14 тарау. Балалардағы бүйрекпен зәр шығару жолдарының аурулары.
14.1. тақырып. Жедел және созылмалы гломерулонефриттер.
14.2 тақырып. Зәр шығару жүйесінің инфекциясымен және пиелонефриттер.
Пиелонефрит
Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық тканнің қабынуы. Бұл бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.
Этиология. 60-80% жағдайда ішек таяқшылар, сирегірек болса да стрептококк, стафилококк, протей маңыз атқарады, жекелеген жағдайда ауруды аралас микрофлора туғызады.
Ауру үш жолмен гемотогендік, лимфогендік, несеп жолының төменгі бөлімдерді шығатын жолдармен туу мүмкін. Бұған несеп жолдарының тарылуы мен бұзылуы, иілуі, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа себептер жәрдемші болады.
Пиелонефритке тән синдромдар: лейкоцитурия, бактерурия, және бүйрек өзекшілерінің функциональдық қабілетінің нашарлауы.
Пиелонефрит біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік пиелонефрит жалпылама ұғым. Бүйректің зақымдану себебі беймәлім.
Екіншілік пиелонефрит обуструкциялық және туа біткен тубулопатия (бүйрек өзекшелерінің тұқым қуалағыштық зақымдануы), себепші болатын пиелонефритке бөлінеді.
Өту сипаты бойынша жедел, толқын тәрізді және латентті пиелонефрит болып бөлінеді.
Клиника. Жедел пиелонефрит кенеттен басталуымен, несеп шығуының бұзылуымен және несептің өзгеруімен сипатталады. Несеп кейде көзге қою көрінеді. Белок саны қалпында немесе аздап көбірек. Несеп тұнбасында лейкоциттер, бактериялар көп болады, бірлі жарым эритроциттер кездеседі.
Толқын тәрізді пиелонефрит қайталанбалы ауру кезінде науқастың қалі ұзақ уақыт бойы қанағаттанарлық болып қалуы мүмкін. Тек асқыну кезінде ғана дене қызуы көтеріліп, қалі нашарлайды, белі ауырады. Несеп тұнбасынан лейкоциттер емдәуір мөлшерде табылады.
Латентті ауру жағдайында пиелонефрит клиникалық белгілер айқын байқалмайды, көбінесе бірқатар жылдар бойы анықталмай қалады. Анамнезінде әдетте шаршағандық, тәбетінің болмау, ішінің ауыруы, кейде субфебрильді дене қызу көтерілуі белгілері болады. Несептің анализі өзгерген және ішінің ауруы этиологиясы беймәлім себеппен қайталана беретін балалардың бәрі стационар жағдайында ренгеноурологиялық және функционалдық диагностикалық тексеруден өткізілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |