Концентраторлар Қазiргi уақытта желiнiң стандартты компонентерiнiң бiрi - концентраторлар. "Жұлдызша" топологиялы желiде, ол ол орталық түйiн болып саналады. Концентраторлар активтi және пассивтi болып бөлiнедi.
Активтi концентарторлар - қайталағыш сияқты сигналды түрледiрiп жiберiп отырады. Оларды көбiне көппортты қайталағыштар деп атайды. Көппортты қайталағыштар 8 - ден 24 ке дейiн компьютер жалғанатын порт болады. Активтi концентратор мiндеттi түрде электр желiсiне қосылады.
Пассивтi концентраторлар - сигналды коммутация түйiнi сияқты жiбередi, яғни ол күшейтiлмейдi және жаңартылмайды. Пассивтi концентраторларды электр желiсiне қоспайды.
Гибридтi концентраторлар - бұл концентраторларға әртүрлi типтегi кабельдердi жалғауға болады. Мұндай концентраторларда жасалған желiлерге жаңадан концентраторлар жалғау арқылыкеңейтуге болады.
Концентарторлардың артықшылығы:
-Концентраторларға жалғанған кабельдiң үзiлуi, тек сол сегменттiң жұмысын бұзады.
-Желiнiң конфигурациясын өзгерту және оны кеңейту өте оңай, оған жаңадан компьютер немесе концентратор жағаса жеткiлiктi.
-Әртүрлi типтегi кабельдердi қосу үшiн әртүрлi порттардың қолданылуы қажет - желi және желiлiк грификтiң жұмысын бақыладуың орталықтандырылуы; көптеген активтi концентраторлар жұмыс iсетемейтiн жалғауларды табатын диагностикалық мүмкiндiктермен жабдықталған.
Аралас желiлер Қазiргi кезде желiнi ықшамдау кезiнде шина, жұлдызша және сақина қасиеттерiмен сәйкес келетiн аралас топология қолданылады.