Гельминттер-дегеніміз адам және жануарлар денесінде өмір сүретін құрттар. Бұл құрттардың шығаратын ауруын гельминтоздар дейді. Гельминттер өзінен улы заттар бөлу арқылы адамды әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыртады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасу процессін бүлдіреді, организімде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін.
Аскаридоз-жұмыр, ұзындықтарды 25-30см болатын ақ құрттармен тудырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен шығады да баланың аузына лас қол, су, жуылмаған жеміс-жидектер, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қаннан жүрекке өкпеге жетіп ішеке түсіп өсіп жетіледі.
Клиникасы: даму циклына қарай аурудың 2 фазасы бар: ерте (миграциондық) және кеш (ішектік). Мигарация фазасында (личинкалар қанға борған кезде) теріде аллергиялық бөрітпе, жөтел, кеуденің ауруы бала өзін әлсіз сезініп, кейде субфибрильді температура болуы мүмкін. Ішектік фазасында (құрт ішекте болған кезігнде) ешқандай симптомсыз болуы мүмкін немесе баланың жалпы жағдайы бұзылып, жүрегі айнып, іші ауырып, тәбеті төмендеп, шаршағыш болады, түнде түсінде тісін қайрау, салмағы кемиді.
Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12мм ішек құрты острицалармен шақырлады. Острициалар тоқ ішекті өмір сүреді, самкалар түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады, 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкен кезде бала өзіне-өзі қайтадан жұқтырады-аутоинвазия.
Клиникасы: баланың іші ауырады, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, құйрығы қышиды, мазасызданады.
Диагностикасы: Үлкен дәретті гельминттердің жұмыртқасы анықтау үшін анализге жібереді және анустың айналасындағы қатпарлардан қырынды анализге жібереді.
Емдеу және күтім:
1.Баланың тырнақтарын қысқа етіп алып тастау керек, қолын сабынмен жуу, іш киімін және төсегін жиі ауыстырып, жуып және үтікпен үтіктеу керек.
2.Ауырған баланың семьясының барлық мүшелерін тексеріп, анализдерінде гельмент жұмыртқалары табылған адамдарды емдеу керек.
3. Гельменттерді өлтіретін дәрілерді беру – пиперазин, пирантел, декарис, вермокс – баланың жасына сәйкес дозаларда.
Алдын-алу:1.Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау. Тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, бала-бақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері қызметкерлерін уақыты гельментоздарға тексеріп тұру. Балаларды коллективке жіберерде және жылына 2 мезгіл гельментоздарға тексеру, ауру балалар табылған кезде емдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |