АП 19 8K2

ЖЕТЕКШІСІ: ЖАҢБЫРБАЕВ М.

ЖОСПАР: 1. ҚАРАСАН АУРУЫ; 2. ҚАРАСАН АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ; 3. ҚАРАСАН АУРУЫН АЛДЫН АЛУ.

Қарасан - (Jangraena emphysematosa, эмкар) - iрi қараның жұқпалы ауруы (негiзiнен 3 жасқа дейiн ауырады), кейде қойда да кездеседi. Дененің әр түрлі бөлігіндегі бұлшық еттерiнде қолмен басқанда сықырлайтын iсiк пайда болады. Қоздырушысы - Clostridium chauvоei, оттегiсiз ортада өсетiн, түзу немесе аздап иiлген, ұзындығы 2-8 мкм қозғалатын таяқша. Өлексе мен сыртқы ортада спора түзедi. Грам әдiсiмен боялады. Оның споралы түрi сырттағы табиғи құбылыстардың әсерiне өте төзiмдi келедi. Мәселен, кепкен ет iшiндегi спора сол еттi екi сағат қайнатқаннан кейiн өледi, 80С ыстықтықта 2 сағат, 100С-20 мин кейiн өледi. Күн сәулесi оны 24 сағат, формальдегидтiң 4  ерiтiндiсi 15 мин. iшiнде өлтiредi. Кепкен материал iшiнде спора 9-18 жыл тiршiлiгiн сақтайды. Сояр алдындағы диагностика. Газ көпiршiктерiнiң жиналуына орай сан, иық, мойын немесе жон еттерi күмпиiп iседi, сипап басқан кезде сықырлаған дыбыс шығады. Тiлi мен көкеті (диафрагма) зақымданған кезде - демалысы қиындап, аузынан шұбырып сiлекей ағады. Қызуы 40-41С дейiн көтерiледi. Зақымданған бұлшық еттердiң тұсындағы терiсiнiң үстiңгi жағы қарайып кетедi. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Зақымданған бұлшық еттердi тiлгенде iшiнен көпiршiген, ашыған май иiстi, газды сұйық шығады. Лимфа түйiндерi ұлғайған, ұлпасына қан құйылған. Тiлi, жұтқыншақ, көмекей iсiңкi келедi.

Қарасанмен ауырған ірі қара

Қарасанмен ауырған ірі қара

Қоздырушысы — «клостридиум хаввое» деп аталатын түзу немесе сәл имектеу, екі басы майысыңқы таяқша тәрізді микробтар. Олар спора (кеуіп түйіршектену) түзеді. Түйіршектері өте төзімді келеді, топырақта бірнеше жыл, қида, бұлшық еттер шіріндісінде 6 айға дейін күшін сақтайды. Тура түскен күн сәулесінен 24 сағатта күшін жоюды. Екі сағат қайнағанда залалсызданады. Ең тиімді залалсыздандыру ерітіндісі 4 пайыздық формальдегид. Негізінен бұл аурумен 4 жасқа дейінгі ірі қара мал ауырады. Сирек те болса қой-ешкі, бұғылар да ауырады.  Аурудың таралу көздері ауру малдар және микроб спораларымен залалданған топырақ, шөп, жайылым, ақпайтын батпақты су көздері (көл, тоған т.б.) болып саналады. ауру алиментарлық жолмен (жем-шөп, су ішу, жайылу кезінде) жұғады. Бұған ауыз қуысы кілегейлі қабатының зақымдануы, ас қорыту жүйесіндегі қабыну ағымдары ықпал етеді.


Қарасанның қоздырушысы және клиникалық белгісі

 Қан күңгiрт-қызыл түстi, ұйыған. Жүрек бұлшық еттерi божыраған, көк бауыры мен бауыры, бүйректерi ұлғайған. Кейде ағзалардың зақымданған жерлерi iштерiне газ жиналып некроз ошақтары пайда болады. Тоқ iшек пен аш iшектiң кiлегейлi қабықтары қабынады. Ауруға ажыратып басқа ауруларға (топалаң мен уытты iсiк) ұқсастығын ескеру керек. Бiрақ, топалаңда мал талағы шектен тыс үлкейiп, ұлпасы күштi былжырайды, газ көпiршiктерi болмайды. Ал, уытты iсiкте аурудың қоздырушысы сыртқы жара арқылы денесiне енiп, терi асты қабаты мен бұлшық ет арасындағы дәнекер ұлпасын қатты iсiредi. Нақты диагноз бактериологиялық тексеру арқылы қойылады.

Қарасанның алдын алу шаралары

Қарасанның алдын алу мақсатында мынандай шаралар жүргізіледі:

1) мал орындарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;

2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;

3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;

4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тиым салу;

5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау.

Ірі қара мал мен қойдың қарасанына қарсы вакцина

Қолданылуы

Вакцина қарасаннан таза емес шаруашылықтарда аурудың алдын алу үшін ірі қара мал мен қойларды иммундеуге арналған.

Сипаттамасы

Вакцина формалинмен өлтіріп алюминий гидра тотығымен тұндырылған қарасан қоздырғышының қойылтылған етіндісіні. Вакцина түбінде борпылдақ тұнба түзетін, сілкілегенде оңай бұзылатын біркелкі сұйық зат. Препараттық тұнбадан жоғары бөлігі сары түсті, ал тұнба ақшыл – cарғыш түсті келеді.

Иммунитеттің ұзақтылығы

Иммунитеттің ұзақтылығы вакцина егілген күннен бастап 9-12 айға дейін созылады.

Қолдану тәсілі және дозасы

Жануарларды 3 айлығынан бастап 4 жасқа дейін салмағы мен қондылығына қарамай

1 рет 2 см² мөлшерінде иммундейді.

Сақтау шарты

Жарықтан таса жерде +2 +8°С аралығында сақтайды. Тоңазытуға болмайды. Аталған шарт орындалған жағдайда вакцинаның сақталу мерзімі 12 ай.

Биологиялық қауіпсіздігі

Препаратпен жұмыс жасағанда арнаулы сақтандыру шаралары жүргізілмейді. Вакцина шыны 100 см³ мөлшерде шығарылады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет