2.Келешек жоспарда қаралатын мәселелер.
Жоспарлау жүйесін жасай отырып, әрбір кәсіпорын келесідей тұғырманы анықтауы қажет: 1) жоспарлауды ұйымдастыру мақсаты; 2) жоспарлаудың уақытша мүмкіншілігі; 3) жоспарлы құжаттардың қажетті түрлерін жасау; 4) жоспарлау әдістемесін таңдау; 5) жоспарлау технологиясын анықтау. Жоспарлау мақсаты жоспарлаудың негізгі міндеттеріне, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің ерекшелігіне байланысты болады. Мақсатты қою жоспарлау мүмкіншілігін таңдауға тәуелді. Кәсіпорынның уақытша таңдап алған мүмкіншілігіне байланысты стратегиялық мақсаттар анықталады немесе таңдап алынған даму стратегиясына сәйкес оларды бөлшектейді. Кәсіпорындағы жоспарлау әдістері – бұл жоспарлы көрсеткіштері есептеуді және анықтаудың нақты тәсілдері мен әдістері. Кәсіпорында қолданылатын жоспарлаудың келесідей әдістерін бөліп көрсетуге болады:
-нормативті әдіс (бекітілген мөлшерлер мен нормативтер негізінде кәсіпорынның материал, қаржы, еңбек ресурстарына қажеттіліктер есептеледі, сондай-ақ осы қажеттілікті жабу көздері анықталады);
- есептеу-талдамалық әдісі (базалық көрсеткіштің сандық мәні мен жоспарлы кезеңдегі оның өзгеру индексін талдау негізінде, көрсеткіштің жоспарлы мәні анықталады; бұл әдіс көрсеткіштер арасындағы тікелей емес, жанама өзара байланыс болғанда қолданылады);
- теңдестіктік әдіс (материалды, еңбек, қаржы теңдестіктерін құру кезінде бар ресурстар мен оған деген нақты қажеттіліктің байланысына қол жеткізіледі);
- жоспарлы шешімдерді тиімді ету әдістері (дамудың бірнеше нұсқасын жасау және оның ішінен неғұрлым тиімдісін таңдау);
- экономика-математикалық үлгілеу (экономика-математикалық әдістерді пайдалану және корреляциялық байланыстар мен тәуелділіктер негізінде үлгілер құру). Кәсіпорында жоспарлау өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады. Олар ұйымдастырушылқ түрлерінің әр түрлілігімен ерешеленеді.
Басқару жүйесінің үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады:
1)орталықтанған;
2) орталықсыздандырылған;
3) аралас, екі жүйенің де элементтері бар.
Басқару жүйесі орталықтанған ірі кәсіпорындарда (корпорацияларда) өндірісті басқару және жоспарлау функциялары да орталықтанған болады. Жоғары жетекшілікте жоспарлаудың орталықтанған қызметі болады. Бұл қызмет тікелей бас директорға (президентке) немесе бас директордың орынбасарына (вице президентке) бағынады және болашақтағы және ағымдағы жоспарларды жасаумен айналысады. Осылайша жоспарлаудың орталықтанған жүйесінде өзара байланысты кәсіпорынның жұмысын үйлестіру жеңіл және ішкі кәсіпорындық зауыт аралық жеткізулерді байланыстыруға болады. Бірақ орталықталынған жоспарлау шегі өзара байланысты кәсіпорындардың бір кешенімен шектеледі. Компания қызметінің көлемін кеңейтумен, әртараптандыру үдерісін күшейтумен ішкі кәсіпорындық басқарудың орталықтанбаған жүйесін қолдану қажеттілігі пайда болады.
Жоспарлаудың орталықтанбаған жүйесінде компанияның бас директорға тікелей (президентке) бағынатын басқа бөлімдермен қатар жоспарлаудың орталық бөлімі болады. Сондай-ақ өндірістік топтар мен бөлімдердің (әр топта немесе бөлімде) жоспарлау бөлімдері болады. Ірі кәсіпорындарда болашақты жоспарлауды орталықтандыру өндірістік мүмкіндіктерді неғұрлым толық ескере отырып, ағымдағы жоспарды құру кезінде, кәсіпорындағы және бөлімдегі ынтаны арттыруға алып келетін орталықтанбаған ағымдағы жоспарлаумен үйлесуі қажет.
Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Жоспарлау – бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі отандық экономикаға қарағанда, неғұрлым жоспарлы болып табылады. АҚШ –тың жай фермері ауылшаруашылық кезеңге ауыл шаруашылық өнімдеріне жыл басындағы қалыптасқан биржалық бағаға, тасымалдық қызмет бағасына, ауа-райы жағдайына байланысты әрекет ету жоспарын жасайды (қандай сортты егу, қандай көлемде, қанша, кімге қандай өнімді сату туралы).
Нарықтық экономика жағдайында айрықша ерекшелігі болып бірінші кезекте жоспарлау субъектісі өзгереді: жоспарды меншік иесі немесе жалданған кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне жауап беретін, оған өкілді қызметкер жоспарды қабылдап, бекітеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпорында жоспарлаудың орталықтанған басқару жүйесі жағдайында қалыптасқан баға қажет. Бұл мәнін әлі жоғалтпаған нарықтық экономика жағдайында базаны анықтау үшін қажет (мысалы, жоспарлаудың бағдарламалық мақсатты әдістері, оның ішінде ғылыми техникалық серпілістік және өндірісті техникалық қайта жабдықтау бағдарламалары, оралымды-өндірістік жоспарлау, өндіріс факторлары бойынша жоспарлау және т.б.). Сонымен қатар нарық жағдайында кәсіпорында жоспарлау қызметін қайта құру, жүйелік кемшіліктерін еңсеру үшін де керек.
Нарықтық жағдай кәсіпорындағы жоспарлаудың белгілі бір мақсатты бағыты мен сипаты болуын талап етеді. Дер кезінде кәсіпорынға ықпал ететін сыртқы факторларын (бәсекелестердің, өткізу нарығының, тұтынушылардың және т.б) ескеру, алдағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, экологиялық, саяси және басқа да өзгерістердің ықпалын анықтауға ұмтылу керек. Мемлекеттік органдардың бұрынғы функциялары кәсіпорынға тікелей өтеді: кәсіпорын деңгейінде өз бетінше дамудың ұақмерзімді стратегиясын жасау қажеттілігі туындайды. Осыдан зауыттық жоспарлаудың қағидалары мен түрлері өзгереді. Ағымдағы (жылдық ) жоспарлаудың шеңбері санаулы болады, бұл болашағы бар жоспарлаудың қажеттігін меңзейді. Болашақ жоспары стратегиялық мақсатты көрсететін ағымдағы жоспарлау үшін басты бағыт болады және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі қызметі болып табылады. Өз кезегінде ағымдағы қызметтің жылдық нәтижесі шаруашылық жағдайлардың өзгерісін ескере отырып, болашақ жоспарды кезінде түзету үшін пайдаланылады. Басқаша айтқанда өзгермелі жоспарлау қағидасы қолданылады.
Жоспарлауды басқару функциясы ретінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда олардың және әрбір бөлімшесінің мақсатын белгілі бір кезеңге нақтылауда, міндетті қоюда және оған жету жолдарын таңдауда, қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қажетті еңбек, қаржы, материалды ресурстарды анықтауда жүзеге асырылады. Нақты мақсатқа жетудің бағыты мен тізбектілігін, сонымен қатар технологиялық тізбектің жолын анықтауда кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекетін өзара байланыстыруға бағытталған шаралар кешені жасалады (ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық нұсқауларды өндіріске ендіруге, өткізуге және сервистік қызмет көрсетуге дейін әзірлеу). Бұл үшін нарық жағдаятының болашағын, тұтынушылық сұраныс үрдісін, қолданылатын ресурстардың неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігін білу қажет. Сондай-ақ, жоспарлау маркетингпен және бақылаумен тұрақты үйлесуі қажет. Жоспарлау болашақты және ағымдағы жоспарлаудың өзара байланысты жиынтығы түрінде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |